Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Digital Almaty ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Digital Almaty ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл – ел экономикасын цифрлық және AI-трансформациялау мен өңірлерді дамытуға бағытталған ұлттық платформа. 

Форумның жаңа форматы Қазақстанның тұрақты цифрлық экономика қалыптастыру, жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізу және өңірлердің технологиялық дамудағы рөлін күшейту жөніндегі стратегиялық бағытын көрсетеді. Digital Qazaqstan еліміздің әртүрлі қалаларында өтетін республикалық форум ретінде жоспарланған. Ол цифрлық шешімдер мен AI-технологияларды нақты экономика секторына, мемлекеттік басқару жүйесіне және әлеуметтік салаға тікелей енгізуге бағытталады.

Digital Qazaqstan 2026 форумының негізгі тақырыбы Industry 5.0 төңірегінде болады. Industry 5.0 тұжырымдамасы адам мен технологияның үйлесімді әріптестігіне негізделеді. Мұнда жасанды интеллект, деректер және робототехника өнімділікті арттырудың, орнықты дамудың және адам әлеуетін күшейтудің негізгі құралдары ретінде қарастырылады.

Форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес қауымдастық, халықаралық корпорациялар, инвесторлар, технологиялық компаниялар, стартаптар мен сарапшылар бас қосып, өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік дамуда цифрлық және AI-шешімдерді енгізудің практикалық сценарийлерін талқылап, нақты кейстерді ұсынады.

– Digital Qazaqstan – кейінгі жылдары елде жүйелі түрде қалыптасып келе жатқан цифрлық экожүйенің жаңа деңгейі. Біз жекелеген кейстерден ауқымды әрі жүйелі цифрлық трансформацияға көшіп отырмыз. Бұл үдерісте өңірлер экономикалық және технологиялық дамудың толыққанды драйверіне айналады. Форум технологиялар мен жасанды интеллектіні экономика мен өңірлік процестерге терең интеграциялайтын ұлттық платформа қалыптастырады және ел үшін ұзақ мерзімді, орнықты нәтижелерге жол ашады, - деді Digital Bridge бас директоры Дания Ахметова.

Digital Qazaqstan 2026 форумы 2026 жылғы 27 наурызда өтеді. Форум алғаш рет Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Шымкент – өндірістік және экономикалық әлеуеті жоғары, маңызды өңірлік орталық. Форумның дәл осы қалада өтуі нақты секторды цифрландыру, өнеркәсіпке жасанды интеллектіні енгізу және өңіраралық технологиялық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша мазмұнды диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Форум бағдарламасы цифрлық және индустриялық дамудың негізгі бағыттарын қамтиды. Оның аясында мемлекет өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысатын пленарлық отырыс, салалық панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер, IT-компаниялар мен стартаптардың көрмесі, технологиялық жарыстар, байқаулар және хакатондар өтеді.

Форумның жеке бағыты – Digital Qazaqstan Awards ұлттық сыйлығы. Бұл марапат цифрлық және технологиялық трансформациядағы үздік тәжірибелерді мойындауға арналған. 2026 жылы сыйлықтар өнеркәсіптегі AI-шешімдерді енгізу, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту, өңірлік цифрлық трансформация, әлеуметтік маңызы бар технологиялық жобалар және болашағы зор AI-стартаптар номинациялары бойынша табысталады.

Форум ұйымдастырушыларының қатарында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және «Астана Хаб» автономды кластерлік қоры бар. Іс-шара демеушілік қаражат есебінен өткізіледі.

БАҚ өкілдері үшін Digital Qazaqstan 2026 форумына аккредитация ашық. Өтінімдер 2026 жылғы 9 наурызға дейін қабылданады. Аккредитациядан өту үшін тіркеу формасын толтыру қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Digital Almaty 2025 форумына қатысқанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 03:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары