Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Азиада алдындағы сын

Азиада алдындағы сын

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бірі құрлықтық дода алдындағы соңғы дайындығын пысықтаса, енді бірі Лос-Анджелес Олимпиадасына басталған ұзақ жолда рейтингтік қорын молайтуға күш салады. Сондықтан 28-30 тамыз аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турнирін күнтізбедегі кезекті жарыс деп қана қарауға болмайды. Мұнда Азиада алдындағы дайындық та, Олимпиада жолындағы есеп те қатар жүреді.

Лозанна додасының тағы бір ерек­шелігі бар. Биыл Швейца­рия өз тарихында алғаш рет дзюдодан Grand Slam турнирін қабылдайды. Жа­рыс Олимпиада қозғалысының ор­талығы саналатын Vaudoise Arena ке­шенінде өтпек. Ха­лық­ара­лық дзюдо федерациясының мә­лі­ме­тіне сүйен­сек, турнирге 78 елден 530-дан астам спорт­шы тіркелген. Оның үстіне бұл бәсеке элиталық дзю­до­мен қатар бейім­делген дзюдо жарыс­та­рын бір алаң­да тоғыстыратын ай­рық­ша тур­нир бол­мақ.

Лозанна татамиіндегі тар­тыс­тың жоғары болуына тағы бір се­беп бар. Лос-Анджелес-2028 Олим­пиадасына ресми іріктеу кезеңі биыл маусымда Ұлан-Ба­тыр­да өткен Grand Slam жа­ры­сы­нан басталды. Демек, ен­ді әлемдік турдың әр ке­зеңіндегі жеңіс пен рейтингтік ұпайдың құны бұрынғыдан жоғары. IJF те Олим­­­пиада жо­лын­­дағы әр жа­рыс­тың спортшы­лар үшін страте­гия­лық маңызға ие бол­­ғанын атап көр­се­теді.

Қазақстан құрамасы да осы кезеңге біртіндеп кі­рісті. Ұлан-Батырдағы Grand Slam турнирінде отан­дастарымыз жүлдеге жете алмады. Қа­зақстан үш жетінші орынмен ко­ман­далық есепте 31-сатыда қалды. Ал ара­ға бір апта салып Қытайдың Циндао қа­ласында өткен Гран-при кезеңінде Ғұс­ман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі сал­мақта күміс медаль иеленді. Фи­нал­да ол Олимпиада чемпионы жа­по­ниялық Хифуми Абэге жол берді.

Қазақстаннан 15 дзюдошы барады

Лозаннадағы Grand Slam турниріне Қазақстан құрамасынан 15 спортшы тір­келген. Оның 11-і ерлер, төр­теуі әйел­дер құрамасынан. IJF-тің ресми тізімінде де Қазақ­стан­­ның дәл осындай құрам­мен қа­тысатыны көрсетілген.

Ерлер арасында 60 келіге дейін­гі салмақта Талғат Орын­басар мен Шер­зод Давла­тов, 66 келіде Нұр­қанат Серік­баев пен Ақыл­жан Жұбат­қа­нов, 73 келіде Аңсарбек Ғайнуллин мен Бақытжан Абдурахманов, 81 ке­ліде Әділет Ал­мат пен Абы­лай­хан Жұбаназар, 90 келіде Айдар Ара­пов, 100 келіде Ма­рат Байқамұров, ал аса ауыр салмақта Ера­сыл Қажыбаев белдеседі.

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әб­дірова, 70 келіде Ажар Асхат, 78 келіде Аружан Жан­гелдина, +78 келіде Аида Тойшы­бе­кова сынға түседі.

Бұл тізімнің бір ерекшелігі – Ло­зан­­наға Азия ойындарына баратын бір­қатар спортшы да қатысады. Яғни Ба­қытжан Абдурахманов, Әділет Ал­мат, Айдар Арапов, Марат Байқамұров, Ерасыл Қа­жы­баев, Да­на Әб­д­і­рова, Ажар Асхат және Аида Той­­­­­шы­бекова үшін Швейцариядағы дода Азиада алдындағы маңызды бақылау жарыстарының бірі болмақ. Ал ұлттық құраманың ең тәжірибелі спортшыларының бір бөлігі бұл жолы демалыс пен мақсатты дайындықты таңдаған. Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және әлемдік рейтингте Қазақстан әйелдер құрамасының алдыңғы қатарында тұрған Әбиба Әбужақынова Лозаннада татамиге шықпайды. Олардың басты нысанасы – қыркүйектегі Азия ойын­дары.

XX Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя өңірінде 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Дзюдо жа­рыс­тары Aichi International Arena-да ұйым­дастырылады. Сондықтан Grand Slam мен Азиаданың арасы тым алшақ емес. Осы тұрғыдан алғанда бапкерлер штабы үшін спортшыны жарысқа қосу немесе тың күйінде ұстау мәселесінің өзі тактикалық шешімге айналып отыр.

Кіл мықты жиналған

Турнирдің деңгейін қатысу­шы­лар құрамының өзі аңғартады. Ерлер арасында Олимпиада чемпион­дары­ мен әлемдік дзю­до­ның таны­мал өкілдері көп. Солар­дың бірі – Париж Олимпиадасының чемпионы әзер­байжандық Хи­даят Гейдаров. Сон­дай-ақ Рио Олим­пиадасының жеңім­пазы ита­лия­лық Фабио Базиле, Париж-2024 ойын­дары­ның күміс жүлдегері француз Лука Мхеидзе, бра­зилиялық Олим­пиа­да жүлдегерлері Леонардо Гонсалвес пен Виллиан Ли­ма, бельгиялық Мат­тиас Кассе се­кіл­ді тәжірибелі балуан­дар бар. Оларға әлем чемпионаттарында жүлде алған Инал Тасоев, Ромен Вала­дье-Пикар, Эмо­мали Нурали, Гурам Ту­шишвили се­кілді дзюдошылар қо­сы­лады. Мұндай құрам кейбір салмақ дәре­желеріндегі бәсекені әлем чем­пио­натына бергісіз етуі мүмкін.

Әйелдер арасындағы бәсеке де осал емес. Франция құрамасы Ло­­заннаға өте мықты спортшыларын әкел­мек. Ширин Букли, Сара-Леони Си­­­сик, Одри Чемё, Романа Дикко се­кіл­­ді Олимпиада жүлдегерлері жеңіс үшін таласады. Олардың қатарына әлем­дік додада үздік шыққан және жүл­деге іліккен Ассунта Скутто, Этери Ли­партелиани, Маша Балльхаус, Ге­фен Примо, Ангелика Шиманьская сынды спортшылар қосылады. Бұлар­дың арасында дәл қазір әлемдік рей­тинг­тің жоғары сатысында тұрған балуан­дар да бар. Мәселен, Лозаннаға тір­келген Эмомали Нурали өз сал­ма­ғын­да әлемдік рейтингте алғашқы орын­дардың бірінде тұрса, әйелдер ара­сында Маша Балльхаус, Ширин Бук­ли, Романа Дикко секілді дзюдо­шы­лар жарыстың жоғары нөмірлі фавориттері қатарында.

Кімде мүмкіндік көбірек?

Қазақстан құрамасы үшін, әсіресе жеңіл және орта салмақтардағы бел­де­су­лер қызық болмақ. 60 келідегі Талғат Орынбасар соңғы уақытта тұрақ­ты нәтиже көрсетіп келеді. Ол биыл Қазақстандағы Grand Slam турнирінде күміс, Тбили­си­дегі Grand Slam додасында қо­ла медаль алды. Тамыз айын­дағы IJF рейтингінде ол әлемнің үздік жиырмалығына кірді.

Шерзод Давлатов та биыл елдегі Grand Slam жарысында қола жүлдеге ие болды. Сол турнирде Аңсарбек Ғай­нуллин мен Айдар Арапов қола алса, Марат Байқамұров чемпион атанды. Демек, Лозаннада Қазақстан тек тә­жір­и­­-бе жинау үшін емес, нақты нәтиже үшін де таласуға қабілетті құрам апа­рып отыр.

66 келіде де ішкі бәсеке қызық. Қа­зіргі IJF әлемдік рейтингінде Нұр­қанат Серікбаев Қазақстан дзюдо­шы­лары арасындағы ең жоғары орындар­дың бірінде тұр. Ақылжан Жұбатқанов та халықаралық жарыстарда тәжірибе жинап келеді. Ал бұл салмақта Олим­пиа­да жүлдегері Ғұсман Қырғыз­баев­тың болуы ұлттық құрамадағы бәсекені одан әрі күшейтеді. Лозаннадағы әр белдесу алдағы ірі жарыстарға құрам жасақтау кезінде бапкерлер үшін қо­сым­ша жауап болары анық.

Grand Slam бағдарламасы үш күнге бөлінген. Алғашқы күні ерлердің 60 және 66 келі, әйелдердің 48, 52 және 57 келі салмақтары өтеді. Екінші күні 73, 81 келідегі ерлер мен 63, 70 келідегі әйел­дер белдессе, 30 тамызда ауыр сал­мақ иелері татамиге шығады.

Лозаннадағы дода Қазақстан үшін бір мезетте бірнеше сауалға жауап бе­ре­­тін жарыс болмақ. Азиадаға бара­тын спортшылар қандай деңгейде? Олим­пиа­далық іріктеу басталған тұста жас­тар әлемдік рейтингте қаншалықты жыл­дам көтеріле алады? Құрамада әр сал­мақтағы ішкі бәсеке кімнің пайда­сы­на шешіледі? Сол себепті Швей­цария­дағы Grand Slam-ның бағасын тек медаль санымен өлшеу жеткіліксіз. Аичи-Нагоядағы Азия ойындарына санаулы апта қалғанда, Лозанна т­а­тамиі Қазақстан құрамасының қазіргі мүмкіндігін байқататын үлкен сынақ алаңына айналмақ.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 07:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see136

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see124

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары