Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Маңғыстау облысындағы сурдо аудармашылар саны 12 ге жетті Вера Чувакбаева

Маңғыстау облысындағы сурдо аудармашылар саны 12 ге жетті Вера Чувакбаева

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

– Вера Каратайқызы, сурдо-аудармашы қызметін қашан бастадыңыз?

– Мен ұзақ жылдар бойы Маңғыстау облыстық саңыраулар қоғамында ерікті ретінде еңбек еттім. Қолымда құжатым бола тұра, тек үш жылдан кейін ғана сурдо – аудармашы маман ретінде ресми түрде жұмысқа орналастым. Ол кезде менен басқа маман болмады. 2019 жылы «Маңғыстау мүгедек саңыраулар қоғамы “Deaf”» қоғамдық бірлестігін құрып, 2021 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік қызметтер порталы aleumet.egov.kz арқылы жұмыс істей бастадық. Алғашында төрт қызметкер болдық, қазір сурдо-аудармашылар саны 12-ге жетті. Бүгінде 200-ден астам маңғыстаулыққа қызмет көрсетеміз.

– Бүгінгі таңда қандай қызмет түрлерін ұсынасыздар?

– Біз еститін және естімейтін адамдар арасындағы сурдоаударма және делдалдық қызмет көрсетеміз, сондай-ақ білім беру, әлеуметтік бейімделу және түрлі салаларда қарым-қатынас орнатуға қолдау білдіреміз. Қызметімізге кездесулерде, білім беру және медициналық мекемелерде, өзге де қоғамдық орындарда аударма жасау кіреді. Бірде саңырау қала тұрғыны жасаған кісі өлтіру ісі бойынша сот процесіне қатысуға тура келді. Сонымен қатар, жұмысқа орналастырумен де айналысамыз, саңырау жандарға кепіл боламыз. Расын айтсам, оларды жұмысқа алуға көп жер құлықты емес, бірақ түсіністік танытатын кәсіпорындар да бар. Мемлекет жыл сайын есту қабілеті бұзылған әр адамға сурдо - аудармашының 60 сағат тегін көмегін береді (бұл өте аз, ал үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік қызметкер қарастырылмаған). Біздің қызметіміз осы бөлінген сағаттар есебінен төленеді. Ай сайын атқарылған жұмыстар туралы акт тапсырамыз. Аудармашыларға еңбекке жарамсыздық парағы да, еңбек демалысы да қарастырылмаған. Өз ғимаратымыз немесе жалға алынған кеңсеміз болмағандықтан, қызметті онлайн және офлайн түрде, әр жерде көрсетеміз. Соған қарамастан, қамқорлығымыздағы жандар үшін мереке күндері қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, өз қаражатымыз есебінен сыйлықтар табыстаймыз. 2023 жылы Ақтау қаласының әкіміне ғимарат беру туралы өтініш жасаған болатынбыз. Алайда, қалада бос орын жоқ деген жауап алдық. 

– Бұл салаға келуіңізге не әсер етті?

– Мен 1 жасымнан бастап-ақ қол мен саусақ қимылдары арқылы ыммен сөйлеуді меңгеруге мәжбүр болдым. Себебі әкем - саңырау, ал анам – нашар еститін. Олар өзара ыммен тілдесетін. Ал, 5 жасымнан бастап әкем мені өзімен бірге аудармашы ретінде ертіп жүрді. Ата-анамның есту қабілетінің бұзылуы жүре пайда болған. Әкем 4 жасында тұмаудан асқынып, естімей қалған. Ал, анам қызылша ауруынан кейін есту қабілетінен айрылған. Әкемнің ұлты - қазақ, Түрікменстанда тұрған ал, анамның ұлты – орыc, Ресейде туып-өскен. Екеуі де ауылдық жерде тұрған. Мүмкін, сондықтан да олардың ата-аналары балаларын дер кезінде емдете алмаған шығар. Әкем 21 жасында Мары қаласына барып, саңыраулар қоғамында жұмыс істей бастады, сол кезде ғана ымдау тілін үйренді. Анаммен Геленджиктегі шипажайда танысқан. Кейін анам оның шақыруымен Харьковтан Марыға көшіп келді, екеуі 30 жастан асқан кезде үйленіп, тігінші болып оқу-өндірістік кәсіпорында бірге жұмыс істеді. 4 жылдан кейін мен дүниеге келдім, сөйтіп ата-анама, сондай-ақ әкемнің інісі мен оның жарына аудармашы болдым. Ағам да бала кезінде құдыққа құлап, суық тиіп, саңырау болып қалған. Менің тілім ерте шықты, оқуды жақсы оқыдым. 
Маңғыстауға 1996 жылы оралдық. Айта кетейін, менің ата-бабам осы өңірде Шетпе ауылында туып-өскен. Алайда, ашаршылық салдарынан Түрікменстанға көшуге мәжбүр болған. Міне, менің соңғы 30 жылдағы өмірім осы өлкемен тығыз байланысты. Әкем өмірден өтті. Ал, анам 80 жасқа таяп қалды. Мен педагог-психолог мамандығы бойынша жоғары білім алып, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым.

– Өз ғимараттарыңыз жоқ екен. Одан басқа да мүмкіндігі шектеулі жандардың қандай мәселесі бар? 

– Иә, қоғам мүшелеріне іс-шара өткізетін орынның жоқтығы қынжылтады әрине. Оған қоса, үшінші топтағы жалпы аурулар бойынша мүгедектерге қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылмаған. Туа бітті мүгедектігі бар адамдар автобустарда тегін жүре алады, бірақ жеңілдік тек қала ішінде ғана, аудандарға жүрмейді. Сондай-ақ, теміржол билетін 50 пайыз жеңілдікпен алу үшін олар вокзалға өздері баруға мәжбүр. Осы мәселелер облыс әкімдігі жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінде көтерілген болатын. Биыл шешеміз деп уәде берді. Тағы бір түйткілді мәселе - кейбір қазақстандық шипажайлар заңда қарастырылмаса да, саңырау адамдарды сурдо - аудармашысыз қабылдаудан бас тартады.

– Вера Каратайқызы, кадр даярлауда еңбегіңіз зор. Оған қоса, телеарнада да сурдо-аудармашы қызметін атқарып жүрсіз бе? 

– 2023 жылы мен саңырау балаларға арналған мектептің мұғалімдерін оқыттым, келесі екі жылда әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы жұмыссыздарды даярладым, олар сурдоаудармашы мамандығын алды. Соның екеуі біздің қоғамдық бірлестікте жұмыс істейді. Бірнеше жыл қатарынан Ақтаудағы колледждердің бірінде сурдо - аудармашы курстарын жүргіздім. Одан бөлек, 11 жылдан бері Маңғыстау облыстық телеарнасында сурдо - аудармашы болып еңбек етіп келемін. Алғашқы тікелей эфирде қатты қобалжып, сөздерді асқан жылдамдықпен аударғаным есімде. Бірақ, ол көрермендерге ұнаған. Телеарнада қызметі өзіме жақын, нағыз шығармашылық орта ғой. Бала кезімде қуыршақ театрында ойнап, құрбым екеуміз көршілерге шағын концерттер ұйымдастыратын едік. 

– Вера Каратайқызы, сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспін!

Бұған дейін, Маңғыстау облысында 500-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделгенін жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 18:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары