Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Мәулен Әшімбаев Sensitive театры ұжымын мерейтоймен құттықтады

Мәулен Әшімбаев Sensitive театры ұжымын мерейтоймен құттықтады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Astana ballet театрында «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Аталған қойылымды есту қабілеті нашар өнерпаздардан құралған «SENSITIVE» ерекше театры сахналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Театрдың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған және Анна Цойдың режиссерлығымен сахналанған спектакль ежелгі Ботай мәдениетіне арналады.

Қойылымның басты ерекшелігі – дыбыстың мүлде қолданылмауы. Сахнада негізінен эмоцияға, жарыққа және хореографияға басымдық берілген. Шығармада Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан, жылқы алғаш қолға үйретілген мекендердің бірі саналатын ежелгі Ботай қонысының өмірі көркемдік тұрғыда қайта зерделенеді.

Спектакльді тамашалаған Мәулен Әшімбаев театр ұжымының шеберлігіне жоғары баға берді. Ол өнердің қоғамдағы кедергілерді жойып, мүгедектігі бар азаматтардың өмірден өз орнын табуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі жандарды жан-жақты қолдау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін тілге тиек етті. Бүгінде бұл бағытқа жоғары деңгейде айрықша мән беріліп, кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келе жатқаны да назарға алынды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамның даму деңгейі ерекше қажеттілігі бар жандарға деген көзқараспен өлшенетінін үнемі айтып келеді. Сол себепті елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға және инклюзия құндылықтарын ілгерілетуге баса мән беріліп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда физикалық және әлеуметтік кедергілерді жоюға арналған жүйелі жұмыс жүзеге асырылуда. Басты мақсат – ерекше қажеттілігі бар әрбір азаматқа еңбекте, кәсіби салада, шығармашылықта және қоғамдық өмірде өз әлеуетін толық іске асыруына қажетті жағдай жасау», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара барысында Палата Спикері «SENSITIVE» би ұжымын және оның көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы театрдың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мәулен Әшімбаев бұл жоба Қазақстанда инклюзивті өнерді дамытуға үлкен үлес қосқанына тоқталып, өнерпаздардың қажырлы еңбегіне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ ансамбль өскелең ұрпақ үшін жігер мен мотивацияның жарқын үлгісіне айналғаны әңгімеге арқау болды. Ольга Ростовщикованың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігінің арқасында ұжым жоғары шығармашылық жетістіктерге жетіп, дарынды жастардың ортаға бейімделуіне серпін беріп келеді. Сенат Төрағасы «SENSITIVE» театры тағдыр сынағына тап болған азаматтарды жігерлендіріп, олардың қиындықтарды еңсеруіне және әр адамға өз қабілетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

«Сахнадағы жиырма жыл – батыл идеядан әлемдік деңгейде мойындалған белеске дейінгі үлкен жол. «SENSITIVE» ұжымының жетістігі көптеген қазақстандық үшін өз өзіне деген сенім мен тәлімгердің қолдауы арманды ақиқатқа айналдыратынына дәлел болды. Ольга Ростовщикованың жұмысы тек би өнерімен шектелмейді. Бұл бастаманың мақсаты – ерекше балалар өздерін қажет әрі мықты сезінетін орта қалыптастыру. Мұндай қадам қоғам үшін аса маңызды. Олар адамгершіліктің жаңа өлшемін айқындап, еліміздің әр өңіріндегі жастарды дамуға, ортаға бейімделуге, өз күшіне сенуге және арманына батыл қадам жасауға ынталандырады», – деп, Мәулен Әшімбаев театр ұжымына өнерге деген адалдықтары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, Петропавл қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың базасында құрылған «SENSITIVE» театры бүгінде әлемдік деңгейде танылған шығармашылық ұжымға айналды. Биыл театрдың құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде оның әртістері көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 12:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары