Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қасым-Жомарт Тоқаев D.A.R. Metall AG компаниясымен серіктестікті дамыту және заманауи неміс технологияларын игеру еліміздің өнеркәсіп және экология саласындағы басымдықтарына толық сай келетінін атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған орай кездесу барысында Қазақстанда металл өңдеу жобасын бірлесе іске асыру перспективасына айрықша мән берілді.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін металлургия секторы аса маңызды екеніне назар аударып, саланың маңдайалды кәсіпорны – Qarmet компаниясында жүргізіліп жатқан реконструкция барысын баяндады.
Өз кезегінде Кристиан Артнер неміс компаниясының Қазақстанда өндіріс жобаларын жалғастыруға ниетті екенін растады.
D.A.R. Metall AG Алатау қаласында тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге, сондай-ақ Qarmet компаниясымен жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:119
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 18:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















