Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Мектептерде ЖИ көмегімен оқытудың пилоттық жобасы енгізілді

Мектептерде ЖИ көмегімен оқытудың пилоттық жобасы енгізілді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мектептерде жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар тек өндіріс пен компанияларға емес, білім беру жүйесіне де айтарлықтай пайда әкеледі. Енді жасанды интеллект арнайы пәндерде оқытылады. Ұстаздар түрлі бағдарламаларды меңгеріп, оқушыларға заманауи білім беруде. 

Иә, бұрын ұстаздарымыз «телефонды ұстама!» деп ұрсушы еді, қазір керісінше, ұялы телефонсыз сабақ оқу мүмкін емес. Жаһанда жаппай дамыған бұл ақылды жүйелер талайдың қолын сөзсіз ұзартты. Өзіміз қолданатын жасанды интеллект элементтері мектептерге енді. Сабақтар арнайы цифрлық бағдарламалар арқылы өтіп, оқушыларға заманауи әдіспен білім берілуде. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеп, ұстаздардың жүктемесін едәуір азайтып жатыр.

Айгерім Зейнолла – физиканы формуламен ғана емес, заманауи тәсілмен оқытып жүрген ұстаз. Ол оқушының тапсырмасын QR-код арқылы тексеріп, әділ бағасын автоматты түрде қояды. Қызығы сол баға – қағазда емес, оқушының ұялы телефонына түседі. Ұстаз үшін бұл – жай технология емес, сабақтың тынысын ашатын құрал. Заман талабын таныған мұғалім жаңа әдісті жатсынбайды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті ойындар ұйымдастырады. Тіпті ұлы ғалымдарды да жасанды интелектінің көмегімен «сөйлетеді». Ньютон заңын Ньютонның өз аузымен айтқызады. Мұндай тәсілдер уақытты үнемдеп, білім сапасын арттырады.

Айгерім Зейнолла, Ілияс Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі:

- Үй тапсырмасын орындауға келгенде өзіңіз тексеріп отыратын болсаңыз, ол сіздің едәуір уақытыңызды алады. Ал платформаны пайдаланған кезде бала өзін нақты белгілейді де өзі тексеріп ала қояды. Сол жерде ғана пайдаланасыз. Оны үйге алып кетіп, келесі сабақ тексеріп алып келем десеңіз, ол ұзақ процес болады. Ал қазіргі кезде ол жасанды интеллектпен сол жерде ғана көріп ала қояды.

Бүгінде №58 мектеп-гимназиясында 140-тан астам ұстаз жасанды интеллект бойынша арнайы курс тәмамдады. Курс тек жүйені қолдануды ғана емес, оған дұрыс нұсқаулық беруді де үйретеді. Мектеп басшылығының айтуынша, осы тәсілмен-ақ әр пәннің мұғалімі сабақты заманауи форматқа көшіріп отыр. Ақылды жүйе – енді қағазбастылықты қысқартып, сабаққа жаңа тыныс береді.

Сапарай Ердеханова, Ілияс Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназиясының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

- Жасанды интеллект курсын аяқтағаннан кейін көптеген пән мұғалімдері сабақтарында жасанды интеллекттің элеиенттерін пайдаланады.  ЖИ-дің мысалы, сабақтың барысында бағалауға, топқа бөлуде, тапсырма беруде, тапсырманы тексеруде пайдалануда әрине, оқу үдерісінде ЖИ пен сабақ деру арқылы балалардың қызығушылығы артады. Ал оқушылардың қызығушылығы артқаннан кейін олардың әрбір жасаған жұмысы нәтижесі болары сөзсіз.

Жасанды интеллект информатика пәнінің қосымша құралы ретінде оқытылып жатыр. Бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылық пәні өтсе, жоғары сыныптарда оқушылар жасанды интеллектіні информатика аясында меңгереді.

Мерей Шахабаева, Ілияс Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі:

- 1-4 сыныптар аясында біз цифрлық сауаттылық пәні бойынша жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен таныстырудамыз. Жалпы цифрлық сауаттылық сабағын өту барысында негізгі презентация жасау, және шағын жоба жасау, сонымен қатар мәтін теру сияқты бастапқы мәліметтер мен бастапқы білімді берудеміз. Келесі кезекте 5-11 сыныптар арасында алгоритм құру, программалау сияқты күрледі тақырыптарды өту барысында біз оқушылармен жасанды интеллект програмасын пайдалану арқылы жалпы сабақты түсіну барысында оқушыларға үлкен көмегін тигізуде.

Қазіргі оқушы үй тапсырмасын ақылына емес, ақылды жүйеге сүйеніп орындап жүргені алаңдатады. Сондықтан ұстаз баланың өз ойы мен жасанды интеллекттің жазғанын ажыратуға тиіс. Сарапшының айтуынша білім беру кеңістігінде жасанды интеллектке негізделген мыңдаған платформа бар. Осындай кезеңде мұғалім тек сабақ беруші емес, зерттеуші, талдаушы бола білуі қажет.

ГҮЛМИРА ҚОРҒАНБАЕВА, САРАПШЫ

- Математика, физика және химия – техникалық ойлауға негіз болатын базалық пәндер. Дәл осы бағыттарда жасанды интеллект есептеу, талдау және зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Ал гуманитарлық ғылымдар саласында жасанды интеллект әрдайым шығармашылық шешім ұсына алмайды. Себебі креативті ойлау мен шешім қабылдау қабілеті – адамға тән қасиет. Бұл бағытта жасанды интеллект көмекші құрал ретінде ғана қолданылады. Ал шығармашылық пен жауапты шешім қабылдау әрдайым адамның, яғни ұстаз бен оқушының еншісінде қала береді.

Оқу ағарту министрлігі әр өңірде жауапты мамандарды бекітіп, әдістемелік орталықтарда арнайы бөлімдер ашты. Бұл бөлімдердің міндеті педагогтарды оқытып, жасанды интелектінің сауатты қолданудың нұсқаулығын әзірлейді. Сонымен бірге, құзырлы ведомство Цифрландыру министрлігімен бірлесе этикалық стандарттар мен академиялық адалдық ережелерін дайындап жатыр. Сараптамадан өткен соң бұл талаптар ұстаз бен оқушыға ұсынылады.

Асыл Түймебаев, ҚР ОМ Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы:

- Педагогтарды оқыту мәселесі жөнінде Қазақстан бойынша министрліктің шаралары аясында тегін онлайн курс ұйымдастырдық. Онда Қазақстан бойынша  340 мың педагог оқудан өтті. Соның 75 пайызы, яғни бұл деген 265 мыңнан астам педагог өз куәліктерін алды. Бұл дегеніміз жасанды интеллектің тиімді және мұғалімдердің де белсенділігін көрсететін көрсеткіш.

Астанадағы келешек мектептерінде жасанды интеллектіні қолданудың пилоттық жобасы іске қосылған. Қазіргі уақытта жоба сынақ кезеңінен өтуде. Өз тиімділігін көрсеткен жағдайда, жасанды интеллект элементтері барлық мектепке кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл технологиялар келер оқу жылдары білім бағдарламасына қосылады деген жоспар бар.

Авторлары: Асылжан Құрманғали, Самат Қазанбаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 21:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары