Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Жаңа Конституция – орнықты дамудың кепілі». Осындай атаумен Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтында дөңгелек үстел жиыны өтті. Отырыста сарапшылар мен депутаттар референдум қорытындыларын саралап, Негізгі заңның елдің саяси және құқықтық дамуына ықпалын талқылады.

Қатысушылар мемлекеттік билік жүйе­сіндегі институционалдық өзгеріс­терді, адам құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мәселелерін сөз етті. Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жаңа Конституция ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын нығай­тып қана қоймай, заң үстемдігін, аумақтық тұтастықты берік ететінін атап өтті.

«Ең маңыздысы, адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән беріліп, оларды қорғау тетіктері күшейтілді, бұл өз кезегінде қоғамның мемлекетке деген сенімін арттырады. Конституцияда экономикалық және әлеуметтік бағыттар да айқын. Жекеменшікті қорғау, бизнеске тең жағдай жасау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру көзделген. Бұл – өткен тарихи тәжірибені, ұлттық құндылықтарды және заманауи жаһандық үрдістерді үйлестірген, елдің болашағына бағытталған маңызды қадам», деді сенатор.

Ал Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай жаңа Ата заң 2019 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан саяси ре­формалардың жалғасы екеніне тоқта­лып, алдағы міндеттерді нақтылап өтті.

«Бұл – көп жылдар, айлар мен күндер бойы атқарылған ортақ еңбектің нақты жемісі. Иә, бастапқыда халық арасында күдік болғаны жасырын емес. Бірақ кең көлемде жүргізілген түсіндіру жұмыстары, халықпен ашық кездесулер арқылы азаматтарымыз реформалардың мәнін терең түсініп, жаңа Конституцияны кеңінен қолдап отыр. Ендігі басты міндет – осы нормалардың толық әрі сапалы жүзеге асуы. Заң қабылдау жеткіліксіз, оны жұртшылықтың дұрыс түсініп, өз құқықтарын тиімді пайдалана алуы шешуші рөл атқарады. Конституция тек мемлекеттік органдар үшін емес, әрбір азаматтың өз құқығын қорғауына мүмкіндік беретін басты құрал болуға тиіс. Сондықтан алда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Яғни заңдардың сапасын арттыру, оларды қоғаммен бірлесе талқылау және нақты өмірде тиімді іске асыру. Жаңа қоғамдық институттар мен цифрлық мүмкіндіктер осы үдерісті жеделдетіп, заң шығару сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», деді Б.Жексенбай.

Референдум елдегі саяси реформаларға халықтың жоғары деңгейде қолдау білдіретінін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Салыстырсақ, 15 наурыздағы дауыс беруде халықтың қатысу деңгейі бұрынғы саяси науқандармен салыстырғанда едәуір жоғары.

«Мәселен, 2022 жылғы Конституцияға өзгерістер енгізу референдумында қатысу 68,44% болса, сол жылғы Президент сайлауында – 69,43, 2023 жылғы Парламент сайлауында – 54,19, ал 2024 жылғы атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойын-ша жалпыхалықтық референдумда 63,87 пайыз болған. Ал соңғы референдумдағы көрсеткіштің өсуі азаматтардың мемлекет тағдырын айқындайтын шешімдерге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі­нің артқанын көрсетеді. Бұл үрдіс референдумның жай ғана дауыс беру рәсімі емес, халықтың саяси реформаларға деген сенімін тікелей білдіретін маңызды құралға айналғанын айғақтайды. Халықаралық тәжірибеде де дәл осындай жоғары қатысу деңгейі демократиялық легитимділіктің маңызды көрсеткіші ретінде бағаланады», деді Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат.

Жалпыхалықтық науқанға дейін жүргізілген сауалнама нәтижесінде де ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған еді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова зерттеулер көрсеткендей, азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы алғанын айтты. Сондай-ақ ол Ата заңның нормаларын түсіндіру жұмысын жалғастыра беру керек екенін жеткізді.

«Көп жағдайда адамдар өзгерістердің мәнін үстірт қабылдап, толық түсінбей жатады. Сондықтан конституциялық реформа жөнінен құқықтық ағартушылықты күшейту керек. Әсіресе жастар арасында Ата заңды кеңінен насихаттап, оны әр азаматтың күнделікті өміріне қатысты маңызды құжат ретінде түсіндіру маңызды», деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

Ата заң • Бүгін, 08:45

Ерлан Қошанов:Халқымыз тарихи таңдауын жасады

Сұхбат • Бүгін, 08:40

Жаңғырудың жеті жылы: Тұрақтылық пен даму

Білім • Бүгін, 08:35

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30

Абылай хан дәуірінің тың деректері

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Наградалармен марапатталды

Марапат • Бүгін, 08:22

Ғұмар мен «Қазақстан»

Көрме • Бүгін, 08:20

Инвестициялық қолдау екі есе артты

Үкімет • Бүгін, 08:17

Өмір жұпарын сезіндірген өнер

Өнер • Бүгін, 08:15

Сирек кеселдің үнсіз кесірі

Денсаулық • Бүгін, 08:12

Алаяқтар айылын жияр емес

Қылмыс • Бүгін, 08:10

Конституцияны іске асыру тетіктері нақтыланды

Үкімет • Бүгін, 08:07

Цифрлық жүйе – қауіпсіздік кепілі

Құқық • Бүгін, 08:05

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы мақұлданды

Саясат • Бүгін, 08:02

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары