Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын құру, білім беру, R&D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды.
Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:111
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 15:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















