Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Мәжіліс меморгандардың ел азаматтарының өтінішін қарау нәтижесін тыңдайды

Мәжіліс меморгандардың ел азаматтарының өтінішін қарау нәтижесін тыңдайды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Айта кетерлігі, 1 желтоқсанда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, бүгінгі жиынның күн тәртібі нақтыланған еді. Соған сәйкес, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжіліс депутаттарына өңірлерді аралау барысында келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.

Фото: Мәжіліс

Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттардың бастамасымен әзірленген Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын орындауға арналған «Цифрлық кодекстің» жобасы екінші оқылымда қаралады. Құжат цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге, таяу үш жылда Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

12 қарашада өткен Мәжілістің жалпы отырысында Цифрлық кодекс жобасы мен екі бірдей ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдаған еді. 

Сол кезде құжаттарды таныстырған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева жаңа Цифрлық кодекс цифрлық ортаға құқықтық мәртебе беріп, деректер мен платформаларды айналымға енгізуге арналғанын айтты.

— Цифрлық деректер айналымының құқықтық режимі енгізіледі. Жазбалар түріндегі цифрлық деректер алғаш рет құқық объектісі ретінде танылғалы отыр. Бұл дегеніміз, деректер экономикалық құндылыққа ие болып, азаматтық негіздегі айналымға қатыса алады, — деді депутат. 

Кодекс жобасында қолданыстағы электронды құжаттарды заң тілінде үш топқа бөлу көзделіп отыр.

Біріншісі — электронды құжаттар. Оған тек ЭЦҚ қойылған құжаттар жатады және қағаз нұсқамен теңестіріледі. Екіншісі — цифрлық құжаттар. Бұл мемлекеттік базалардан автоматты түрде жүктеуге болатын, көрсетілген сәтінде түпнұсқа саналатын түрлі анықтамалардың құқықтық атауы деуге болады. Үшіншісі — цифрлық мәліметтер. ЖСН арқылы ІІМ базасынан алынған азамат туралы дерек не болмаса жылжымайтын мүлік реестріндегі жазбалар осы цифрлық мәліметтерге жатқызылмақ. Басқаша айтсақ, ресми дереккөздерден алынған заңды мәні бар ақпараттар осы санатқа кіреді.  Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Мұнан бөлек, депутаттар 2024 жылғы 4 қыркүйекте Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді талқылайды. Келісімде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ықпал ету қарастырылған.

Келісім қабылданғаннан кейін OPEC қоры осы құжатқа сәйкес жобаны қаржыландыру, қабылдаушы елде құрылған компаниялардың акцияларын сатып алу үшін қарыздар және кепілдіктер беруді, рұқсат етілген барлық құралдардың көмегімен қабылдаушы елдің ұлттық заңнамасына сәйкес қаражатты қарызға алуды, сондай-ақ осындай қаражатты иелену, пайдалану және оған билік ету және кез келген валютада шоттар жүргізуді жүзеге асырады. Бірақ олармен шектелмей, түзетулерге сай, 1976 жылғы 28 қаңтардағы OPEC қорын құру туралы келісімде көзделген қызметті аумақта еркін жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, OPEC қоры Жобаны өзінің бағалауы негізінде қаржыландыру беретін-бермейтіні және қандай шарттармен беретіні туралы шешімді еркін қабылдайды.

OPEC қорына тиесілі және осы келісімде көзделген қызмет нәтижесінде туындайтын пайыздар мен барлық басқа төлемдер, сондай-ақ OPEC қорының осындай қызметке байланысты активтері мен кірістері тікелей салықтан босатылады. Осы келісімде қамтылған кез келген қаржылық операцияларға байланысты аумақтағы OPEC қорының қызметі өз бетінше OPEC қорын немесе оның активтерін салық салуға тиісті етпейді. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейтуге бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Ал екінші оқылымда «Құрылыс кодексі» мен «ҚР банктері және банк қызметі туралы» заңдарды ілеспе түзетулерімен қабылдады.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

«ҚР Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы негізгі баяндама жасаған депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бабы енгізіледі. Ол «медицина қызметкері» және «жедел медициналық жәрдем жүргізушісі» деген арнайы субъектіні белгілейді. 

— Егер біз Қылмыстық кодекс арқылы билік өкілін, орман инспекторын, прокурор мен сотты, полицейді қорғасақ, онда науқастарға көмекке беретін дәрігерді де қорғауға міндеттіміз, — деді ол.

Мұнан бөлек, депутаттар Құрылыс кодексін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Құжаттар бойынша негізгі баяндама жасаған депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін қала құрылысы кеңестері құрылады. Қала құрылысын жоспарлау кезінде мәслихаттардың рөлі күшейтіледі. Елді мекеннің бас жоспарын, Республика аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мерзімі 20 жылға дейін бекітіледі. Сейсмикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа қойылатын талаптар қатаңдатылады. Сейсмикалық микроаймақтандыру карталары, қауіпті учаскелердің сел және көшкін карталары міндетті есепке алынады. 

Фото: Мәжіліс

Бір субъектінің «толық аяқталған» құрылысын іске асыру үшін «техникалық тапсырыс беруші» институты енгізіледі. Тиісті инженерлік іздестірулерді орындамай жобалық құжаттаманы дайындауға және объектілердің құрылысын салуға тыйым салынады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы процестер цифрландырылады. Құрылыс объектілерін жоспарлы түрде инспекциялау енгізіледі. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады. Объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде өртке қарсы бақылау енгізіледі.

Мәжіліс қабылданған келесі құжаттар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң және оған ілеспе құжат. 
Жұмыс тобы аясында депутаттар мыналарды:

бір жеке тұлғаның бір уақытта бірнеше банкте кредит рәсімдеуіне шектеу енгізуді; алғаш рет кредит алған кезде биометриялық сәйкестендіруді өту үшін қарыз алушының банкке жеке өзінің келуін; клиенттің келісімі болған және шығару кезінде міндетті биометриядан өткен кезде ғана банктердің электрондық цифрлық қолтаңба жасауы мен шығаруына жол беруді; жүйелік маңызы бар банкке қойылатын талаптарды күшейтуді және оның мемлекетке келтірілген шығындарды өтеуге қатысуын; қаржы технологияларын дамыту шеңберінде банктер мен олардың еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметін кеңейтуді; азаматтарды алаяқтықтан қорғау және кредиттік скорингінің сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалануды; Қаржы омбудсманының проблемалық берешекті реттеу кезінде тек қана жеке тұлғалардың дауларын шешу функцияларын бекітуді; қарыз алушының Қаржы омбудсманының ұжымдық реттеудің ақпараттық платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуге жүгіну мүмкіндігін бекітуді көздейтін түзетулерді енгізді.

Сондай-ақ депутаттар Сенаттың «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңдарға енгізген түзетулерімен келісті.

Фото: Kazinform

Жалпы отырыс соңында депутаттар мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты 23 сауал жолдады. Мәселен, депутат Ерлан Саиров тиімді тұсы сараланбаған аудан әкімдерін тікелей сайлау әлі ерте екенін айтады.

— Ең бастысы Жергілікті өзін-өзі басқару, Мемлекеттік қызмет, Сайлау, Өңірлерді дамыту туралы көптеген заңдарға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауына — саяси мораторий жариялаған жөн деп білеміз. Тағы да қайталап айтамын, бұл ұсыныс сайлау процесін шектейтін емес, керісінше халықтың сайлауға деген сенімін арттырудағы негізгі әрі қажетті шешім. Демократия дегеніміз — норма және процедура. Осы норма мен процедураны жүйелеп алу қажет, — деді ол.

Фото: А. Әлтайдың жеке мұрағатынан

Ал Аманжол Әлтай Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдап, кез келген өнімнің экспортын шектеу туралы шешімді Мәжіліспен ақылдасып қабылдауды ұсынса, Темір Қырықбаев ет экспортына салынған тыйымды жою керек деп есептейді.

Айдос Сарым болса, мұнай-газ саласындағы қоғамдық тыңдаулардың заңға сәйкестігін тексеру керектігін алға тартады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары