Мәслихат сайлауы: кандидаттарға берілетін қаржының көлемі жарияланды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауы кезінде кандидаттарға бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комиссия қаулысына сәйкес, Астана, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары қарастырылған. Олар:
бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 410 000 теңге;
сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 180 000 теңге;
көліктік шығыстары - 110 000 теңге.
Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың шығыстарына бөлінетін қаржы:
бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 400 000 теңге;
сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 теңге;
көліктік шығыстарға - 80 000 (сексен мың) теңге.
Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары:
бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 290 000 теңге;
сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 130 000 теңге;
көліктік шығыстарға - 80 000 теңге.
Айта кетері, мәслихатқа депутаттарды сайлау биыл 29 қарашада өтеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 11:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















