Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Басым міндеттер айқындалды

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

Маңызды міндет, сындарлы ұсыныс

Маңызды міндет, сындарлы ұсыныс

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлыққа ұқыпты қарау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ел қызметінің негізгі қағидаты. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде бірізділікпен жүзеге асырылуда. Біздің осы қағидатты ұстануымыздың жарқын мысалы ретінде экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге қоғамның барлық өкілін, еріктілер мен бизнесті тарту бойынша ауқымды жұмыс болды. Біз табиғатқа ұқыпты қарау және тазалықты сақтау Қазақстанның әрбір азаматы үшін ішкі қажеттілік пен күнделікті өмір нормасына айналғанын қалаймыз», деді Премьер-министр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында елімізде 1 млн-нан астам ағаш егіліп, 4 млн-нан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Республика бойынша 76 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 413 мың тонна қалдық жиналды және шығарылды. Сондай-ақ 115,7 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы бастау алған үш жыл ішінде елді мекендерде 5,6 млн-нан астам ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам көшет егілді.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жыл басынан бері 900 гектардан астам аумақ тазартылып, 3,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылғанын баяндады. Биыл 30 мың ағаш отырғызу ­жоспарланса, көктемгі кезеңде 19 мың көшет пен бұта отырғызылды. Өңірде 2027 жылға дейін қағаз және резеңке қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосу жоспарланып отыр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің баяндамасына сәйкес, өңірде 332 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 3 мыңнан астам экологиялық акция мен сенбілікке 355 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1,2 мыңнан астам арнайы ««техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 380 тонна қоқыс шығарылды. «Түркістан» экобағы ашылды, қуаттау стансаларымен жабдықталған 33 электр автобус пайдалануға берілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылғанын баяндады. Облыста Өскемен қаласындағы «Таза Қазақстан», «Қайыңды тоғай», «Жасыл аймақ» және «Таулы Үлбі» секілді ірі экопарктер құрылып жатыр. Жалпы экологиялық акцияларға 330 мыңнан астам адам және 19 мың ерікті қатысты.

Премьер-министр «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжы­рымдамасы бір реттік экологиялық акция-лар форматынан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясатқа айналғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың тиімділігі өткізілген іс-шаралар санымен емес, елді мекендердің жағдайының, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейінің нақты өзгерістерімен және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығымен бағаланады. Бұған қол жеткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді абаттандыру, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу объектілерін дамытумен байланысты жүйелі жұмыс істеуі қажет», деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын, сондай-ақ белгіленген нысаналы көрсеткіштердің толық ­орындалуын қамтамасыз етуді, «Таза Қазақстан» ­бастамасы аясындағы іс-шараларға ­жастар, волонтерлік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен бизнестің қатысуын кеңейту арқылы бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында қазіргі жағдай және қалдықтарды басқару жөнінде қабылданып жатқан шаралар қаралды. Олардың ішінде қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, энергетикалық тұрғыда кәдеге жарату, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын жаңғырту, сондай-ақ энергия үнемдеу мен экономиканың энергия тиімділігін арттыру салалары бар.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Былтыр коммуналдық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу үлесі 30,7%-ға жетіп, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға, ал өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді 50%-ға жеткізу көзделіп отыр. Өткен жылы анықталған 3 828 заңсыз қоқыс орнының 95%-ы жойылса, биылғы бірінші жартыжылдықта олардың саны 1983-тен 585-ке дейін азайды. Кәдеге жарату төлемі есебінен 374 млрд теңгеге 68 жоба мақұлданып, 12-сі іске қосылды. Сондай-ақ 2 755 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жаңғыртылып жатыр. Ауылдарда жаңа полигондар салуға қойылатын талаптар жеңілдетіліп, олардың құрылысы кәдеге жарату төлемінен қаржыландырылады. Бұдан бөлек, «Экоқолдау» бағдарламасына 94 компания қатысып, 115 мың тоннадан астам қағаз, шыны, пластик пен шинаны қайта өңдеп, 3 млрд теңге көлемінде төлем алды.

Талқылауға «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының ­дирек­торы Бақыт Есекина, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Асхат Сүлейменов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина қатысты. Атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру сапасын, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін цифрлық құралдар мен ЖИ шешімдерін енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұдан басқа, өңірлерге кеңес беру, заманауи технологияларды енгізу, үздік халықаралық тәжірибелерді кеңінен тарату мақсатында «жасыл» жобаларды сүйемелдеу бойынша үйлестіру жұмысын күшейту ұсынылды. Премьер-министр жүргізіліп жатқан жұмыс өмір сүру сапасын арттыруға әрі қолайлы экожүйені қалыптастыруға ықпал ете отырып, тұрғындар үшін жайлы орындарды, жаңа тарту нүктелерін құруға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы маңызды экологиялық міндеттердің бірі ретінде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесіне ерекше назар аударады. Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөнінде тұжырымдама бекітілді, тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа полигондар салу үшін қажетті нормативтік актілер қабылданды, саланы жеңілдікпен кредиттеу тетігі іске асырылуда. Рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Дегенмен шешімдерді қажет ететін бірқатар мәселелер бар», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бір апта ішінде тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңа полигондарын салу тетігін іске асыру жөніндегі қаулы жобасын Үкімет ­аппаратына енгізуді тапсырды. Сондай-ақ өңір әкімдіктеріне рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмысын күшейтуді міндеттеді.

«Әлемнің алдыңғы қатарлы ел­дерінде «Тұйық циклді экономика» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылды, оның негізгі қағидаты – қалдықтардың пайда болуын болдырмау. Мәселен, Швецияда қоқыстың 1%-дан азы полигондарға түседі. Бұл ел тіпті көрші елдерден қалдықтарды импорттайды. Германияда тұрмыстық қалдықтардың 67%-дан астамы айналымға қайтарылады. Тізімді жалғастыруға болады. Қалдықтарды қайта өңдеу – міне бұл біз ұмтылатын меже. Алайда қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобаларды жүзеге асыруды кешіктіріп жатқан фактілер бар. Осыған байланысты, Экология министрлігі бір апта мерзімде қалдықтарды қайта пайдалану саласындағы жобаларға тексеру жүргізсін және оларды іске асыру жөнінде нақты шешімдер енгізсін», деді Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, энергия үнемдеу саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа және саланы дамыту жөніндегі жоспарларға назар ­аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп секторында ірі кәсіпорындармен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде энергия сыйымдылығының 32%-ға төмендегенін баяндады. Оның айтуынша, ірі кәсіпорындар үшін энергия тиімділігі жөнінде жеке мақсатты индикаторлар әзірленген. Шамамен 300 ірі өнеркәсіп нысанында энергетикалық ­аудит жүргізіліп, 113 млрд теңге көлемінде энергия үнемдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде салада айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. Қазір тағы 300-ден астам нысанда осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

«Мемлекет басшысы жақында Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы әлемдік орташа мәндерден 2 есе және ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерінен 3,5 есе жоғары екенін атап өтті. Халықаралық энергетикалық агенттік белгілеген жаһандық үрдіс энергия сыйымдылығының жоспарлы төмендеуі болып қала береді – жаһандық экономика аз ресурстарды пайдалана отырып, көбірек пайда табуды үйренуде. Сондықтан энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында озық тәжірибені белсенді енгізу қажет», деп тапсырма берді Олжас Бектенов.

Отырысқа қатысушылардың назары әлемдік тәжірибеге аударылды. Мәселен, Германия мен Жапонияда металлургиялық және химиялық ­зауыттардан артық жылу атмосфераға шығарылмастан жылу сорғыларымен алынып, жақын маңдағы тұрғын аудандарды жылытуға жіберіледі. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа ғимараттарды салу кезінде аса герметикалық жылу оқшаулау, энергияны үнемдейтін терезелер мен ауаны қалпына келтіру жүйелері қолданылады.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға қарай экономиканың энергия тұтынуы мен энергия сыйымдылығын 15%-ға төмендету міндетін қойды. Өнеркәсіптің барлық субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі өздерінің іс-шаралар жоспарларын бекітуге тиіс. Бір апта мерзімде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының, Астана қаласының әкімдіктері тиісті Жол карталарын бекітуі қажет. Өнеркәсіп министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», деді Премьер-министр.

Өнеркәсіп министрлігіне жауапты органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде тиісті шаралар қабылдау жүктелді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Басым міндеттер айқындалды

02 Шілде 2026 10:49see118

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

02 Шілде 2026 15:25see116

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

02 Шілде 2026 14:08see115

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

02 Шілде 2026 19:33see112

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

02 Шілде 2026 15:22see112

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

02 Шілде 2026 18:53see111

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

02 Шілде 2026 17:32see111

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

02 Шілде 2026 09:18see110

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

02 Шілде 2026 09:22see110

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

03 Шілде 2026 22:05see110

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

02 Шілде 2026 14:09see110

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

02 Шілде 2026 12:03see110

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

02 Шілде 2026 23:32see110

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

02 Шілде 2026 13:43see109

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

02 Шілде 2026 23:11see109

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

02 Шілде 2026 23:33see109

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

03 Шілде 2026 22:30see109

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

02 Шілде 2026 14:44see109

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

03 Шілде 2026 21:21see108

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

02 Шілде 2026 16:08see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары