Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

Жаңа цифрлық кезең: Үкімет 2029 жылға арналған Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

Жаңа цифрлық кезең: Үкімет 2029 жылға арналған Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Іс-қимыл жоспарын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды, олар – азаматтардың, бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта енгізу.

Жоспардың басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ-ді жаппай енгізу. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен, бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізеді және экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларды жаңартады.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру деректерді басқарудың бірыңғай жүйесіне көшуге және бетпе-бет жүгінудің қажет етпейтін сервистерді кеңінен пайдалануға бағытталатын болады.  2029 жылға қарай медициналық self-service сервистерін пайдаланатын азаматтар санын едәуір ұлғайту, нақты уақыт режимінде деректер алмасу арқылы бірыңғай цифрлық контурға көбірек медициналық ұйымдарды біріктіру және клиникалық шешімдер қабылдау кезінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.

Жоспардың жеке бағыты қалалық ортаның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырумен байланысты. Өңірлерде интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелерін қоса алғанда, AI Native cities®ions шешімдерін енгізу жалғасады. Оларды қолдану оқиғаларға тезірек жауап беруге, қауіпсіздік қызметтері жұмысының тиімділігін арттыруға және басқару мен мониторингтің ЖИ-платформалары есебінен ірі қалалардағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер және әлеуметтік қолдау саласында азаматтардың артық жүрісінің уақыты мен санын қысқартуға баса назар аударылды. Жоспар жасанды интеллектіні, белсенді қызметтерді, автоматты түрде қол қоюды және процестерді автоматтандыруды анағұрлым кеңінен қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну уақыты кем дегенде 50%-ға қысқаруы тиіс.

Бизнес пен экономиканың мүддесі үшін цифрлық трансформация энергетика, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, логистика және агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі салаларды қамтиды. Жылу-энергетика кешенінде 2029 жылға қарай активтердің кемінде 70%-ы цифрлық мониторингке қосылады. Бұл олардың жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға және сенімділікке төнетін тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергия ресурстарының қозғалысын бастан-аяқ цифрлық қадағалау жүйесі кеңейтіледі.

Құрылыста цифрлық тәсіл нысандардың жобалау кезеңінен бастап пайдалануға берілгенге дейінгі бүкіл өмірлік циклін қамтиды. 2029 жылға қарай техникалық күрделі жаңа нысандардың 100%-ын бірыңғай цифрлық контурда сүйемелдеу жоспарлануда.

Көлік және логистика саласында цифрландыру жүктердің бүкіл қозғалыс бағытын – өткізу пункттерінен өтуінен бастап негізгі көлік дәліздері мен мультимодальды тораптар арқылы тасымалдануына дейін қамтиды. Негізгі міндеттердің бірі – жүк автокөлігінің басым өткізу пункттері арқылы өту уақытын қысқарту болады. Ол үшін тасымалдау туралы деректерді алдын ала алуға және өңдеуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ қолмен орындалатын операциялардың санын азайтатын цифрлық құралдарды қолдану аясын кеңейту жоспарлануда.

Smart Cargo-ны дамыту аясында басым жүк тасымалдары цифрлық паспортпен және бүкіл маршрут бойынша трекинг жүйесімен сүйемелденеді. Бұл жүктің бүкіл бағыт бойынша қозғалысын бақылауға және логистикалық процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар негізгі көлік дәліздері, өткізу пункттері мен мультимодальды тораптар интеллектуалды көлік аналитикасымен қамтылады. Бұл инфрақұрылымның жүктемесін жедел бағалауға, көлік ағындарын басқаруға және «тар жолдар» туындаған жағдайда шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.

АӨК-те цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тиімділігін арттыруға және заманауи басқару құралдарына қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталады.

Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік жүктемені азайтуға және цифрлық шешімдерді нысаналы түрде енгізуге басымдық беріледі. Кәсіпорындар цифрлық жетілу деңгейін бағалаудан өтіп, цифрландыру бойынша жеке Жол карталарын ала алады. Цифрлық комплаенс пен тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану тәуекел деңгейі төмен ШОБ субъектілерін физикалық тексеру санын азайтуға мүмкіндік береді.

Салық саласында салықтық әкімшілендірудің интеллектуалды моделіне көшу көзделуде. Бұл ретте процестердің едәуір бөлігі салық төлеушінің қосымша қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл «көзге көрінбейтін» салықтық әкімшілендіруді қалыптастыруға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған.

Жоспардың жеке бір бөлігі қаржы секторын, екінші деңгейдегі банктер мен квазимемлекеттік компанияларды цифрлық трансформациялауға арналған. 2028 жылға қарай екінші деңгейдегі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Жеке тұлғаларға өнімдер ұсынатын және Бірыңғай цифрлық платформаға қосылған қаржы ұйымдарының нарығы үшін де осындай көрсеткіш көзделген.

Квазимемлекеттік секторда цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу де нақты өлшенетін экономикалық нәтиже беруі тиіс. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның портфельдік компанияларында цифрлық және AI-бастамалардың EBITDA өсіміне қосатын үлесін жылына 5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Ал «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да 2029 жылға қарай инвестициялық жобалардың 100%-ын AI-мониторингпен қамту жоспарланып отыр.

Жоспар бағыттарының бірі – отандық IT индустрияның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және оның сыртқы нарықтардағы қатысуын кеңейтуге байланысты. 2029 жылға қарай IT қызметтер мен цифрлық шешімдер экспортының көлемін кемінде 50%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жаңа технологиялық экономиканы қалыптастыру үшін робототехника саласындағы өңірлік құзыреттер орталықтарын дамыту және коммерциялық жобаларды жүзеге асыратын отандық интеграторларды қолдау көзделген.

Цифрлық инфрақұрылымды дамытуда «ДӨО алқабына» маңызды рөл беріледі. Жоба Қазақстанға жаһандық технологиялық және бұлтты технологиялар саласындағы серіктестерді тартуға, заманауи есептеу қуаттарын орналастыруға және жасанды интеллектіні ауқымды енгізу үшін база құруға бағытталған. Бұл ел ішінде деректерді өңдеу мен сақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа AI-сервистерді іске қосуға және отандық цифрлық индустрияны дамытуға жол ашады.

Цифрлық мемлекетті дамыту киберқауіпсіздік талаптарын күшейтумен қатар жүреді. Жоспарда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттыру, кибермәдениетті дамыту және халықты цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөнінде хабардар етуді арттыру көзделген. «Цифрлық үкімет» нысандары азаматтарға өздерінің дербес ақпаратын пайдалануды неғұрлым ашық бақылауға мүмкіндік беретін «Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» сервисіне қосылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see134

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see129

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see120

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see116

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see116

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see115

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see114

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

24 Тамыз 2026 18:59see113

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see113

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see113

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

25 Тамыз 2026 23:17see113

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see112

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see112

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see112

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see112

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see111

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

25 Тамыз 2026 20:23see111

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

24 Тамыз 2026 13:00see111

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

25 Тамыз 2026 16:27see109

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

25 Тамыз 2026 10:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары