Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Оңтүстік Корея инвесторлары Alatau city жобасына қалай қабылдады

Оңтүстік Корея инвесторлары Alatau city жобасына қалай қабылдады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сирек металдардан ЖИ-ге дейін

Қанат Бозымбаев «Таңғы жұпар» елінде Alatau Rise with Kazakhstan форумының ашылуына қатысып, әлеуетті инвесторлар алдында Алатау қаласының жаңа жобасын таныстырды.

Фото: Үкімет

Alatau City-ді Қазақстан Үкіметі технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің болашақ орталығы ретінде дамытуға мүдделі. Бұл қала инвесторларға қанатты қоғамдық көлік, сутегі экономикасы сияқты салаларда ынталандыру бағдарламаларын ұсынуға дайын.

Қанат Бозымбаев форумда сөйлеген сөзінде кореялық компаниялармен электроника, жаңартылатын энергетика, медицина, білім беру және қала сервистерін цифрландыру салаларында ынтымақ орнатудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Қазір Қазақстанда 800-ден астам корей компаниясы энергетика, құрылыс, қаржы, денсаулық сақтау, автомобиль өнеркәсібі және жоғары технология салаларында табысты жұмыс істеп жатқаны да айтылды. 2024 жылы Корея Республикасы Қазақстанның сауда серіктестері арасында 10-шы орынға, салған инвестициялар көлемі бойынша 3-ші орынға шықты.

— Біз бірлескен жобаларды одан әрі кеңейтіп, өнеркәсіп және энергетика салаларында кореялық компанияларды тартуға мүдделіміз. Сіздерді Alatau city ұлттық жобасына қатысуға шақырамыз, — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер бастаған қазақстандық делегация Оңтүстік Кореяның заң шығарушы, атқарушы органдары мен бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер аясында маңызды минералды шикізатты өндіру саласындағы бірлескен жұмыстан бастап жасанды интеллектті дамытуға дейінгі бағыттардың келешегі сөз болды. Осы кездесулердің бәрін Оңтүстік Кореядағы БАҚ-тың жан-жақты жазып жатқаны өзара байланысқа қызығушылық бар екенін көрсетсе керек.

Басты назар инновацияда

Оңтүстік Кореяның The Financial News газеті ірі Қазақстан делегациясының құрамында келген Үкімет өкілдерімен бірге ірі бизнес өкілдерін тізіп тұрып жазды.

Фото:

Бұл материалда Alatau City қаласына инвестиция салатын Оңтүстік Корея компанияларына қандай мүмкіндіктердің есігі ашылатыны толық баяндалған.

— Біз Кореядан келетін барлық инновацияны құптаймыз, — деді Қанат Бозымбаев AJU Press-ке берген сұхбатында.

Фото:

Сондай-ақ, ол жобаға АҚШ пен Қытайдан капитал тартылғанын айтты.

Қанат Бозымбаев Алатауды «крипто-қала» деп сипаттады, онда блокчейн мен цифрлық қаржы күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналатынын айта келіп, сутегі энергетикасы ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыты болатынын жеткізді.

— Doosan ұсынатын инновациялық технологиялар Алатау қаласында іске асып, әсіресе көгілдір және жасыл сутегі саласын белсенді қамтиды деп үміттенеміз, — деді вице-премьер.

AJU Press бұл мәліметтерді Қазақстан Үкіметі Оңтүстік Кореяның Samsung C& T, Hyundai E& C және Daewoo E& C сияқты компанияларын қала дамуының бастапқы кезеңіне тартуға ниетті екенін айтып толықтырады.

Өршіл жоба туралы батыл мәлімдеме

The Korea Times басылымы Қазақстан Alatau City жобасының арқасында Орталық Азиядағы инновациялар мен цифрлық қаржы орталығына айналуға ұмтылып жатқанын жазды.

Фото: Kazinform

«Мен кореялық инвесторлар мен қонақтарды осы өзара тиімді ынтымақтастықтың бір бөлігі болуға шақырамын. Korea Times материалында Қанат Бозымбаевтың осы сөзі берілді.

— Alatau city жобасы — жаңа сипаттағы қала ғана емес, ресурстарға тәуелді экономикадан инновациялар мен технологияларға негізделген экономикаға көшуді көздейтін батыл ұлттық мәлімдеме, — дейді Корея Демократиялық партиясының мүшесі Пак Хон Гын.

Сеул Алатауды қолдауға дайын

Yonhap ақпарат агенттігі жаһандық сауда болжап болмайтын өзгерістерді бастан кешіріп жатқан кезде екі елдің экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауы өте маңызды екенін жазды.

Фото:

Корея тарапынан келіссөз жүргізген жауапты тұлғалардың бірі — Өнеркәсіп министрі Ким Чжон Гван. Ол екі елдің өндіріс саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді ұсынып, Қазақстанды оңтүстік кореялық компанияларды құрылыс жобалары мен маңызды минералдарды жеткізу тізбегіндегі тығыз ынтымақтастыққа қатыстыруға үндеді.

Фото:

KBS World-тың жазғанына сүйенсек, Корея Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық хабқа айналу жоспарын қолдау үшін жасанды интеллект саласындағы озық технологиялар мен аналитикалық білім ұсына алады.

Фото:

Бұған дейін Alatau City-ді дамытатын жобаларға ақша салған инвесторлар 25 жылға салықтан босатылатынын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 20:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары