Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Мен сіздің QR шмюарыңызды білмеймін . Сүлейменов картамен төлеу туралы пікір білдірді

Мен сіздің QR шмюарыңызды білмеймін . Сүлейменов картамен төлеу туралы пікір білдірді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылғаннан кейін дүкендер банктік карталар арқылы төлем қабылдаудан бас тарта ала ма? Ұлттық банкте өткен брифингте осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов бірыңғай QR іске қосылғаннан кейін төлемді тек QR-код арқылы қабылдау туралы ешқандай талап қойылмайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, заңнама сауда нүктелерін сатып алушыларға қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттейді.

"Төлем картасы мен QR-төлем жүйесі қолма-қол ақшасыз төлем тәсілдеріне жатады. Яғни, саудагер өз клиентіне сатып алған тауары үшін қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін ұсынуы тиіс", - деді Жәленов.

Ол бүгінде қолма-қол ақшасыз төлемнің ең көп таралған түрі банктік карталар болып қала беретінін, ал бірыңғай QR қосымша құрал болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, қазір ел бойынша карталарды және QR-төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ететін 1,5 миллионға жуық POS-терминал жұмыс істеп тұр.

Кәсіпкер карта қабылдауды өшіріп, тек QR-ды қалдыра ала ма деген сұраққа жауап бере отырып, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұдан ешқандай практикалық мән көрмейтінін мәлімдеді.

"Мәселен, сіз үй жанындағы шағын дүкенсіз дейік. Сізде картаны да, QR-ды да қабылдай алатын аппараттар тұр. Картаны өшіріп не істейсіз? Енді картамен төлеуге болмайды, тек QR арқылы ма? Жоқ, мұны ешкім жасамайды, өйткені клиенттен айырылып қалуы мүмкін.

QR-ы жоқ, бірақ картасы бар ересек клиент келіп: "QR-шмюарыңызды білмеймін, картамен төлеймін" деуі мүмкін. Кәсіпкер картамен төлеуді шектемейтіні анық", - деді Сүлейменов.

Ол бірыңғай QR арқылы төлеу кезіндегі тарифтер банктік картамен төлегеннен жоғары болмайтыны заңмен бекітілгенін еске салды.

"Кәсіпкерге төлемді картамен алса да, QR арқылы алса да бәрібір. Сондықтан, меніңше, мұндай жағдай бола қоймас", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов жауапкершілік банктік карталарды қабылдаудан бас тартқаны үшін емес, жалпы қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдаудан бас тартқаны үшін көзделген.

"Егер сіз дүкенге келгенде, сізге: "Менде тек қолма-қол ақша. QR-ды да, картаны да қабылдамаймын" десе, бұл үшін Әкімшілік кодексте баяғыдан бері санкциялар қарастырылған", - деп толықтырды ол.

Қазақстанда бірыңғай QR-кодтың іске қосылуы

19 шілдеде Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі толыққанды жұмыс істей бастайды. Сатып алушылар сатушыда қай банктің QR-коды тұрғанына қарамастан, кез келген банк қосымшасы арқылы тауар ақысын төлей алады. Банктерді жүйеге кезең-кезеңімен қосу 7 шілдеде басталды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов бірыңғай QR іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер бір POS-терминал арқылы кез келген банк клиенттерінің төлемдерін қабылдай алатынын айтқан болатын. Бұл ретте бірнеше терминалдан бас тарту туралы шешімді әр бизнес банктің қызмет көрсету шарттары мен тарифтеріне қарай өз бетінше қабылдайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары