Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Qazaqstan AI for Science бастамасы таныстырылды

Qazaqstan AI for Science бастамасы таныстырылды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында «Qazaqstan AI for Science» алғашқы ашық тұжырымдау сессиясы өтті. Іс-шара толық ғылыми циклді ұйымдастырудың жаңа парадигмасын қалыптастыруға және жасанды интеллектіні ғылыми ізденістің барлық кезеңіне жүйелі түрде енгізу мәселелерін талқылауға арналды.

Сессияға бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР ҰҒА академиктері, отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, ұлттық компаниялар мен технологиялық бизнес өкілдері қатысты. Халықаралық сарапшылар қатарында Қытай ғылым академиясының академигі, ҚР ҰҒА шетелдік мүшесі, CBAS Бас директоры Гуо Хуадун және Чжэцзян технологиялық университетінің профессоры Чэнь Си болды.

Сессия қатысушыларына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзі жеткізілді. Онда жасанды интеллектінің әлемдік ғылымның даму бағытын өзгертіп отырғаны және Қазақстанның осы үдеріске белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді. «Qazaqstan AI for Science» бастамасының негізгі міндеттерінің бірі – ғалымдарға қажетті деректерге, есептеу қуаттарына, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи ғылыми орта қалыптастыру екені айтылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде жасанды интеллектінің дамуы ғылыми зерттеу құралдарын ғана емес, қазіргі ғылыми ізденістің логикасын да өзгертіп отырғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект ақпаратты өңдеу жылдамдығын ғана өзгертпейді. Ол зерттеудің өзіндік логикасын өзгертеді: ауқымды деректер массивтеріндегі байланыстарды көруге, балама гипотезаларды қалыптастыруға, қайшылықтарды анықтауға және оңтайлы экспериментті таңдауға көмектеседі. Алайда машинаның нанымды жауабы өздігінен ғылыми факт болып саналмайды. Алынған нәтиженің сенімділігі қайта жаңғыртылатын есептеулермен, физикалық экспериментпен, тәуелсіз тексерумен және зерттеушінің, яғни ғалымның жауапкершілігімен қамтамасыз етіледі», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған модель адамның, жасанды интеллектінің және эксперименттік ғылымның мүмкіндіктерін өзара байланысқан біртұтас циклге біріктіруге тиіс.

«Ұсынылып отырған экожүйе қарапайым қағидатқа негізделеді: адам зерттеудің мәнін, мақсаты мен шектеулерін айқындайды; жасанды интеллект ізденіс аясын кеңейтеді; ал эксперимент пен тәуелсіз валидация нәтижені растайды. Осындай өзара сабақтастық ғылыми жұмыстың жаңа мәдениетінің негізіне айналуға тиіс», – деп атап өтті ҚР ҰҒА президенті.

Qazaqstan AI for Science міндеттерді, деректерді, модельдерді, құзыреттерді, есептеу ресурстарын, зертханалар мен нәтижелер мониторингін өзара байланыстыратын үлестірілген ғылыми-технологиялық экожүйе ретінде қалыптастыру ұсынылды. Оның негізгі мақсаты – ғылыми мәселені айқындау мен гипотеза қалыптастырудан бастап, эксперимент жүргізу, тәуелсіз валидация, нәтижені енгізу және оның тиімділігін бағалауға дейінгі толық ғылыми циклді біртұтас жүйеге біріктіру.

Ақылбек Күрішбаев жаңа экожүйені қалыптастырудағы Ұлттық ғылым академиясының рөліне де ерекше тоқталды.

«Ұлттық ғылым академиясының айрықша рөлі – осы жүйенің ғылыми логикасын қалыптастыру: әдіснаманы әзірлеу, құзыреттерді біріктіру, еліміздің қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетін бағалау және тәуелсіз валидацияны ұйымдастыру. Академия мемлекеттік органдардың, университеттердің, салалардың немесе цифрлық инфрақұрылым иелерінің функцияларын алмастырмайды. Біздің міндетіміз – олардың мүмкіндіктерін ортақ нәтижеге тоғыстыратын сенімді ғылыми алаң қалыптастыру», – деді Академия басшысы.

Сессия барысында халықаралық тәжірибе, сондай-ақ кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект, су ресурстары, Smart City, медициналық аналитика, робототехника және өнеркәсіп салаларындағы нақты қазақстандық әзірлемелер таныстырылды. ҚР ҰҒА президенті атап өткендей, бұл әзірлемелерді бір-бірінен бөлек жобалардың жиынтығы ретінде емес, болашақтағы өзара байланысқан ғылыми-технологиялық жүйенің құрамдас бөліктері ретінде қарастыру маңызды.

Іс-шара аясында ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологиялар көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеде отандық зерттеулердің нәтижелері, дайын ғылыми-техникалық өнімдер және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы әзірленген перспективалық шешімдер ұсынылды. Жасанды интеллектіні өнеркәсіпте, медицинада, су ресурстарын басқаруда, қалалық ортаның орнықты дамуында және робототехникада практикалық қолдануға ерекше назар аударылды.

Бастаманы одан әрі іске асыру аясында толық ғылыми маршрутты сынақтан өткізуге арналған алғашқы пилоттық міндеттер айқындалды. Ұсынылған модель ғылыми жұмыстың барлық кезеңін: мәселе → гипотеза → жоспар → іске асыру → валидация → енгізу → нәтижеге мониторинг жүргізу → жаңа цикл қағидаты бойынша өзара байланыстыруды көздейді.

Сессия қорытындысында адамды, жасанды интеллектіні, эксперимент пен тәуелсіз валидацияны біртұтас циклге біріктіретін ғылыми ізденістің жаңа парадигмасы айқындалды. Қазақстанда оны іске асыруға қажетті ғылыми-технологиялық әлеует – зерттеу ұжымдары, деректер, зертханалар, есептеу инфрақұрылымы және халықаралық серіктестер бар. Ендігі негізгі міндет – осы мүмкіндіктерді Qazaqstan AI for Science экожүйесі аясында өзара байланыстыру. Алдағы жұмыс деректер мен модельдерге қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға, ұлттық ғылыми-технологиялық әлеуетті түгендеуге, қорғалған технологиялық архитектураны құруға және пилоттық міндеттерді іске қосуға бағытталады. Ұлттық ғылым академиясы зерттеулердің сапасын, нәтижелердің қайта жаңғыртылуын және олардың ел мүддесіне сай практикалық қолданылу тиімділігін арттыру мақсатында осы жұмысты ғылыми-әдістемелік және форсайт-талдамалық тұрғыдан сүйемелдеуді, сондай-ақ тәуелсіз ғылыми валидацияны қамтамасыз етеді.

«Qazaqstan AI for Science» бастамасы ғылымды, жасанды интеллект пен экспериментті біртұтас жүйеге біріктіруге, ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен қайта жаңғыртылуын арттыруға, сондай-ақ оларды Қазақстанның нақты әлеуметтік-экономикалық және технологиялық міндеттерін шешуге бағыттауға арналған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 14:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары