Тоқаев Республика күнімен құттықтаған әріптестеріне ризашылығын білдірді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлады Ақорда.
"Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады", – деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 25 қазан - Республика күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен құттықтаулар келіп түсті.
Олрдың қатарында, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, соынмен қатар Сондай-ақ құттықтау лебіздерін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян, Испания Королі VI Фелипе және тағы басқа мемлекеттер басшылары мен түрлі ұйым басшылары бар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2026 10:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















