Медициналық кітапшаның цифрлық нұсқасы қолжетімді болды
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, енді декреттелген топтағы мамандық иелеріне қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ. Қажетті ақпаратты смартфон арқылы көрсету жеткілікті.
Жеке медициналық кітапша электронды форматқа ауыстырылды
«Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулердің уақытылы өтуін қашықтан бақылау мүмкіндігіне ие болды. Егер жеке медициналық кітапшадағы медициналық тексеру туралы жазбалардың мерзімі өтіп кеткен болса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады», делінген хабарламада.
Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құрылған бірыңғай цифрлық экожүйесі мына бағыттарды біріктіреді:
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау; декреттелген топтағы мамандық иелерінің медициналық тексерулері; зертханалық зерттеулер; кәсіпорындардың өндірістік бақылауы; халықты вакцинациялау мониторингі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 16:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















