Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп Day of AI Qazaqstan бағдарламасы енгізіледі

Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп Day of AI Qazaqstan бағдарламасы енгізіледі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі Массачусетс технологиялық институтымен (Massachusetts Institute of Technology, MIT) бірлесіп  Day of AI Qazaqstan  бағдарламасын жалпы орта білім беру жүйесіне енгізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бағдарлама әрбір оқушыға жасанды интеллектінің жұмыс істеу қағидаттары, оның мүмкіндіктері, тәуекелдері және соған байланысты жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар математика, физика, химия, биология, жаратылыстану және информатика сияқты негізгі пәндерді жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып оқытудың жаңа форматтарын қалыптастырады. Бұл оқытудың практикалық бағытын күшейтуге, визуализация мүмкіндіктерін кеңейтуге, есептерді шешу мен жобалық жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бастама ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру негізінде әзірленуде.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең оқушылар мен мұғалімдер арасында жасанды интеллект сауаттылығының негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Оқу мазмұны жасанды интеллектінің базалық ұғымдарын, оны қолдану мысалдарын және этика мәселелерін қамтиды. Педагогтерді даярлау каскадтық модель бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Day of AI командасы мұғалім көшбасшыларды оқытады, олар кейін MIT тарапынан сертификат алып, өз білімдерін әріптестеріне тарата алады. Оқу ресурстарын қазақстандық жағдайға бейімдеу және бағдарламаны кеңінен енгізу мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары мен тартылған сарапшылардан тұратын жергілікті команда құрылды.

Екінші кезеңде барлық сыныптарға арналған жасанды интеллект бойынша толыққанды пәнаралық оқу бағдарламасын әзірлеу және іске қосу жоспарланған. Бағдарлама пәндік бағыттармен интеграцияланады. Жұмыс қазақстандық педагогтер мен MIT RAISE (Responsible AI for Social Empowerment and Education) командасының бірлесуімен жүргізілуде. Бағдарлама пилоттық режимде апробациядан өткізіліп, кері байланыс негізінде жетілдіріледі. Әр оқу жылы үшін бір тоқсанға есептелген жасанды интеллект сауаттылығы бойынша 8-10 сабақтан тұратын оқу модульдері қарастырылған.

Сабақтар ЮНЕСКО мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық жасанды интеллект сауаттылығы шеңберлеріне сәйкес есептеу және цифрлық бағыттағы пәндерге енгізіледі. Курсты оқу процесіне толық енгізу 2028 жылдың тамызына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету кешені әзірленуде. Оның ішінде үлгілік оқу бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерді жаңарту, бағалау құралдарын әзірлеу, білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдар дайындау, педагогтердің біліктілігін арттырудың тұрақты моделін қалыптастыру және білім сапасын мониторингтеу жүйесін енгізу қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары