Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша ақша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша ақша үнемдеуге болады?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарларға арнайы баға ұсынылуда. Жекелеген тауарларға жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жасап, тұтынушылардың түрлі санаттағы тауарларды сатып алу кезінде қанша қаражат үнемдей алатынын есептеді. Талдау өңірлер ұсынған ақпарат негізінде дайындалды.

Азық-түлік тауарлары

Астанада Bereke Fest акциясы аясында күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, күнбағыс майы - 1 349 теңгенің орнына 889 теңгеге, макарон өнімдерін (400 г) - 499 теңгенің орнына 329 теңгеге, ал 30 данадан тұратын жұмыртқа қаптамасын 2 134 теңгенің орнына 1 619 теңгеге сатып алуға болады.

Осылайша, аталған үш тауардан құралған азық-түлік қоржынының жеңілдіксіз құны 3 982 теңге болса, акция кезінде 2 837 теңгені құрайды. Сатып алушы 1 145 теңге немесе шамамен 29% үнемдей алады.

Тұрмыстық тауарлар

Арнайы жеңілдіктер тұрмыстық химияға да қарастырылған. Астанадағы сауда желілерінде кір жуғыш ұнтақ (5,5 кг) 10 239 теңгенің орнына 5 599 теңгеге, кір жууға арналған гель (2,145 л) 10 865 теңгенің орнына 7 389 теңгеге, ыдыс жууға арналған құрал (900 мл) 1 977 теңгенің орнына 1 679 теңгеге, ал сабын 669 теңгенің орнына 469 теңгеге ұсынылуда.

Аталған төрт тауардың жалпы құны 23 750 теңгеден 15 136 теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, сатып алушы 8 614 теңге немесе шамамен 36% үнемдей алады.

Маусымдық киімдер

Алматыда Republic Day акциясы аясында күзгі киімдерге жеңілдіктер ұсынылған. Маусымаралық күртешелер 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбарлар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, әйелдер жемпірлері 16 990 теңгенің орнына 10 190 теңгеге, худилер 17 990 теңгенің орнына 10 790 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюмдер 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге сатылуда.

Аталған бес тауардың жеңілдіксіз жалпы құны 119 950 теңге болса, акция аясында 74 700 теңгені құрайды. Осылайша, сатып алушы 45 250 теңге немесе шамамен 38% үнемдей алады.

Ұсынылған есептеулер жекелеген сауда нысандары берген бағалар негізінде жасалған және ықтимал үнемдеу мөлшерін көрсетеді. Жеңілдіктер көлемі, тауар түрлері мен арнайы ұсыныстардың шарттары дүкенге және өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.

Акциялар Қазақстанның барлық өңірін қамтиды

Арнайы жеңілдіктер еліміздің өзге өңірлерінде де қарастырылған. Шымкентте тұрғындарға киім-кешек, аяқкиім, балалар тауарлары мен тұрмыстық техника жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. Атырау облысындағы жекелеген сауда нысандарында жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылыс, жөндеу жұмыстары материалдарына және үйді жабдықтауға арналған тауарларға арнайы бағалар белгіленген. Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар және басқа да облыстарда азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарларға жеңілдіктер жасалуда.

Өңірлердің мәліметінше, сатып алушылар арасында маусымдық киімдер мен аяқкиім, азық-түлік, тұрмыстық химия, үйге қажетті тауарлар мен электроника өнімдері сұранысқа ие.

Еске сала кетейік, Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары 17-27 қазан аралығында (қоса алғанда) өткізіледі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:46
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 12:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see144

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see144

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see143

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see142

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see141

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see137

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see137

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see136

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see136

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see135

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see134

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see133

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see132

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see129

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see128

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see127

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see122

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see118

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see109

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары