Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Қандай жағдайда Мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлау жарнасы қайтарылады?

Қандай жағдайда Мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлау жарнасы қайтарылады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазіргі сайлау науқанының ерекшелігі – аралас сайлау жүйесінің қолданылуы. Бұл жүйе бойынша сайлауға саяси партиялар да, бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттар да қатыса алады. Осыған байланысты кандидаттар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен де ұсыныла алады. Заңнамаға сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлау жарнасын төлеуге міндетті. Сайлау жарнасын кімдер және қандай мөлшерде төлеуі тиіс, сондай-ақ қандай жағдайларда жарнаның қайтарылатыны Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында түсіндірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова бұл норманың сайлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабына сәйкес, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын өз қаражаты есебінен аударады. Қазіргі уақытта бұл сома 425 000 теңгені құрайды.

Ал өзін-өзі ұсыну тәртібімен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған азамат белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін, тіркеуге дейін жергілікті атқарушы органдардың шотына дәл осындай мөлшерде сайлау жарнасын енгізеді.

 «Сайлау нәтижелері бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген сайлау жарнасы саяси партияға қайтарылады. Сайлау нәтижелері бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алған жағдайда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген сайлау жарнасы кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген сайлау жарнасы қайтарылмайды және республикалық бюджет кірісіне аударылады», - деп хабарлады Әсел Жанәбілова.

Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады.

Ал алдыңғы сайлауда үштен бес пайызға дейінгісін алған саяси партиялар сайлау жарнасын осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мөлшердің елу пайызы көлемінде, бірден үш пайызға дейінгісін алған саяси партиялар сайлау жарнасын осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мөлшердің жетпіс пайызы көлемінде төлейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары