Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

Digital Qazaqstan: Технологиялық дербестік пен цифрлық өрлеу жолы

Digital Qazaqstan: Технологиялық дербестік пен цифрлық өрлеу жолы

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы­ғымен Digital Qazaqstan жобасы­ның жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Суретті түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

Жиын барысында Премьер-ми­нистрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әл­назарова, Қаржы министрі Мәди Такиев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот пен Сот әкімшілігінің, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының цифрлық шешімдері таныстырылды. Мемлекеттік органдардың жетекшілері Президентке экономика салаларын және мемлекеттік басқаруды цифрлық тұрғыдан трансформациялау бойынша атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құрылымдар жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында ауқымды жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. Негізгі мақсат – озық технология мен жасанды интеллектіні ел өмірінің әр саласына жаппай енгізу.

– Ең алдымен, қолайлы институцио­нал­дық, құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру қажет. Қазақстан – ыңғайлы және озық цифрлық реттеу жүйесін енгізген елдердің қатарында. Біз бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып бастадық. Атап айтқанда, елімізде Цифрлық кодекс қабылданды. Жасанды интеллект туралы арнайы заң күшіне енді. Бірақ бұл тек ауқымды жұмыстың басы ғана, мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Әлемде болып жатқан өзгерістердің қарқыны өте жоғары. Оны жақсы білесіздер. Ғылым, білім, технология аса жоғары жылдамдықпен дамып жатыр. Сондықтан нормативтік құжаттарды да дер кезінде жаңартып отыру керек. Бір сөзбен, қазіргі заманда әрбір азаматқа түсінікті және айқын болатын «Цифрлық мемлекет» ұғымын қалыптастыру қажет, яғни Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты талап-тілегін ескеруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуға тиіс деп санайды. Дегенмен шұғыл шешімін табуға тиіс бірқатар мәселе де бар.

– Мемлекеттік аппарат қызметін цифр­ландыруды жеделдету қажет. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа ауыстырылған. Ведомствоаралық ақпарат жүйелері біріз­дендірілген үдеріске кіріктірілмеген. Жедел­дік пен сапа барлық кезеңде басым­дыққа айналуға тиіс. Бұған дейін айт­қанымдай, адамдарды жүгіртіп, әуре-сар­саңға салмай, деректерді барынша қол­жетім­ді еткен жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Digital Qazaqstan стратегиясында қағазбастылықтан арылып, ішкі үдерістерді түбегейлі қайта құруға баса мән беру қажет.

– Цифрландыру мен бюрократия – от пен су сияқты бір-біріне кереғар құбы­лыстар. Біз заманауи технологиялар­ды ескірген бюрократияның тар шеңберіне қамауға тырыспай, жаңаша жұмыс істеп үйренуіміз керек. Заманауи цифр­лық мем­лекет жасанды интеллектіге бейім­делу­ге және ауқымды деректер қорын оң­тайлы пайдалануға міндетті. Осынау жаңа әрі күрделі саланың маманы – сіз­дер. Қайткенде де, солай атала­сыздар. Ен­­де­ше не тұрыс? Бізге нәти­же керек. Жасан­ды интеллект туралы жаңа­лық­тар­ды үнемі оқып отырамын. Техно­логия­­ның қар­қынды дамып келе жатқаны сонша­лық, Қазақстанның цифрлық келешегіне алаң­дай бастайсың. Меніңше, үдеріс өте баяу жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке мемлекеттік аппаратты түбегейлі трансформациялау міндетін жүктеді. Бұл істі үйлестірумен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жыл соңына дейін өзгелерге үлгі көрсетіп, азаматтармен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастың жаңа форматына бірінші болып ауысуы керек екенін атап өтті.

Президент AI-Sana бағдарламасын одан әрі дамыта отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы отандық IT-бизнестің көкжиегін кеңейтуді негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастыруға шақырды.

– Бұл бағытта қазірдің өзінде көп жұмыс істелді. Astana Hub-тың негізінде кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасалды. Еліміздегі IT қызметтердің экспортынан түскен табыс 1 млрд долларға жуықтады. Зияткерлік өнім өндіретін, оны шетелге сататын жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді ынталандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені шешуді тапсырды. Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторында кеңінен қолдану технологиялық дербестік пен экономикалық өсімнің маңызды факторы саналады. Үкіметтің алдында өнеркәсіпке озық технологиялар енгізу үшін ынталандыру тетіктерін қарастыру міндеті тұр.

– Азаматтарға арналған банк қызметтеріне айрықша тоқталғым келеді. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк цифрлық қаржы инфрақұрылымын жасады. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер және аударымдар, цифрлық теңгемен есеп айырысу қызметтері пайда болды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту арқылы шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Банктер заң жүзінде аталған инфрақұрылымға қосылуға міндеттелді. Алайда ірі банктер бұл талапты созбалаңға салып, орындамай отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық есептеуші инфрақұрылымды дамытудың маңызына назар аударды. Сонымен қатар екі суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін нығайту тұрғысынан зор стратегиялық мәнге ие екенін айтты. Президенттің пікірінше, деректерді басқаруға қатысты жауапкершілікті бөлу қажет. Деректердің сапасына ведомстволардың бірінші басшылары жауап беруге тиіс. Деректерді басқарудың мемлекеттік деңгейдегі толық жүйесін қалыптастыру оны экономикалық актив ретінде қарастырудың маңызды қадамы болмақ.

Сонымен қатар баяндамада криптоиндустрияны дамыту мәселесі көтерілді. Бұл саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер биыл мамыр айында күшіне енеді. Президент қаржы саласын реттеуші органдарға Үкіметпен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, цифрлық активтер саласын дамыту жоспарын әзірлеуді тапсырды. Онда қаржы тұрақтылығына зиян келтірмеу, алаяқтыққа және капиталды заңсыз шығаруға қарсы тиімді күрес шаралары ескерілуге тиіс.

Бұған қоса Мемлекет басшысы құпиялылықты сақтаудың, дербес дерекке заңсыз қол жеткізудің кез келген түріне тосқауыл қоюдың маңызына назар аударды. Президенттің пікірінше, жеке мәліметтің тарап кету жағдайлары мемлекетке деген сенімді азайтады. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыз жаңа Ата заң жобасын қолдаса, дербес деректерді қорғау конституциялық міндет ретінде бекітілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

Қоғам • Бүгін, 11:33

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

Қоғам • Бүгін, 11:17

Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 11:10

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қоғам • Бүгін, 11:03

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:59

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 10:41

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

Мереке • Бүгін, 10:28

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:18

Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты

Қоғам • Бүгін, 10:08

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:48

Өңір үні – ұлттық баспасөзде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Белсенді белес басталды

Референдум • Бүгін, 09:35

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 11:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see122

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

11 Маусым 2026 10:41see117

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

11 Маусым 2026 18:16see115

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

11 Маусым 2026 16:08see115

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see114

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

12 Маусым 2026 15:17see112

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

11 Маусым 2026 18:17see112

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

12 Маусым 2026 08:25see112

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

12 Маусым 2026 13:25see112

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

12 Маусым 2026 08:21see112

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

11 Маусым 2026 09:57see111

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

11 Маусым 2026 16:07see111

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

12 Маусым 2026 13:39see111

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

12 Маусым 2026 09:21see111

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

11 Маусым 2026 12:31see110

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

11 Маусым 2026 19:20see109

Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі

11 Маусым 2026 09:40see108

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

11 Маусым 2026 17:46see107

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

12 Маусым 2026 15:33see107

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

12 Маусым 2026 15:20see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары