Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Маркетплейстер арқылы алынған тауарларға қатысты жаңа кедендік талаптар енеді

Маркетплейстер арқылы алынған тауарларға қатысты жаңа кедендік талаптар енеді

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа өзгерістерге сәйкес, шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алып, халықаралық пошта жөнелтілімдері немесе тасымалдаушылар арқылы жеткізілетін тауарлар бұдан былай «жеке пайдалануға арналған тауарлар» деп аталмайды. Олар «электрондық сауда тауарлары» деген жеке санатқа бөлінеді.

— Аталған тауарлардың барлығы міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады. Ол үшін «электрондық сауда тауарларына арналған декларация» деп аталатын жаңа үлгідегі құжат енгізіледі. Алайда сатып алушылар декларацияны өздері толтырмайды және тапсырмайды — бұл рәсімнің барлығын «электрондық сауда операторлары» жүзеге асырады. Яғни бұрынғыдай, жеке тұлға сәлемдемені беру пунктінен өзі алады немесе курьер арқылы жеткізіп алады, — делінген хабарламада.

Негізгі өзгерістер құны бажсыз әкелу шегінен асатын тауарларға қатысты болады. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша, егер тауардың құны 200 еуродан (шамамен 120 мың теңге) асса немесе салмағы 31 келіден жоғары болса, артық бөлігіне 15% мөлшерінде кедендік баж және салық төленеді, не болмаса кемінде 1 килограмына 2 еуро есептеледі.

Түзетулер күшіне енгеннен кейін кедендік баж мөлшерлемесі өзгереді: егер тауардың құны 200 еуродан асса, бүкіл құнының 5%-ы мөлшерінде баж салығы салынады. Сонымен қатар кемінде 1 килограмына 1 еуро төлеу талабы сақталады. Яғни төлем екі көрсеткіштің (құны немесе салмағы бойынша) жоғарысы бойынша есептеледі. Бұған қоса, 16% мөлшерінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.

Ведомствоның мәліметінше, 200 еуро көлеміндегі бажсыз әкелу шегі сақталады, ал салмақ бойынша шектеу алынып тасталады. Осылайша, егер сәлемдеменің құны 200 еуродан аспаса, жеке тұлғалар бұрынғыдай ешқандай төлем жасамайды.

Кедендік рәсімдердің барлығын «электрондық сауда операторлары» атқарады. Олар тауарларды жеткізуге, сақтауға, кедендік декларациялауға және тапсыруға жауапты кәсіби нарық қатысушылары болады.

Электрондық сауда операторларына қатысты кеден заңнамасына жаңа бөлім енгізіледі. Онда операторларды арнайы тізілімге енгізу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ қызметін тоқтату немесе тізілімнен шығару тәртібі айқындалады.

Мемлекет басшысы қол қойған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне енгізілген аталған түзетулермен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады. Өзгерістер ЕАЭО туралы шартқа енгізілген хаттама ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта хаттаманы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығы ратификациялаған, тек Ресей Федерациясы ғана бұл санатқа кірмейді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын электрондық сауда тауарларын әкелудің жаңа шарттары мен ережелері қабылданған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары