Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Азиада: Жеңіс жолы жалғасады

Азиада: Жеңіс жолы жалғасады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Доданың алғашқы кезеңдерін бірқатар медальмен түйіндеген спортшыларымыз араға бірнеше күн салып жүлде санын 30-ға жеткізді. Қазір ұлттық құраманың еншісінде 8 алтын, 8 күміс және 14 қола бар. 

Атой салған спортшылар

Алғашқы күнгі төрт алтыннан кейін жеңісті жолды аралас жекпе-жек шеберлері жалғады. Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген спорт түрінде қазақстандықтар бірден өз сөзін айтты. 77 келіде сынға түскен Еркінғали Бүр­кіталин финалда Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті. Үш раундқа созылған айқаста қар­сыласынан басым түскен қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Азия ойындарының аралас жекпе-жектен тұңғыш чемпиондарының бірі атанды.

Көп ұзамай жеңіс тұғырына Қадырбек Шынбаев көтерілді. 71 келіге дейінгі салмақтың финалында тәжікстандық Бехруз Хуршедзодамен қолғап түйістірген отандасымыз қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. 3:0 есебімен аяқталған айқас Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды. Бұған дейін каратэшілер қос алтын әкелсе, бұл жолы жекпе-жек шеберлері сол дәстүрді жалғады. Оның үстіне Азия ойындарына алғаш қосылған спорт түрінен бірден екі чемпионның шыққаны көңіл қуантып отыр.

Луценко рекорд жаңартты

Ал Алексей Луценко Аичи-Нагояға жай ғана кезекті жүлде үшін келмегенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алғашқы жарыс күнінде жекелей сында топ жарған тәжірибелі велошабандоз бірнеше күннен кейін топтық жарыстың да басты қаһарманына айналды. Мәреге бірінші жеткен Луценко осы Азиададағы екінші алтынын мойнына тақты. Оның командаласы Евгений Федоров та үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл жеңістің салмағы бір алтынмен ғана өлшенбейді. Луценко Азия ойындарындағы алтын медаль санын алтауға жеткізіп, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жазғы Азия ойындарында ең көп чемпион атанған спортшы болды. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша каноэші Константин Негодяев алда тұрған еді. 34 жастағы спортшының Аичи-Нагоядағы өнері тәжірибенің әлі де шешуші рөл атқаратынын көрсетті. Бір Азиадада жекелей және топтық жарыста қатарынан екі алтын алу – екінің біріне бұйыра бермейтін нәтиже.

Жапониядағы сегізінші алтынның жөні тіпті бөлек. Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасындағы рульсіз екі адамдық қайық жарысында мәреге бірінші келді. Қазақстандық жұп 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарын артта қалдырды.

Бұл жеңіспен бірге Қазақстан спортының тарихына жаңа жол жазылды. Өйткені бұған дейін еліміздің спортшылары академиялық ескек есуден Азия ойындарында алтын алып көрмеген еді. Яковлев пен Чернухин сол олқылықтың орнын толтырып, Қазақстанға осы спорт түріндегі алғашқы Азиада алтынын сыйлады.

Байдарка мен каноэде де жүлдесіз қалған жоқпыз. Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая 500 метрге жарыста күміс жүлдеге қол жеткізсе, Сергей және Тимофей Емельяновтар екілік каноэде қола алды. Кейін Шмелева, Стелла Суханова, Токарницкая және Эвелина Костенко төрттік байдаркамен жарыста тағы бір қола қосты.

Санаулы ұпай шешкен сын

Азиаданың кейінгі күндерінде күміс жүлделердің де қатары көбейді. Кейбірінде алтынға санаулы ұпай, кейбірінде бір ғана белдесу жетпей қалды.

Спорттық гимнастикада Милад Карими еркін жаттығуда 14,600 ұпай жинады. Чемпиондық атақтан оны небәрі 0,066 ұпай бөліп тұрды. Дегенмен Каримидің күмісі қазақ гимнастикасы үшін елеулі нәтиже. Қазақстан спортшылары Азия ойындарында еркін жаттығудан 32 жылдан бері жүлде ала алмай келген еді. Семсерлесуші Кирилл Проходов та алтынға өте жақын барды. Шпага шебері финалда Париж Олимпиадасының чемпионы жапониялық Коки Каномен кездесті. Қос спортшының тартысы соңына дейін жалғасып, 13:15 есебімен аяқталды. Проходовқа күміс бұйырды. Ушу-саньда шебері Абдурашид Абдуллаев та финалға дейін жетіп, 75 келіде күміс жүлде алды. Жеңіл атлетикада Кристина Морозова жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен екінші орынға тұрақтады.

Стенд атудан Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаевадан құралған әйелдер құрамасы скиттен күміс алды. Әсем мұнымен тоқтаған жоқ. Кейін жекелей сынның финалында да үздік үштікке кіріп, қола медальді қоржынға салды. Жүлденің түсі қола болғанымен, оған жетер жолдың жеңіл болмағанын жекелеген нәтижелерден-ақ байқауға болады. Семсерлесуші Артем Саркисян ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы оңтүстіккореялық До Гёндонды 15:14 есебімен жеңіп, көпшілікті елең еткізді. Жартылай финалда тағы бір атақты қарсыласы, үш дүркін Олимпиада чемпионы О Сан Укпен жолы түйісті. Бұл жолы кореялық спортшы басым түсіп, Саркисян қола жүлдемен тоқтады.

Каратэде Бэлла Самашева мен Нұрқанат Әжіқанов үшінші орыннан көрінді. Самашеваның жүлдеге жетер жолында Ханчжоу Азия ойындары­ның чемпионы, өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңгенін де атап өткен жөн. Аралас жекпе-жектен Санжар Әділов, ушу-саньдадан Әлижан Аблағатов та Қазақстан қоржынына қола салды. Жеңіл атлетикада Алина Чистякова жетісайыста 5568 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Сырықпен секіруші Полина Иванова 4,15 метр биіктікті бағындырып, қола жүлдеге қол жеткізді. Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 50 метрден мылтықпен үш қалыпта ату сайысында үшінші нәтиже көрсетті. Ал әйелдер арасындағы командалық шпагада София Николайчук, Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина және Владислава Андреева қола жүлдегер атанды.

Алтыннан айырған аяқкиім

Дегенмен биылғы Азиада Қазақстан спорты үшін жеңістермен қатар, өкінішті оқиғамен де есте қалғалы тұр. Күні кеше әйелдер арасындағы 42,195 шақырымдық марафондық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижемен мәреге бірінші жеткен еді. Ол екінші келген қытайлық Даньцзэн Цюйцзуннан төрт минутқа жуық уақыт бұрын келді. Алайда Қазақстан қоржынына түсті деген алтынның қуанышы ұзаққа созылмады. Жарыстан кейін Тоқсанбаеваның аяқкиіміне қатысты наразылық түсіп, нәтижесі тексеріске алынды. 28 қыркүйекте Азия Олимпиадалық кеңесі қазақстандық спортшының нәтижесін жойып, жарыстан шеттетілгенін жариялады.

Ресми мәліметте бұған World Athletics-тің спорттық аяқкиімге қатысты техникалық талабын бұзу себеп болғаны көрсетілген. Халықаралық ереже бойынша жарысқа қатысушы спортшының аяқкиімі белгіленген техникалық стандарттарға сай болып, рұқсат етілген үлгілер қатарына енуге тиіс. Ясминаның нәтижесі жойылғаннан кейін бастапқыда екінші келген Даньцзэн Цюйцзун Азия ойындарының чемпионы атанды. Қытайлық Ма Ли күміске көтерілсе, жапониялық Юкико Умено қола жүлдеге ие болды.

Спорт сарапшысы Аслан Қаженов бұл жағ­дай­ды спортшының ғана емес, оған жауапты мамандардың да елеулі олқылығы деп бағалайды. Оның айтуынша, мұндай жарыстарда спортшы допинг қолданғаны немесе спорттық жүріс тәртібін бұзғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін. Ал Ясмина қашықтықты ереже аясында жүріп өтіп, қарсыластарынан айқын басым түскен.

– Ясмина Тоқсанбаева алтынынан болмайтын қателіктен айырылды. Жарыс алаңына киетін аяқкиім дұрыс таңдалмаған. Қазақ қызы қашық­тықты таза өтіп, айқын басымдықпен жеңді. Бірақ қолда тұрған алтыннан айырылып отыр. Жеңіл атлетика федерациясы мұны неге алдын ала ескермеді, спортшы неге талапқа сай аяқкиіммен қамтамасыз етілмеді? Осындай жағдайда жауапты мамандар спортшының мүддесін қорғау үшін жедел әрекет етуге тиіс еді, – дейді Аслан Қаженов.

Сарапшы көтерген сауалдың жаны бар. Азия ойындары секілді ірі додаға спортшы жалғыз бармайды. Оның жанында бапкерлер, федерация өкілдері мен өзге де мамандардан құралған тұтас команда жүреді. Сондықтан жарыс киімінен бастап аяқкиімге дейінгі әрбір ұсақ-түйек халықаралық талаптарға сәйкестігі жағынан алдын ала тексерілуге тиіс.

Жапониядағы Азия ойындарының соңғы нүктесі әзірге қойылған жоқ. Аичи-Нагоядағы аламанның ең қызған шағы енді келді. Алда қазақ жанкүйері айрықша үміт артатын бокс пен дзюдо бар. Алғашқы мақалада бес алтын күтуге негіз бар деп бағаланған боксшылар енді шаршы алаңда сол болжамның қаншалықты дәл екенін көрсетуі керек.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 07:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары