Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Мемлекет басшысының қолдауы Психологиялық қызмет туралы заң жобасын әзірлеуге елеулі серпін берді Зарема Шаукенова

Мемлекет басшысының қолдауы Психологиялық қызмет туралы заң жобасын әзірлеуге елеулі серпін берді Зарема Шаукенова

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

AMANAT партиясының Әйелдер қанатының «Психологиялық қызметті құруға және оның тиімді жұмыс істеуіне атсалысу» басымдығы бойынша тең төрағасы, Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері, академик Зарема Шаукенова Ұлттық құрылтайдың қоғам дамуына және «Қазақстан Республикасындағы психологиялық қызмет туралы» заңының туындаған сынаққа өте маңызды әрі баға жетпес үлесін қосты деген пікір білдірді, - деп хабарлайды Aykin.kz

Оның айтуынша, уақытылы қабылданып отырған «Қазақстан Республикасындағы психологиялық қызмет туралы» заңы жоғары оқу орындарының арнайы факультеттерінде, бөлімшелерінде, кафедраларында осы мамандықты игеріп, тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттыратын адамдар үшін психолог мәртебесін бекітеді. Осы заңға қатаң бағыну қоғамымыздың маңызды саласының бірі – психологиялық қызмет көрсету саласындағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына да септігін тигізеді.

– Ұлттық құрылтайда бұл мәселенің қаралуы және Мемлекет басшысының қолдауы кейінгі жұмыс кезеңіне – «Психологиялық қызмет» туралы заң жобасын әзірлеуге елеулі серпін берді. Өткен жылдың жазында заң жобасы келісім алу үшін Үкіметке ұсынылып, барлық қажетті сараптамалардан өтіп, мемлекеттік органдар мен талап етілетін құрылымдармен келісілді, және жақында Мәжіліс Парламентіне әрі қарай қаралуға жолданды. Заң жобасында психолог-мамандардың құқықтық мәртебесін бекітуге, олардың кәсіби даярлығы, қайта даярлық, біліктілікті растау және жоғарылату талаптарын анықтауға, психологиялық қызмет көрсетудің формалары мен шарттарын белгілеуге, көмек алушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындауға, кәсіби этика және тараптардың жауапкершілігі негіздерін белгілеуге баса назар аударылған. Басты міндет – еліміздің азаматтарына нақты пайда әкелетін елеулі нәтижеге қол жеткізу, – деді академик. 

 Зарема Шаукенова осы уақыттың бәрінде аталған жұмыс Ұлттық құрылтайдың тұрақты назарында болғанын айтты.

– 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің Негізгі заңы қабылданды. Бұл құжат мемлекет пен қоғамның құрылымын айқындап, негізгі құндылықтарды бекітіп, мемлекет пен азаматтар үшін негізгі бағдарларды белгіледі. Осы құжаттың маңызы аса зор. Қазақстан Конституциясы бастапқыдан-ақ гуманизм мен құқықтың үстемдігі қағидаттарына бағытталды. Ол адамды, оның қадір-қасиетін, бостандықтары мен құқықтарын басты орынға қояды. Адам құқықтары туған сәттен бастап абсолютті әрі ажырамас болып табылады. Алайда Конституция тек адам құқықтарын ғана айқындап қоймайды. Онда биліктің жұмыс істеуінің саяси тетіктері де – тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі, өкілеттіктердің нақты бөлінісі бекітілген.

Өткен жылдар ішінде, яғни 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. Негізгі заңға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Ең ауқымдысы 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдум болды. Дәл сол кезде Конституцияда ең маңызды тұжырымдардың бірі пайда болды: «Жер және оның қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі». Бұл шешім қоғам тарапынан әлеуметтік әділеттілікке және елдің табиғи байлықтары үстінен егемендікке жасалған қадам ретінде қабылданды. 2022 жыл билік құрылымы мәселелеріндегі өзгерістердің де маңызды кезеңіне айналды. Қазақстандықтар суперпрезиденттік басқару үлгісінен Парламенті күшті, неғұрлым теңгерімді президенттік республикаға көшуді қолдады. Бұл қоғамның жаңғыруға және тұрақтылыққа ұмтылысын білдіреді. Қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі жолындағы экономикалық даму, патриотизм және маңызды мәселелерді шешудің демократиялық тәсілдері – жай ғана қағидаттар емес, бұл біз өз іс-әрекетіміз бен ел бағытын бағдарлайтын векторлар. Бұлар – Конституциямызда берік орныққан мызғымас құндылықтар.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақтың диалогы» атты конференцияда сөйлеген сөзінде конституционализм ешқашан бір орында тұрмайтынын атап өтті. Ол заң шығару үдерісімен тығыз байланысты, алайда мүлде жаңа технологиялық, экономикалық және геосаяси жағдайларда дамып келеді. Бұл мәселе Қазақстанның бүкіл білікті заңгерлік қауымдастығының тұрақты назарында болып, жан-жақты зерттелуі тиіс. Біздің Негізгі заңымыздың жасампаздық әлеуеті орасан зор. Конституциялық, саяси және экономикалық реформалар, халқымыздың зор күші мен әлеуеті, білім беру, ғылым және мәдениет салаларына салынған ауқымды инвестициялар – осылардың барлығы елдегі оң өзгерістерге жол ашты. Ал бұл өзгерістерді прогрессивті реформаларды жүзеге асыру арқылы қайтымсыз ету – біздің басты міндетіміз.

Конституцияға сәйкес, мемлекет баршаға тең мүмкіндіктер жасауға, яғни қатысудың инклюзивті қоғамын қалыптастыруға тиіс. Өйткені қоғамның белсенді рөлінсіз – азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси және діни бірлестіктердің қатысуынсыз – орнықты құқықтық жүйе құру мүмкін емес. Конституцияның сақталуына жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, әрбір адамға жүктеледі. Кері байланыссыз, қоғамдық белсенділік пен сауатты азаматтық қатысусыз алға жылжу мүмкін емес.

Мемлекеттің негізгі міндеттері өзінде қалатынын есте ұстау қажет: қауіпсіздікті, тұрақтылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың осал топтарын қорғау. Алайда идеяларды ортаға салып, өзгерістерді бастамалау міндеті азаматтық қоғамға жүктеледі. Мұндай әріптестік тек сенім негізінде ғана мүмкін. Дәл сол сенім өзіндік бір саяси капиталға айналады. Конфуций айтқандай: «Мемлекетте жеткілікті азық-түлік, қару-жарақ және билікке деген сенім болуы керек. Егер бір нәрседен бас тартуға болатын болса, ол сенім емес, өйткені сенімсіз мемлекет өмір сүре алмайды».

Президент Қ. К. Тоқаевтың саяси кредосы президенттік қызметінің алғашқы күндерінен бастап сенімді нығайту, оны қолдауға және арттыруға ықпал ететін тұжырымдамалар мен қоғамдық институттарды қалыптастыру болып келеді және солай болып қала береді. Олардың қатарында «Естуші мемлекет», «Әділетті Қазақстан», Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) және оның орнына келген Ұлттық құрылтай бар. 2022 жылғы 16 наурызда халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің ата-бабаларымыз тағдырлы шешімдерді әрдайым бүкіл халық болып талқылап, қабылдаған. Бұған Ұлытау, Ордабасы, Күлтөбе жерлерінде өткен ұлы жиындар дәлел. Біз жалпыұлттық бірліктің негізін қалаған Ұлы дала демократиялық дәстүрін қайта жаңғыртуымыз қажет», – деді. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың жаңартылған тұжырымдамадағы алғашқы отырысын Ұлы даланың орталығы саналатын Ұлытау облысында өткізу туралы шешім қабылданды, – деді Зарема Шаукенова.

Акедемиктің айтуынша, Ұлттық құрылтай қызметінің ең маңызды нәтижесі – оның заң шығару бағытындағы жұмысы. Ұлттық құрылтай мен оның мүшелерінің бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданды. Қазіргі уақытта тағы 10 заң жобасы пысықталу үстінде, оның ішінде психологтар мен коучтардың қызметін реттеуге бағытталған заңнамалық шаралар да бар.

– Психологиялық қолдау мен психикалық денсаулық мәселелері 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауларында жалпы әлеуметтік және білім беру саясатына кешенді түрде енгізілді. Мәселен, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Президент білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау қызметін институционалдық тұрғыдан күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің тиімді бағдарламасын әзірлеуді тапсырдіы, - дейді ол. 

Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын, AMANAT партиясы хатшысы Шолпан Каринованың бастамасымен партияның Әйелдер қанатында «Психологиялық қызметті құруға және оның тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу» атты басымдық айқындалды. Мәжіліс депутаты, партия Әйелдер қанатының осы басымдық бойынша тең төрағасы Айна Мусралимова психологиялық көмек саласында мемлекеттік саясатты жүйелі түрде қалыптастыру қажеттігі жөнінде депутаттық сауал жолдады. Онда реттеуді енгізу, психологиялық қызметтердің жұмыс ережелерін айқындау, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін күшейту, уәкілетті органды анықтау және осы саланы үйлестіру мен бақылау үшін ведомствоаралық кеңес құру мәселелері көтерілді. Аталған басымдық аясында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мол тәжірибесі бар практик-психологтар, зерттеушілер және еліміздің жетекші мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарының оқытушылары енді. 2024 жылы сарапшылар психологтарды даярлау мәселесін және елдегі профильдік кафедралары бар ғылыми мектептердің жай-күйін белсенді түрде талқылады. Психологиялық қызметті заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесі зерделеніп, заң жобасының тұжырымдамасы мен оның жекелеген баптары бойынша жұмыс жүргізілді. Жетекші психологтардың, ғалымдар мен практиктердің, кафедра меңгерушілерінің, психологиялық қауымдастықтардың, мемлекеттік органдар, талдау орталықтары өкілдерінің, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың қатысуымен халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер және сараптамалық пікірталастар өткізілді.

– 2025 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше тоқталып, елімізде адамдарға «өмір сүруді үйретіп», соны табыс көзіне айналдырған жалған психологтар мен коучтардың көп екенін атап өтті. Оларға сенген көптеген азаматтар ақыр соңында алданған. Әлемнің көптеген елдерінде психологтардың қызметі лицензиялау рәсімін, кәсіби қауымдастықтардың жұмысын және мемлекеттік стандарттарды қолдануды үйлестіру арқылы реттеледі. Бұл қызметтің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді. Әдетте білім деңгейі мен тәжірибеге қойылатын нақты талаптар, мамандарды міндетті түрде сертификаттау немесе тіркеу, бірыңғай этикалық нормалар және кәсіби ережелердің сақталуын бақылау тетіктері белгіленеді. Мұның барлығы мамандар үшін түсінікті қағидаларды қалыптастырып, психологиялық қолдау алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Негізгі уәж – азаматтардың құқықтарын біліксіз психологтардан және әртүрлі псевдопсихологтардан қорғау, сондай-ақ мамандардың кәсіби деңгейін арттыру.

2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Психология – мамандық және ғылым ретінде: мәселелер мен шешімдер» атты тақырыптық отырысы өтті. Мәжіліс депутаттары мен қазақстандық психологтардың кәсіби қауымдастығының өкілдері психологиялық көмек көрсету туралы нақты стандарттары, міндетті сертификаттауы, мамандардың ұлттық тізілімі және бақылау тетіктері бар арнайы заң қажет деген ортақ пікірге келді, –  деді ол. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары