Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Техниканың тілін тапқан

Техниканың тілін тапқан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы ма­мандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай қоғамдағы еңбек адамына деген құрметті арт­тыру мен жұмысшы мамандықтардың маңыз­дылығын бағалауға деген оң көзқарас қалыптаса бастады. Әсіресе әскерилердің озық техниканы меңгеруі мен кәсіби біліктілігін арттыруы ел тұрақтылығының негізі екенін ұмытпауға тиіспіз.

Қазір елімізде әс­кери техникалық маман­дық­­тарға сұраныс күн­нен-күнге артып келеді. Биыл қаң­тар-тамыз ­айын­да техникалық бі­ліммен қару­ланған сарбаз­­дар­­ға арналған оқу орындарына 4 мың­­­ға жуық өтініш түскен, оның ­ішін­­де 1 700-ден астамы қабылда­нып, кәсіби дайындықты баста­ды. Бұл мемлекеттік бағдарлама ғана емес, ел қауіпсіздігіне тіке­лей үлес қосу мақсатындағы ма­ңызды қадам. Мәселен, тех­ни­ка­лық мамандықтарға қатысты еңбек нарығы да өзекті. Еліміз­де техникалық дипломы бар ма­ман­дарға сұраныс күн сайын артып келеді, олар кәсіби біліктілігі жо­ғары мамандар қатарына кіреді. Жеке бастамалар мен мемлекет­тік қолдау арқасында, әскери тех­никалық мамандықтардағы кадр тапшылығы біртіндеп қысқар­ға­ны байқалады. Бұл деректер сар­баздар мен сержанттардың қара­пайым еңбек арқылы ел қа­уіп­сіздігін нығайтып отырға­нын нақ­ты көрсетеді. Әр детальді жөн­деу, әр агрегатты тексеру көзге кө­рінбейтін, бірақ аса маңыз­ды жұ­мыс. Мұндай еңбек елдің қорға­ныс қабілетінің тірегі болып отыр.

Қазіргі заманға сай әскери күштің тиімділігін арттыратын маңызды салалардың бірі – әскери техникалық мамандықтар. Бұл саланы игеру кәсіби дамуға ғана емес, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға да септігін тигізері сөзсіз. Сарбаздар сапында жүрген азаматтар әскери техникалық білімді игеру арқылы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Сондай білікті мамандардың бірі «Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лығына қарасты 32388 әскери бөлімінің күрделі аппараттарды жөндейтін маманы – сержант Бекжан Бекбосынов.

Семей қаласындағы Көлік кол­леджінде техник-механик ма­мандығын алған Б.Бекбосы­нов 2012 жылдан бері аталған әс­кери бөлімде қызмет етіп келеді. Бекжан кейінгі бірнеше жылдан бері техникалардың маңызды аг­регаты саналатын жоғары қы­сымдағы жанармай сорғысын, ап­­па­ратураларды жөндеумен ай­на­­лысатын бірден-бір маман. Жөн­деу жұмыстарын жетік мең­геру мақсатында Семейдегі танк жөндеу зауытында білімін жетіл­діріп, тәжірибесін шыңдады.

– Әр аппаратураның за­уыт­тан шыққан кездегі өзіндік пара­метрлері болады. Сол параметр­лерге сай тексеріп, арнайы құ­рылғыда ретке келтіреміз. Жо­ғары қысымдағы жанармай сор­ғы­ларын бос күйінде, орташа сал­мақ­пен сынау арқылы олардың жұ­мыс қабілетін анықтаймыз. Қа­­­рапайым, көзге көрінбейтін­дей бол­ғанымен, әр детальдің өзін­дік машақаты бар. Кейде бір­не­ше сағат бойы бір бөлшекті дұрыс күйге келтіру керек болады. Бұл тек техникалық жұмыс емес, елдің қауіпсіздігіне қосқан үлес. Әскери техниканы сенімді күйде ұстай білу – біздің бас­ты міндетіміз. Алған біліміміз бен дағдымыз ар­қылы техника дұрыс жұмыс істеп қана қоймай, сарбаздардың өмірін де қорғайтынына сенемін, – дейді ол.

Қазіргі инновациялық-инду­с­триялық даму бағытын ұстан­ған елімізге кәсіптік-техникалық бі­лімі бар мамандар аса қажет. Бұл – уақыт талабы.

– Басты мақсатымыз – әскери техникалық мамандардың кәсі­би деңгейін ұдайы арттырып отыру. Бұл ретте бөлімде бар­лық жағдай жасалған. Заманауи оқу құралдарымен жеткілікті қам­тамасыз етілген, түрлі жатты­ғу­лар, практикалық сабақтар, ар­найы семинарлар тұрақты өт­кі­зіледі. Биылғы оқу жылында сарбаздар әр агрегатты жөндеу­дің күрделі кезеңдерін үйреніп, дағдыларын шыңдады. Кәсіби біліктілігі жоғары маман – кез кел­ген жағдайда сұранысқа ие. Бізге тек техниканы жөндеу емес, сар­баздардың өмірін қорғау, бө­лімнің дайындық деңгейін арт­тыру маңызды. Сондықтан әрбір әскери техникалық маман өз білімі мен тәжірибесін үнемі же­тіл­діруге тиіс, – дейді 32388 әске­ри бөлімінің автомобиль тех­никаларын жөндеу ротасының рота командирі, аға лейтенант Ахан Жүнісәлиев.

Жауынгерлік даярлық дең­гейін арттыру мақсатында өткі­зілетін іс-шараның бірі – әске­ри­лерді мамандық бойынша оқыту. Бұл ұдайы басты назарда тұратын мәселе. Оқу барысында әскери қызметшілер мамандыққа сай алған білімдерін талмай шыңдап, пысықтай түседі.

Бекжан техникаға ғана емес, жұмысына деген адалдығымен де үлгі. Күн сайын қажырлы еңбек­пен айналысып, күрделі агрегаттарды жөндесе де, ешқашан өзін ерекше маманмын деп санамайды. Қа­рапайым еңбек адамы деген осы шығар, расында. Оның ай­туынша, ең бастысы – әр деталь­дің дұрыс жұмыс істеуі, техника­ның сенімді болуы. Сол қарапа­йым, жауапты еңбегі арқылы елдің қор­ғанысын нығайтады. Шынайы ерлік – көзге көрінбейтін, бірақ маңызды жұмысты адал орындау.

Жалпы, әскери техникалық мамандықтар техникалық білім мен дағдыларды талап ететін күр­делі кәсіп. Бұл мамандықтар әс­кери күштердің тиімділігін ­арттыру, заманауи әскери техниканы пайдалану, оны жөн­деу, сондай-ақ әскери операция­ларды жоспарлау немесе оны жүзеге асыру барысында аса қажет, күрделі сала.

Абай облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары