Мегаполистен алыс орналасқан электрокар: қайда зарядтау керек және оны сатып алуға тұра ма
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кейінгі бірнеше жылда Қазақстанның кейбір өңірлерінде электрмобильдердің танымалдылығы айтарлықтай артты. Мысалы, Алматы олардың негізгі таралу орталығына айналды - қаладағы электр көліктер саны 10 мыңнан асты. Tengri Auto еліміздің басқа өңірлерінде электр көліктерге сұраныс қандай деңгейде екенін анықтап көрді.
Кейінгі бірнеше жылда Қазақстанның кейбір өңірлерінде электрмобильдердің танымалдылығы айтарлықтай артты. Мысалы, Алматы олардың негізгі таралу орталығына айналды - қаладағы электр көліктер саны 10 мыңнан асты. Tengri Auto еліміздің басқа өңірлерінде электр көліктерге сұраныс қандай деңгейде екенін анықтап көрді.
Шағын қаладағы электрмобиль: 2026 жылғы статистика не дейді?Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген электрмобильдер саны төмендегідей:
Алматы 14 950 Астана 2 754 Алматы облысы 1 553 Шымкент 916 Қарағанды облысы 494 Жамбыл обласы 490 БҚО 257 Атырау облысы 251 СҚО 239 Түркістан облысы 238 Маңғыстау облысы 233 Қостанай облысы 219 Қызылорда облысы 213 ШҚО 212 Актөбе облысы 204 Павлодар облысы 189 Жетісу 168 Ақмола облысы 161 Абай облысы 65 Ұлытау облысы 37 ОҚО 6 Неге шағын қалаларда гибридтер әзірге электрмобильдерден озып тұр?Электрмобильдер ең аз тіркелген өңірлер:
ОҚО - 6; Ұлытау облысы - 37; Абай облысы - 65; Ақмола облысы - 161; Жетісу облысы - 168.Бұл ретте бірқатар өңірде жүргізушілер толықтай электр көліктен гөрі гибридтерді жиі таңдайды. Мұның себебі қарапайым - бұл экологиялық тазалық пен қолайлылық арасындағы тиімді шешім.
Көптеген қалада қуаттау бекеттері әлі де тапшы, ал үй жағдайында қуаттау құрылғысын орнату қосымша шығынды талап етеді, оған кез келген көлік иесі дайын емес.
Бұл тұрғыда гибридтер анағұрлым тиімді көрінеді: көлікке әдеттегідей жанармай құюға болады, ал электрмоторды қажеттілікке қарай пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қуат көзі қозғалыс кезінде рекуперация есебінен ішінара жинақталады.
Электрмобильдерге арналған қуаттау бекеттері: олар қай жерде бар, ал қай жерде жоқ?Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 665 электр қуаттау бекеті (ЭҚБ) бар. PlugShare сервисі деректеріне сүйенсек, ЭҚБ-лардың басым бөлігі елдің оңтүстігі мен орталық өңірлерінде шоғырланған. Ал Қазақстанның шығысы мен батысында қуаттау инфрақұрылымы әзірге өте баяу дамып келеді.
Негізгі тасжолдарда қанша қуаттау бекеті жұмыс істейді?
Республикалық маңызы бар тас жолдарда 49 бекет жұмыс істейді, оның 18-і Ресей шекарасынан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы арқылы Қорғасқа дейін созылатын KAZ06 халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан.
KAZ06 автожолы "Ресей Федерациясының шекарасы (Жайсаң өткізу пункті) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы (Нұрлы жол өткізу пункті)" - 18 ЭҚБ;
KZ17-01 автожолы "Шымкент солтүстік айналма жолы" - 2 ЭҚБ;
KAZ05-01 автожолы "Байсейіт-Көкпек-Шонжы-Көктал" - 1 ЭҚБ;
KZ05-10 автожолы "Алматы-Төңкеріс-Байсерке-Междуреченское" - 1 ЭҚБ;
А-3 автожолы "Алматы-Өскемен" - 3 ЭҚБ;
KAZ01 автожолы "Екатеринбург-Алматы" - 10 ЭҚБ;
А-1 автожолы "Астана-Петропавл" - 6 ЭҚБ;
А-17 автожолы "Астана-Павлодар-Успенка" - 1 ЭҚБ;
KAZ19 автожолы "Қостанай-Рудный-Денисовка-Қарабұтақ" - 1 ЭҚБ;
KAZ23 автожолы "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" - 1 ЭҚБ;
А-16 автожолы "Жезқазған-Петропавл" - 1 ЭҚБ;
KAZ12 автожолы "Атырау-Орал" - 2 ЭҚБ;
KAZ09 автожолы "Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" - 2 ЭҚБ.
Ең жақын ЭҚБ-қа дейін 200 шақырым болса не істеу керек?Сондай-ақ біз электрмобильмен саяхаттау жөніндегі сарапшы Рамиль Дәулетғалиевпен тілдестік. Оның айтуынша, қазіргі заманғы электр көліктердің көбі бір қуаттағанда 200 шақырымнан астам жол жүре алады. Бірақ қуат таусылуға жақын болып, жақын маңдағы бекетке жету қиын болған жағдайда, тығырықтан шығудың бірнеше жолы бар.
Ең оңай жолы - жол бойында 220 вольттік кәдімгі қуат көзі бар қоғамдық орынды табу: дәмхана, мейрамхана, қонақ үй немесе жол бойындағы қызмет көрсету орны. Мұндай жағдайда тіпті баяу қуаттаудың өзі жақын маңдағы толыққанды ЭҚБ-қа жетуге көмектесуі мүмкін.
"Менде мұндай жағдайлар болды. Жылдам қуаттау бекетіне жетуге небәрі 2-3 пайыз қуат жетпей қалды. Шешімді тез қабылдадым: жол бойындағы дәмханаға тоқтап, тамақтанғанша аздап қуаттап алдық, содан кейін негізгі бекетке жеттік", - деп бөлісті ол.
Сонымен қатар сарапшы өзіңізбен бірге сүйрейтін трос немесе қатты тіркеме алып жүруге кеңес береді. Ол сүйреу кезінде рекуперация көмегімен көлікті қуаттауға болатынын айтты.
"Бірақ бұл нұсқаның өз ерекшеліктері бар, бұл әдіс дұрыс тәсілді қажет етеді және оны тек өз жауапкершілігіңізбен жасау керек, өйткені көптеген электрмобильдерде дұрыс сүйретпеу салдарынан электрмотор, инвертор немесе редуктор зақымдалуы мүмкін", - деді Рамиль.
Соңғы нұсқа - өзіңізбен бірге генератор алып жүру. Рамиль электрмобильмен Қазақстанды аралау кезінде өзімен бірге генератор алғанын, бірақ оны пайдаланудың қажеті болмағанын айтты.
Бензин құю немесе қуаттау: шығындардың нақты айырмашылығы Үйдегі және ақылы бекеттегі киловатт бағасыОрташа есеппен үйде бір киловатт энергияның бағасы 22-25 теңге болады, ал ақылы станцияда қуаттау орта есеппен 60-75 теңгеге түседі.
Үйде кәдімгі 220 вольт қуат көзінен қуаттау арзанырақ көрінуі мүмкін. Бірақ үйде толық қуаттау циклі жарты күнге, яғни 10-12 сағатқа созылатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар бұл электрмобильдің өзі үшін де, үйдің электр желісі үшін де ең қауіпсіз нұсқа емес.
Кәдімгі тұрмыстық желіден қуаттау кезінде қуат көзі мен кабельдер қызып кетуі мүмкін, әсіресе ескі үйлерде немесе сапасыз ұзартқыштарды пайдаланған жағдайда.
Ұзақ уақыт бойы түскен жүктеме сымның балқуына, қысқа тұйықталуға, тіпті өртке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар тұрақсыз кернеу көлік батареясы мен электроникасына теріс әсер етуі ықтимал.
Салыстыру үшін орташаланған нақты көрсеткіштерді алайық:
бензинмен жүретін кроссовер - 100 шақырымға 10 литр АИ-95; дизельмен жүретін автокөлік - 100 шақырымға 7 литр; электрмобиль - 100 шақырымға 18 кВт·сағ. БензинОрташа шығын:
10 литр × 294 теңге = 100 шақырымға 2940 теңге.Автокөлік үнемдірек болып, 8 литр тұтынған күннің өзінде 100 шақырымға шамамен 2350 теңге жұмсалады.
Дизель7 литр × 304 теңге = 100 шақырымға 2128 теңге.
Тасжолда бірқалыпты жүргенде, заманауи дизельді көліктерге 6 литр де жетуі мүмкін, бұл жағдайда шығын шамамен 1820 теңгеге дейін азаяды.
Үйдегі электрмобильҮйдегі кВт·сағ үшін 29 теңгелік тарифті және 18 кВт·сағ орташа шығынды негізге аламыз:
18 × 29 = 100 шақырымға 522 теңге.Тіпті 38 теңге шамасындағы жоғары тарифті есепке алғанның өзінде, шамамен 684 теңге шығады.
Жылдам қуаттау бекетіндегі электрмобилькВт·сағ үшін 100 теңге тарифі кезінде:
18 × 100 = 100 шақырымға 1800 теңге.Яғни, қымбат DC бекеттерде электрмобильдің артықшылығы едәуір азаяды.
Іс жүзінде қалай болады?Қысқаша айтқанда, үйде қуаттау расында бір шақырым жолдың ең төменгі құнын қамтамасыз етеді. Бензинмен жүретін көлікпен салыстырғанда "жанармай" шығыны бес-алты есе төмен болуы мүмкін.
Бірақ тек жылдам қоғамдық бекеттерде үнемі қуатталатын болса, үнемдеу бұрынғыдай әсерлі көрінбейді:
бензин - 100 шақырымға шамамен 2940 теңге; дизель - шамамен 2128 теңге; үйдегі электрмобиль - шамамен 522 теңге; жылдам бекеттегі электрмобиль - шамамен 1800 теңге.Бұл ретте қыста батарея мен салонды жылытуға байланысты электрмобильдердің энергия шығыны әдетте артады. Аязды күндері нақты шығын 20–40 пайыз өсуі мүмкін.
Бензинді және дизельді көліктерде де маусымдық шығын өсімі бар, бірақ ол әдетте айтарлықтай байқала бермейді.
Толық қуаттау уақыты: үйдегі қуат көзі, Wallbox және жылдам ЭҚБЕнді электрмобильді қуаттаудың үш сценарийін қарастырайық: үйде, жеке станциямен немесе тасжолда қуаттау.
Кәдімгі 220В қуат көзі: уақыт пен желіге артық жүктеме түсу қаупіТағы да қайталайық: электрмобильді тікелей қарапайым қуат көзінде қуаттау - ұзақ процесс. Бір қарағанда, көлікті түнде қуаттауға қойып, таңертең толық аккумулятормен алу ыңғайлы көрінеді.
Алайда қауіп-қатерді ұмытпаған жөн. Үйдің электр сымдары көбінесе ұзаққа созылатын жоғары жүктемеге есептелмеген. Осының салдарынан кабель мен қуат көздері қызып, ал түйіспелер балқып кетуі мүмкін. Кейбір жағдайда бұл қысқа тұйықталуға, тіпті өртке әкелуі ықтимал.
Сондай-ақ сыртқы қауіпті де ескеру қажет. Егер қуат көзі гаражда немесе аулада орналасқан болса, оған су кіріп кетуі мүмкін. Температураның ауытқуы конденсаттың пайда болуына әкеледі, ол уақыт өте келе ішінде жинала береді. Гараждарда көбіне ылғал жоғары болады, бұл да қуат көзі мен түйіспелер күйіне кері әсерін тигізеді.
Тұтастай алғанда, қуаттау тікелей тұрмыстық қуат көзіне тәуелді - бұл көліктің өзі үшін де, үй үшін де ең қауіпсіз нұсқа емес.
Жеке үйдегі Wallbox: орнату, құны, өзін-өзі ақтауыЕгер сіз тұратын жерде көпшілікке қолжетімді электр қуаттау бекеттері (ЭҚБ) болмаса, үйге станция орнату тиімді шешім болады.
Бүгінде электр көлік жүргізушілері үшін таңдау мүмкіндігі мол: 100-120 мың теңге тұратын тасымалы қуаттағыштан бастап, 350-500 мың теңгелік стационарлық жылдам қуаттау станцияларына дейін бар.
Өзін-өзі ақтауы жүрген жолға байланысты. Егер жүргізуші жылына 20–30 мың шақырым жол жүріп, көлікті үйде түнгі тарифпен қуаттаса, бензинмен салыстырғандағы айырмашылық уақыт өте келе станция құнын өтей алады.
Трассада жылдам қуаттау: қыста 30 минут немесе одан да көпТрассалар мен қалаларда көбіне жылдам DC-станциялары қолданылады. Дәл осы станциялар қуатты кәдімгі қуат көзіне қарағанда әлдеқайда тез толтыруға мүмкіндік береді.
Заманауи электрмобильдер шамамен 25–40 минут ішінде қуатты 20-дан 80 пайызға дейін толтыра алады. Бірақ бұл идеалды жағдайда: күн жылы, бос станция және алдын ала қыздырылған батарея болғанда ғана мүмкін.
Қыста жағдай өзгереді. Аязда аккумулятор қуатты баяу қабылдайды, сондықтан қосылу уақыты 50–80 минутқа, кейде одан да көпке созылуы мүмкін. Бұл әсіресе температура минус 15–20 градустан төмендегенде байқалады.
Сонымен қатар жылдамдық көліктің өзіне де байланысты. Кейбір модельдер станция қуатты болса да, физикалық тұрғыдан аса жылдам қуаттала алмайды.
Нәтижесінде электр көлік иелеріне тек жүріс қорын емес, қуаттау инфрақұрылымының қолжетімділігін де, әсіресе қалааралық алыс сапарлар кезінде ескеруге тура келеді.
ҚорытындыМегаполистер мен республикалық трассалардан алыс жерлерде электрмобильдерге сұраныстың төмендігі ол жақта ЭҚБ станцияларының кең таралмауымен тікелей байланысты.
Автокөлікті үйде кәдімгі сым арқылы қуаттау - қауіпті әрі ұзаққа созылатын шаруа.
Үйге станция орнату кейбіреулерге негізсіз қымбат дүние болып көрінуі мүмкін. Әсіресе, жүргізуші жаңа электр көлікті енді ғана сатып алған болса (статистика бойынша, ол көбіне несиеге алынады).
Дегенмен, автокөлік пен жабдықты сатып алуға ниет пен мүмкіндік болса, бұл қызықты әрі экологиялық таза тәжірибе.
Ең бастысы, электрмобильмен бірге жүргізуші көптеген "бонусқа" ие болады.
Мысалы, EV иелеріне тұрақ ақысы мен утиль алымды төлеудің қажеті жоқ. Осының бәрі электрмобиль сатып алуды тартымды ете түседі.
Алайда, қуаттау инфрақұрылымы мен пайдалану жағдайы әлі жеткіліксіз аймақта оны күнделікті көлік ретінде таңдау әр жүргізушінің өз еркі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда автокөлік нөмірінің жаңа түсі пайда болады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 13:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















