Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Кәрістер ана тілін қалай ардақтайды?

Кәрістер ана тілін қалай ардақтайды?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оңтүстік Кореяға жол түсіп, бірнеше қаласын, өңірін араладық. Сеулдің қақ ор­та­с­ында жүрсеңіз де, шалғай ауылға бар­саңыз да алдымен көзге түсетіні – кәріс ті­­лін­дегі жазулар. Мейрамхана мәзірі, қо­нақ­үйдегі қызмет парағы, тіпті метро стан­са­сының хабарламасы, бәрі – өз тілінде. Турис­­­терге ағылшынша аудармасы табы­ла­ды, бірақ ешқашан басты орынға шық­пайды.

Бұл – халықтың ана тілін қастерлеуінің көрінісі дерсіз. Кәрістердің тілге деген құр­меті жайдан-жай емес. Жапония отары кезін­де кәріс тілін қолдануға мүлдем тыйым­ салынған, балалар мектепте жапонша оқуға мәжбүр болған көрінеді. Алайда халық тілді жасырын үйретіп, үй ішінде ана тілінде сөй­лесу арқылы сақтап қалған. Сол кездегі қысым тілге деген сүйіспеншілікті әлсіретпей, қайта күшейтіп жібергені анық байқалады. Хангыл – бүгінде тек әліпби ғана емес, ұлттық намыстың рәмізі іспетті.

Бұл елге дүниенің әр түкпірінен он мың­да­ған еңбек мигранты келеді. Алғашында олар тек қарапайым егістікте, зауытта, құрылыс алаңында немесе асханада жұмыс істейді. Бірақ көп ұзамай кәріс тілін үйреніп, лауазымын көтере алады. Өйткені бұл жерде табыс пен мансаптың кілті – мемлекеттік тілді меңгеру. Бұлай деуімізге дүкенде кездесіп қалған қазақ қызының сөзі түрткі болды. 33 жастағы Әнел Ақмола облысында туып, Астанада өскен. Елордадағы мейрамханада аспаз болып біршама уақыт бірге жұмыс істеген, кейін Кореяға көшкен әріптесі шақырыпты. Үш айдан бері Кенджу қаласында қонақүй аспазы болып еңбек етіп жүр. Ол бізге аз уақыттың ішінде кәріс тілінің әліпбиін меңгеріп, күнделікті жиі қол­данылатын сөздердің біразын жаттап ал­ғанын, қазір жазуды үйреніп жүргенін айтты. Себебі Әнелдің айтуынша, мұнда кәріс тілін білмесең, қиындау, жергілікті жұрт тек ана тілінде сөйлейді. Олардың тілін білсең, қызметте өрлей бересің, кәсібің де дөңгелене түседі. Қазір қолына 2 млн вон шамасында (теңгеге шаққанда 800 мың теңге) алып жүр­ген отандасымыз кәріс тілін жетілдіріп, қыз­ме­тін де, соған сай табысын да одан әрі жоғар­латқысы келеді. Яғни Кореяда мемлекеттік тілді білуге сұраныс та, қажеттілік те бар.

Біз Кореядағы ұлттық туризм ұйымының қызметкері, Сани гидтен «Сіздің ұлт отарлау­ды, қаншама соғысты, қуғын-сүргінді көрсе де қалай ана тілін ұмытпаған?» деп сұрадық. Оның жауабынан ұққанымыз, мұның артында мемлекет саясаты тұр. Кореяда барлық заң, мем­лекеттік құжат, ресми отырыс, үкімет пен әскер жұмысы кәріс тілінде жүргізі­леді. Бизнес те солай: ірі корпорациялар да, шағын кәсіпорындар да ең алдымен ана тілін­де жұмыс істейді. Шетелдік компания­лар Кореяға келсе, міндетті түрде өнімін хангылға бейімдеуге міндетті. Демек, тілге деген құрмет халықтың жүрегінде ғана емес, мемлекеттік жүйеде де берік орныққан. Тілдің мәртебесін заңмен, білім жүйесімен қорғаған. Отарсыздандыру жұмысын дәл сол оқу жүйесін өз ұлтының тіліне жаппай көшіруден бас­таған. Қазір қарасаңыз, Кореяда тіл – ұлттық қауіпсіздіктің, тәуелсіздіктің тірегі. Кәрістерде тіл – жай қарым-қатынас құралы емес, ата-ба­бадан аманат, ұлттың рухы, елдің ең мық­ты қор­ғаны, білім арқылы өркениетке жет­кізетін жол. Сон­дық­тан да олар ана тілін еш­қашан басқа тілдің көлеңкесінде қалдырмайды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек», деген еді. Алаш қайраткерінің осы ойы кәрістерде іс жүзінде көрініс тапқан. Өйткені оларда балабақша, мектеп, колледж, университетте негізгі оқыту тіл – кәріс тілі. Әрине, әлемдік үрдіске айналған ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеруге мұнда да басымдық беріледі. Бірақ отарлаушы елдің тілінде оқытпайды, кезінде билегенімен, бүгінде шет мемлекет саналатын тілде оқытуға мектеп, балабақша яки колледж ашпаған. Ұлттық статис­тика бюросының соңғы (2023–2024 оқу жылы) дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 4 032 қазақ тілді, 2 038 аралас тілді, 1 152 орыс тілді мектеп бар. Соның ішінде ең күрделі мәселеге айналып отырғаны – кезінде отарлау саясатының жемісі болған аралас тілді оқу ошақтары. Өйткені мұндай мектептерде оқушылардың 45 минуттан бөлек барлық уақытта орыс тілінде шүлдірлейтінін тәжірибе көрсетіп отыр. Жақында Алматыдағы «Келе­шек мектебінің» оқыту тіліне байланысты дау­да ата-аналар ашына айтқандай, аралас тілде оқытатын мектептерде тәрбие жұмысы, жиналыс, маңызды хабарлама мемлекеттік тілде жүргізілмейді. Осыған орай аралас тілді мек­тептерді де іс жүзінде әбден сыналған «кеңестік мұра» деуге болады. Айтпақшы, мектептің мемлекеттік тілде болмауына басқа емес,  санасы әбден отарланған, қағынан жерінген,  ұлты ғана «қазақ»  азаматтар үлес қосып жүр. «Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа!» деп осындайда айтқан шығар бабаларымыз...

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see124

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see123

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see120

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see120

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see117

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see116

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see116

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see116

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see114

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see113

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see112

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see112

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары