Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

Атыраудағы Полиэтилен зауытының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді

Шуда “Сергектер“ пайда болды қандай көшелер бақылауда

Қазақстан мен Қытай тауар айналымын $100 млрд қа жеткізуді көздейді

Елімізде 6 9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Жалақысы 1 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындары бар

Астанадағы Леонардо да Винчи көрмесі жуырда аяқталады

Президент Норвегия Королі VIII Хоконды таққа отыруымен құттықтады

Digital Qazaqstan : Цифрлық дәуірге бетбұрыс

Digital Qazaqstan : Цифрлық дәуірге бетбұрыс

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, «Digital Qazaqstan» стратегиясы жекелеген қызметтерді цифрландырумен шектелмейді. Құжат­­­тың басты мақсаты – елімізді ­то­лық­­­қанды цифрлық мемлекетке айнал­­дыру. Осы жолда мемлекеттік бас­­қару, экономика және әлеуметтік сала­да жа­санды интеллект кеңінен енгізіледі.

Демек, мемлекеттік жүйе­лер өзара байланысып, қыз­меттер азаматтың өмірлік жағ­дайына қарай автоматты түрде ұсынылады. Мәселен, әлеу­мет­тік төлемдерді рәсімдеу, дәрі­герге жазылу немесе білім беру қызметтерін алу үдерісі әлде­қайда жеңілдейді.

Стратегияның тағы бір маңыз­­­ды бағыты – экономиканы цифр­­лық трансформация­лау. Ауыл шаруашылығы, өнер­кә­сіп, құ­ры­лыс, көлік және қаржы салаларын­да жасанды интеллект пен цифрлық техноло­гиялар кеңінен енгізіледі. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуға және биз­нестің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрлігінің мәлі­метінше, жасанды интеллек­тіні жаппай енгізу, өнеркәсіп, логистика және энергетиканы цифрландыру ел экономикасына қосымша серпін береді. Ал технологиялық жобаларға тартылатын инвестиция көлемі 10,5 – 16,5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін.

Жаңа стратегия білім саласына да ерекше назар аударады. Құжатта жасанды интеллект мамандарын даярлау, өңір­лік IT-мектептер желісін кеңей­ту және халықтың цифрлық сауат­тылығын арттыру көзделген. Соны­мен қатар оқушылар үшін жа­санды интеллект негізіндегі жеке білім беру бағыттарын қа­лып­тастыру жоспарланып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, әлемде жасанды интеллект технологияларын ерте меңгерген елдер жаңа экономикалық көш­басшыларға айналады. Сон­дық­­тан «Digital Qazaqstan» стра­­­те­гиясы еліміздің алдағы онжылдықтағы бәсекеге қабі­лет­тілігін айқындайтын маңызды құжат саналады.

«Мемлекет басшысы үш жыл ішінде елімізді толыққанды цифрлық елге айналдыру мін­детін қойып отыр. Бүгінде жасанды интеллектінің толық эко­жүйесін қалыптастырып жатқан елдер көш бастап келеді. Мұндай архитектура «AI Economy Stack» деп аталады және ол энергетика мен инфрақұрылым, есептеу қуат­тары, деректер мен үлкен тілдік модельдер, цифрлық платформалар және қолданбалы ЖИ-қызметтері деген бес деңгейді қамтиды», деді министр.

Ал ІТ маманы Мейіржан Әуел­ханұлының айтуынша, бұл Жарлықтың басты құндылығы – оның саяси маңызында.

«Үш жыл бойы министрлік­тер­дің әрқайсысы өз бағыты бойынша ғана цифрландырумен айналысып келді. Ал «Digital Qazaqstan» осының бәрін бір жүйеге біріктіреді. Тағы бір маңызды тұсы оның мерзімінде. 2029 жылға дейінгі кезең – бар-жоғы үш жыл. Бұл – нәтижесі тез арада айқын сезілетін қысқа мер­зім. Халық та, бизнес те, шенеу­ніктер де атқарылған жұмыстың жемісін бірнеше жыл ішінде көре алады. Бірақ ең бас­тысы – «Қарапайым азаматтың, бизнестің, мұғалімнің өмірінде нақты не өзгерді?» деген сұраққа шынайы жауап табылуы керек. Осы стратегияның негізгі табысы мен жеңісі де дәл осы сұраққа берілетін жауаппен өлшенбек», деді М.Әуелханұлы.

Стратегия үш негізгі бағыт ая­сында жүзеге асырылады. Бірін­­шісі – азаматтардың мүд­десі үшін цифрландыру. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтер адамның өмірлік жағдайына бейімделіп, проактивті форматқа көшіріледі. Мысалы, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау кө­мектерін алу кезінде азамат­тар­дың қосымша құжат жинауына қажеттілік бір­тіндеп азаяды. Денсаулық сақтау саласында де­ректерді талдау негізінде ауру­лар­дың алдын алу мен емдеу са­па­сын арттыру көзделсе, білім бе­ру жүйесінде оқушылардың қабі­­ле­тіне қарай жеке оқу бағыт­та­рын қалыптастыру жоспар­ланған.

Екінші бағыт нақты секторды цифрлық трансформация­лауға арнал­ған. Құжатта ауыл шаруа­шылығы, өнеркәсіп, құры­лыс, көлік және қаржы салаларын цифрлық технологиялар негізінде жаңғырту міндеті қойылған. Сонымен бірге роботтехника, ұшқышсыз жүйелер, цифрлық активтер және ғарыш технологиялары сияқты жаңа салаларды дамытуға басымдық беріледі.

Стратегия аясындағы ең ірі жобаның бірі – «AI Hub» құру. Ол ғылыми орталықтарды, жо­ғары оқу орындарын, техно­ло­­гия­лық компаниялар мен есеп­теу қуаттарын бір жерге шо­ғыр­ландыратын өңірлік инно­вация­лық алаң болмақ. Мұн­да жа­сан­ды интеллект бағы­тын­дағы жаңа өнімдер әзір­леніп, сы­нақ­тан өткізіліп, ком­мер­ция­ландырылмақ. Мем­лекет бұл бас­та­ма арқылы елімізді Орта­лық Азиядағы техноло­гия­лық хабтар­дың біріне айналдыруды көздейді.

Жасанды интеллект дәуірінде елдердің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстардан бөлек, технологиялық мүмкіндігімен де өлшенеді. Сондықтан «Digital Qazaqstan» еліміздің цифрлық қызметтерді дамыту кезеңінен цифрлық басқару кезеңіне өтуін қамтамасыз ететін маңызды стра­­те­­гиялық құжат ретін­де баға­ланып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see162

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see150

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see148

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see142

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see141

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see137

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see135

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see131

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see127

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see124

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see121

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

10 Қыркүйек 2026 09:33see116

Атыраудағы Полиэтилен зауытының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді

09 Қыркүйек 2026 14:14see116

Шуда “Сергектер“ пайда болды қандай көшелер бақылауда

09 Қыркүйек 2026 15:34see116

Қазақстан мен Қытай тауар айналымын $100 млрд қа жеткізуді көздейді

10 Қыркүйек 2026 18:15see112

Елімізде 6 9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар

09 Қыркүйек 2026 11:44see112

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

10 Қыркүйек 2026 09:38see112

Жалақысы 1 250 000 теңгеге дейін жететін бос жұмыс орындары бар

09 Қыркүйек 2026 08:49see109

Астанадағы Леонардо да Винчи көрмесі жуырда аяқталады

09 Қыркүйек 2026 09:37see107

Президент Норвегия Королі VIII Хоконды таққа отыруымен құттықтады

10 Қыркүйек 2026 12:56see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары