Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Миллениал ата ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?

Миллениал ата ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Freepik

Қызылордалық көпбалалы ана Әсел Абзал бүгінгі ата-аналар мен балалардың арасындағы түсініспеушілік тек жас айырмашылығында емес, екі бөлек дәуірдің тоғысуында екенін айтады.

«Біз, миллениалдар, далада ойнап, кітап оқып өскен буын болсақ, біздің зумер балаларымыз – көзін ашқалы интернетті көрген цифрлық заманның перзенттері. Сондықтан баяғы «біздің уақытымызда былай еді» деген салыстыру мен бұйрық беру әдісі қазір мүлдем жұмыс істемейді. Зумерлер өте еркін, өз құқығын жақсы біледі және тек дәлелді уәж бен шынайылыққа ғана бағынады», дейді ол. 

Кейіпкеріміз өз тәжірибесін алға тартып, баланың бәріне бірдей қарауға болмайтынын, әрқайсысының мінезіне қарай бөлек тәсіл табу керек екенін айтты.

«Бала айна сияқты, үлкендерден не көрсе, соны қайталайды. Сол себепті, зумер баламен тіл табысу үшін алдымен оларды емес, баламен бірге өзімізді тәрбиелеп, мінезіміз бен әдеттерімізді қолға алуымыз қажет. Заманға сай албырт, айтқанынан қайтпайтын баланы дұрыс бағыттай білсек, олар болашақта өз жолын табатын мықты тұлға болып шығады», дейді Әсел Абзал.

Миллениалдар мен зумерлер дәстүрлі жұмыс форматын өзгертуге бейілді

Ал астаналық көпбалалы ана Нұргүл Үсенова бала тәрбиесінде ата-баба тәжірибесінен артығы жоқ екенін айтады.

«Бұл қазіргі заманның үлкен өзгерісі. Бүгінгі балалар еркіндікті сүйеді. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар?! Еркін адам өз ойын жеткізе біледі. Ал біз ата-анамыздың «ұстама, тиме, ұят, обал болады» деген тәрбиесімен өстік. Бірақ жаман болмадық. Көп жағдайда шектеу қойылды. Әлі күнге дейін жалтақтаймыз. Жалпы біздің ата-бабамыз бала тәрбиесі туралы мықты айтып кеткен. Баланы «Бес жасқа дейін хандай көр, 5 жастан кейін құлдай жұмса» демекші, тәртіпке иілген бала жаман болмайды», дейді ата-ана Нұргүл Үсенова.

Бумер, миллениал, зумер термині нені білдіреді?

Бумерлер (Baby Boomers) – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (шамамен 1946-1964 жылдары) туу көрсеткіші күрт өскен кезеңде дүниеге келген ұрпақ. «Baby boom» («нәрестелер бумы») термині алғаш рет 1950-жылдары АҚШ-та қолданыла бастады. Х буыны (Generation X) – бұл 1965-1980 жылдары туған ұрпақ. Олардың негізгі ерекшелігі – тәуелсіздікке бейім және өз күшіне сенуге дағдыланған, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтайды, аналогтық дәуірден цифрлық дәуірге өткен ұрпақ, технологияларды меңгергенімен, балалық шағы интернетсіз өткен, тұрақтылық пен кәсіби тәжірибені жоғары бағалайды. Миллениалдар (Millennials) – шамамен 1981-1996 жылдары туғандар. Бұл атауды америкалық зерттеушілер Уильям Штраус пен Нил Хау 1990-жылдары кеңінен танымал етті. Олар жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан жастарды «миллениалдар» деп атаған. Зумерлер (Zoomers немесе Generation Z) – шамамен 1997-2012 жылдары туған ұрпақ. Ресми атауы – Generation Z. «Зумер» сөзі кейінірек интернет пен әлеуметтік желілерде «бумер» сөзіне ұйқастырып бейресми түрде пайда болды. Альфа буыны (Generation Alpha) – шамамен 2010-2012 жылдан бастап 2024-2025 жылдарға дейін туған ұрпақ. Көптеген зерттеушілер бұл буынның басталуын 2010 жылдан алады, бірақ кейбір дереккөздер 2013 жылдан бастайды. Олардың алдыңғы буыннан ерекшелігі – толықтай цифрлық ортада өсіп келеді, смартфондар, планшеттер, жасанды интеллект және интернет олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі, онлайн білім беру мен цифрлық контентке ерте жастан қол жеткізіп, технологияларды өте табиғи қабылдайды, өйткені олар үшін бұл жаңалық емес, қалыпты орта.

Әділ Ахмет: Жас ұрпақтың болашағына алаңдаймын

Мамандар кеңесі?

Психолог мамандардың айтуынша, қазіргі балаларды тәрбиелеуде бұрынғы тәсілдерден өзгеше көзқарасты талап етеді.

Психолог Айжан Әділбаева қазіргі жасөспірім тәуелсіздікке ұмтылатынын, өз пікірін қорғап, ересектердің бақылауын шектеу ретінде қабылдайтынын айтады. Сондықтан тәрбиеде қатаң бақылаудан гөрі сенімді қарым-қатынас құру маңызды екенін жеткізді.

«Тәрбиеде әмбебап дайын рецепт жоқ. Әр бала ерекше. Ең қызығы, балалардың өзі ата-анасына олармен қалай тіл табысуға болатыны жөнінде күн сайын белгі беріп отырады. Егер ата-ана баласының мінезін, қажеттіліктерін және эмоцияларын байқап үйренсе, көп сұрақтың жауабын сол қарым-қатынастың өзінен таба алады. Көп ата-ана баласымен «дос болуға» тырысады. Алайда ата-ана толықтай досқа айналмауы керек. Достық қарым-қатынастың элементтері – ашықтық, құрмет және тыңдай білу маңызды болғанымен, ата-ана өз жауапкершілігін сақтауы қажет. Балаға қауіпсіз шекаралар қою, құндылықтарды жеткізу және қажет кезде бағыт беру – ата-ананың негізгі міндеті», дейді Айжан Әділбаева.

Маманның айтуынша, жасөспіріммен тіл табысудың тиімді жолдарының бірі – оған баға бермей тыңдау. Көп жағдайда балалар кеңес сұрамайды, оларды түсінгенін қалайды. Сондықтан әңгімені «сен қателесіп тұрсың» дегеннен емес, «мен сені түсінгім келеді» деген ұстанымнан бастау маңызды.

«Қазіргі уақытта тәрбиенің күрделене түсуінің тағы бір себебі бар. Егер бұрын бала өз ортасына көңілі толмаса, оның таңдау мүмкіндігі шектеулі болса, бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер арқылы ол өзіне ұнайтын кез келген ортаны оңай таба алады. Ата-анасымен, сыныптастарымен немесе бауырларымен қарым-қатынасында қиындық туындаған жағдайда, жасөспірім виртуалды кеңістіктен өзін қабылдайтын қауымдастық іздеуі мүмкін. Алайда ол ортада әрдайым ниеті дұрыс адамдар бола бермейді. Сондықтан қазіргі ата-аналар үшін баланың онлайн өміріне қызығушылық таныту, оның кімдермен араласатынын білу және сенімді қарым-қатынасты сақтау бұрынғыдан да маңызды», деді психолог.

Ұрпақ қауіпсіздігі – басты назарда

Айжан Әділбаева да бабаларымыздың «баланы бес жасқа дейін патшаңдай көр» деген нақылын қолдайды. Оның айтуынша, бұл нақылдың астарында баланың әр даму кезеңіне сай қарым-қатынас тәсілін өзгерту қажеттілігі жатыр.

«Шын мәнінде, қазіргі заманның баласы да, бұрынғы заманның баласы да даму заңдылықтары жағынан көп өзгерген жоқ. Өзгерген нәрсе – өмір сүру ортасы мен қарым-қатынас форматы. Сондықтан ата-аналар үшін баланың жас ерекшеліктерін түсіну өте маңызды. Мұны жас ерекшелік психологиясы да растайды. Сонымен қатар ислам дәстүрінде де бала тәрбиесіне кезең-кезеңімен қарау қағидасы бар. Яғни әр жаста баланың қажеттілігі, жауапкершілігі мен ата-анадан күтетін қолдауы өзгереді. Балаға жасына сай жауапкершілік беру, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік жасау және оның қолынан келетін істерге сенім арту – баланың өзіне деген сенімін қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі. Өз мүмкіндігін сезінген бала ата-анасымен де ашық қарым-қатынас орнатады. Ал сенімге негізделген қарым-қатынас баламен тіл табысудың ең берік іргетасы болып қала береді», дейді маман.

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік

Психолог Анаргүл Ибрайымбекова екі дәуірдің ұрпақтары қалай тіл табысу керегін 5 бөлікке бөлді.

Тыңдауды үйрену. Бала сөйлеген кезде бірден ақыл айтуға немесе сынауға асықпау. Алдымен оның ойын толық тыңдап алу қажет. Сезімін жоққа шығармау «Бұл түк емес», «Бос нәрсе үшін жылайсың» деген сөздер баланың тұйықталуына, сенімнің жоғалуына әкеледі. Қызығушылығына құрметпен қарау. Ойын, блог, әлеуметтік желі немесе жаңа трендтер миллениал ата-анаға түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ олар баланың өмірінің маңызды бөлігі екенін ұмытпаған жөн. Бұйрықтан гөрі диалог құру маңызды. «Себебі мен айттым!» дегеннен гөрі, бірге талқылау тиімдірек. Балаға ата-ана үлгі болу маңызды. Баладан телефонды аз қолдануды талап етіп, өзіңіз үнемі экранға қарап отырсаңыз, сөздің әсері азаяды.

«Жасөспірімдер мен балаларға ең қажет нәрсе – мінсіз ата-ана емес, түсінуге тырысатын ата-ана. Балаңызбен достасу міндетті емес, бірақ сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Егер бала қателескен кезде де сізге келіп сырын айта алса, онда арадағы байланыс мықты деген сөз. Ең бастысы – ұрпақтар айырмашылығын мәселе ретінде емес, бір-бірінен үйренуге мүмкіндік ретінде қабылдау. Сонда миллениал ата-ана мен зумер бала арасындағы көпір берік болады», деді психолог.

Бала тәрбиесі: Ата-ана неге алаңдайды?

Мамандар бүгінгі тәрбиенің басты қағидасы – бақылаудан сенімге, бұйрықтан диалогқа көшу екенін айтып, қазіргі күннің балалары өз пікірінің естілгенін, сезімдерінің құрметтелгенін қалайтынын жеткізді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 11:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары