Мароккода ел тарихында алғаш рет премьер министр лауазымына әйел адам тағайындалды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Марокко королі Фатима-Захра Мансуриді ел тарихындағы тұңғыш әйел премьер-министр етіп тағайындады. Мансуридің алдында саяси институттарға деген азаматтардың сенімін қайтару, жастар арасындағы жұмыссыздықты және әлеуметтік теңсіздікті азайту сияқты күрделі міндеттер тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Марокко королі VI Мұхаммед оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды.
Бұл шешім парламенттік сайлаудан бір апта өткеннен кейін қабылданды. Марокко ІІМ мәліметінше, сайлауда Мансуридің "Төлтумалық және жаңғыру" партиясы бірінші орын алып, Өкілдер палатасындағы 395 орынның 97-сіне ие болды. Партияның абсолютті көпшілігі жоқ, сондықтан Мансури коалициялық келіссөздер жүргізуі тиіс.
Екінші орынды "Тәуелсіздердің ұлттық бірлестігі" (66 мандат) иеленсе, одан кейінгі орындарда - "Истикляль" (65), "Әділдік және даму партиясы" (54) және "Халықтық қозғалыс" (29) тұр.
Король сарайының хабарлауынша, Мансури Конституцияға сәйкес тағайындалды және оған министрлер кабинетін құру мандаты берілді.
Фатима-Захра Мансури деген кім?Мамандығы заңгер, 1976 жылы Марракеште дүниеге келген, еңбек жолын адвокат болып бастаған. Саясатқа 2008 жылы "Төлтумалық және жаңғыру" партиясы құрылғаннан кейін келді. 2009 жылы Марракештің муниципалды кеңесін басқарды - ол бұл қызметтегі алғашқы әйел атанды, 2021 жылы қайтадан қалалық кеңес басшысы және Өкілдер палатасының депутаты болып сайланды.
2021 жылдың қазан айынан бастап - Азиз Аханнуш кабинетіндегі аумақтық жоспарлау, қала құрылысы және тұрғын үй саясаты министрі. 2024 жылдың ақпанында партияның ұжымдық басшылығына кіріп, оның үйлестірушісі болды.
Мансури өзіне нәтижелерге қарап баға берілгенін қалайтынын, ал партияның елді басқару үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар екенін мәлімдеген болатын.
Үкімет құрылғаннан кейін Мансури премьер-министр лауазымында 2021 жылдың қазан айынан бері коалициялық кабинетті ("Тәуелсіздердің ұлттық бірлестігі", "Төлтумалық және жаңғыру", "Истикляль") басқарып келген Азиз Аханнушты алмастырады. Енді жеңіске жеткен партия жаңа билеуші коалицияны құрады.
Негізгі міндеттер - жастар арасындағы жоғары жұмыссыздық деңгейі, әлеуметтік теңсіздік және мемлекеттік институттарға деген төмен сенім. Сайлауға қатысу көрсеткіші 38%-ды құрады - бұл кейінгі жиырма жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Сайлау науқаны кезінде партия экономиканың орташа жылдық өсімін 5% деңгейіне жеткізуге (2026 жылға арналған ресми болжам 4,4%) және үкіметтің өкілеттік мерзімі ішінде кемінде бір миллион жұмыс орнын ашуға уәде берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін мигранттардың Испанияның Сеута анклавына жаппай өтуіне байланысты дағдарыстан кейін ЕО шекараны күзету үшін Марокконы қаржыландыру көлемін арттыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 08:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















