Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Металлургтер қаласындағы игі бастама

Металлургтер қаласындағы игі бастама

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде бұқаралық спортты дамыту, әсіресе өскелең ұрпаққа спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруды стратегиялық міндет ретінде айқындап берді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде Қарағанды облысы, соның ішінде металлургтер қаласы – Теміртау заманауи спорттық экожүйенің орталығына айналды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жоба теміртаулық балаларға нағыз тарту болды.

Бұған дейін мамандар жүр­гіз­ген талдау нәтижесі көңіл көн­шітпейді. Қала мектептеріндегі спорт алаңдарының 90 пайызы ескіріп, заманауи талаптарға мүлдем сай келмейтіні анықталған. Жарықтандырудың нашарлығы мен қауіпсіз жабынның жоқтығы өрендердің спортқа деген ынтасын тежеп келген. Осы түйткілді шешу мақсатында «Қазақстан халқына» қоры Теміртауда «толық қамту» моделін іске асырды. Бұл – жекелеген нысандарды емес, тұтас бір қаланың спорттық инфрақұрылымын кешенді түрде жаңартудың бірегей тәжірибесі.

Қарағанды облысында Қор жалпы сомасы 24 млрд 750 млн теңгеге 33 әлеуметтік жоба­ны игеріп жатыр. Қомақты қара­жаттың елеулі бөлігі – 2,5 млрд теңгесі тікелей Теміртаудың спорт­тық инфрақұрылымына бағыт­талды. Бұл инвестицияның 2,4 млрд теңгесін «Қазақстан хал­қына» қоры бөлсе, 100 млн теңгесін серіктес «Батыр боламын» қоры қамтамасыз етті. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. Небәрі үш айдың ішінде қаланың 30 мектебінде заманауи спорт кешендері бой көтерді. 30 футбол алаңы, 28 баскетбол-волейбол алаңы, 29 workout жаттығу аймағы, 5 хоккей корты, 30 секіру аймағы мен кедергілер жолағы оқушылар игілігіне берілді.

Технологиялық сапасы­на келетін болсақ, мектеп аула­сын­дағы жабдықтар халықаралық стандарттардан кем түспейді. Мәселен, баскетбол қалқандары NBA деңгейіндегі брондалған шыныдан жасалса, алаң бояуы 600 градус температурада күйдіріліп басылған. Бұл аталған нысандар кем дегенде алдағы он жыл бойы жаңартуды қажет етпей, ұрпақ игілігіне қызмет етеді деген сөз.

Жобаның маңызы туралы «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшесі Серікбек Елші­беков: «Бізге әрбір баланың спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы – басты міндет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өт­кендей, спорт әсіресе шағын қалалар мен ауылдық жерлерде қолжетімді болуға тиіс. Біз ор­натқан жабдықтардың сапасы тіпті мегаполистердегі кәсіби клуб­тардан кем түспейді. «Батыр боламын» қорымен бірлесіп, еліміз көлемінде 200-ден астам спорт залын салдық. Сол жерлерден бүгінде әлем чемпиондары шығып жатыр. Теміртауда доп теуіп жүрген бүгінгі жас жет­кіншектерді жақын арада ха­лықаралық ареналардан көретінімізге сенімім кәміл. Мақсатымыз – әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан, ең заманауи алаңдарда жатты­ғуына жағдай жасау», дейді.

Теміртау қаласында төрт күн­ге созылған тартысты дода «Қазақстан халқына» қоры кубогі» өз мәресіне жетті. Жарысқа қатыс­қан барлық командалар жаңа алаңдарда өз шеберліктерін орта­ға салып, спортқа деген жо­ғары ынтасын көрсетті. Турнир қо­рытындысында жеңіс тұғырынан көрінген үздіктер анықталды. 6-7 сынып оқушылары арасында №17 мектеп командасы топ жарып, алтыннан алқа тақты. Екінші орынды №12 мектеп иеленсе, үздік үштікті №2 мектеп түйіндеді. 8-10 сынып оқушылары арасындағы бәсекеде Білім-инновация ли­цейінің өрендері қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Күміс жүлде №17 мектепке бұйырса, Ә.Бөкейхан атындағы гимназия оқушылары қола жүлдені қанағат тұтты.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар, жаңа спорттық формалар, сөмкелер мен доптар табысталды. Марапаттар жас таланттарға үлкен қолдау әрі алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың бастауы болмақ.

Бұл бастама Теміртаумен ғана шектелмейді. Бұған дейін осын­дай нысандар Қарағанды, Шахтинск, Саран, Балқаш, Жез­қазған қалаларындағы арнайы мектеп-интернаттар мен балаларды қолдау орталықтарында салынған болатын. Қазіргі таңда жаңа алаңдар тек денешынықтыру сабақтарына ғана емес, секция­лар мен мектеп жанындағы лагерьлер­дің жұмысын жандандыруға, бұқаралық спортты жаңа белеске көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады

Оқиға • Бүгін, 12:07

Металлургтер қаласындағы игі бастама

Спорт • Бүгін, 12:05

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Әдебиет • Бүгін, 12:00

Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу: Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Үкімет • Бүгін, 11:57

Жеңіс күніне орай 3398 астаналыққа біржолғы төлем берілді

Оқиға • Бүгін, 11:45

Алдағы қысқа дайындық: Электр энергиясын тұтыну 18,2 ГВт-қа жетеді

Энергетика • Бүгін, 11:40

«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 11:35

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қанша қаржы жұмсалады?

Энергетика • Бүгін, 11:20

«Самұрық-Энерго» 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді

Энергетика • Бүгін, 11:13

Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті

Оқиға • Бүгін, 11:00

Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетика • Бүгін, 10:52

Дрондар мен зымырандар соққысы: БАӘ толық әскери дайындыққа көшті

Әлем • Бүгін, 10:48

Солтүстік Қазақстанда құтыру ауруы тіркелді: Өңірде карантин енгізілді

Оқиға • Бүгін, 10:37

Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға • Бүгін, 10:32

Кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істер саны 4 есе қысқарды

Бизнес • Бүгін, 10:22

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 12:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары