Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Тәжікстанның архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ архив саласының жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Іс-шараның ашылуында Аида Балаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысы архив саласының қызметкерлері мен ардагерлерін Ұлттық архивтің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің тарихи мұрасын сақтауға қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.

"Архив қорында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдерін айшықтайтын құнды мәліметтер бар. Мекеме мамандары шетелдік архивтерден табылған тарихи жәдігерлерді зерделеп, құнды құжаттарды елге жеткізу жолында елеулі еңбек сіңірді. Соның арқасында архив қоры он төрт ғасырды қамтитын бірегей деректермен толықты. Ұлт шежіресін тереңірек тануға мүмкіндік беретін мұндай игі жұмыстың мәні айрықша екені анық. Бүгінгі басқосуда архив саласын заман талабына сай дамыту жөнінде салиқалы пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін", делінген президенттің құттықтау хатында.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Өз сөзінде премьер-министрдің орынбасары архив ісінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ұжымға және сала ардагерлеріне алғыс айтып, бүгінде еліміз аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп отырғанын атап өтті.

"Біз қазір ел дамуының жаңа дәуіріне аяқ бастық. Жаңа Конституцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновация ел дамуының стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – өткенді сақтау ғана емес, болашақты бағамдау. Өйткені халықтың тарихи жады – мемлекеттің рухани негізі. Ал сол мұраны сақтайтын басты институттардың бірі – архив. Мемлекет басшысы жаңа атап өткендей, Ұлттық архив төл тарихымызды жаңғыртып, өскелең ұрпаққа жеткізуде зор үлес қосып келеді. Тағы бір жақсы жаңалықтың бірі биыл Қазақстан Республикасы ұлттық архивіне "Ұлттық" мәртебе беріледі", – деді Аида Балаева.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мерейтойлық датаға орай архив саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерлер мен мамандарға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табысталды.

"Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жыл" атты құжаттық көрме аясында Ұлттық архивте оның қызметіне арналған арнайы бұрыш ашылды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы 237 мемлекеттік архивте Ұлттық архив қорының 30 миллионға жуық құжаты сақтаулы. Архив саласында 3,5 мыңнан астам маман еңбек етеді. Архив қорлары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет өкілдерінің жеке архивтік құжаттарымен тұрақты түрде толықтырылып келеді.

Архив саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі – цифрлық трансформация. Соңғы жылдары Ұлттық архивтегі цифрландырылған құжаттардың үлесі 3 пайыздан 26 пайызға дейін артты. Құжаттарды қабылдауға, сақтауға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың сұрау салуларын жедел орындауға мүмкіндік беретін "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі енгізілді.

Мамандар даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде архив саласының мыңнан астам қызметкері арнайы сертификатқа ие болды.

Конференция барысында қатысушылар Ұлттық архив қорларын қалыптастыру, архив құжаттарын ғылыми тұрғыда жариялау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, архив саласын цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының архив саласын одан әрі дамытуға бағытталған қарар қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдағаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 18:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары