Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Кофе, объективтер және ешқандай жалақы жоқ: Астанада жаңа саяси команда қалай жиналды

Кофе, объективтер және ешқандай жалақы жоқ: Астанада жаңа саяси команда қалай жиналды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан Халық кеңесінің құрамына бұрынғы депутаттар, ҚХА құрамында болған этникалық бірлестіктердің өкілдері және қоғам қайраткерлері кірді. Кеңесті Мәжілістің бұрынғы спикері Ерлан Қошанов басқарды. Бүгін Астанада жаңа органның алғашқы отырысы өтіп, оның немен айналысатыны біршама айқындала түсті. Толығырақ - Tengrinews.kz тілшілері материалында.

Шара Президенттің қатысуымен өткендіктен, журналистер дәстүрлі түрде ертерек шақырылды. Жиын Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.

Тәуелсіздік сарайының холлы. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Мұнда ескі достар мен әріптестердің қайта қауышқанын көруге болады. Енді олар жаңа институт өкілдері ретінде бас қосты.

Халық кеңесінің мүшелері. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Шамасы, бәрі риза.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Бүгін 11:02 1

Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Кездесуге қатысушылар суретке түсуге де... суретке түсіруге де қуанышты болды.

Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Халық кеңесі құрамына Мәжіліс пен Сенаттың көптеген бұрынғы депутаттары кірді.

Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Мәселен, Мәжілістің экс-депутаты Наталья Дементьева.

Наталья Дементьева. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Журналистермен әңгіме барысында Дементьева кеңес мүшелері "қызығушылықтары мен кәсіби тәжірибесіне қарай бөлінетінін" айтты. Мәселен, өзі әлеуметтік саламен, соның ішінде білім беру мәселелерімен айналысуды жоспарлап отыр. Наталья Дементьева мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Құрылтай депутаты (әрі вице-спикер) Дания Еспаева да шараға қатысты. Кейін Халық кеңесінің бірінші отырысына Құрылтай басшысы Айбек Дәдебай және басқа да көптеген депутат қатысқаны белгілі болды.

Дания Еспаева. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Еспаеваның айтуынша, Халық Кеңесінің мүшелері бүкіл қазақстандық қоғамның мүддесін қорғауы тиіс. Олардың кейбірімен ол бұрыннан таныс.

Еспаева әсіресе Ерлан Қошановтың Халық кеңесінің төрағасы болып тағайындалуына ерекше қуанды.

"Халық кеңесінің төрағасы болып кімнің тағайындалғаны мені ерекше қуантады. Мен үшін бұл өте жақсы жаңалық, өйткені мен Ерлан Жақанұлымен бірге жұмыс істедім. Кеше БАҚ-тан оның тағайындалғанын көргенде, Халық кеңесінің жұмысы сенімді қолда болады деп түйдім", - деді ол.

Дания Еспаева. Фото © Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Келесі кезекте журналистердің сұрағына Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов жауап берді. Әңгіме жаңа органның жалпы мақсатынан практикалық бөлімге тез ауысты: оның мүшелері жалақы ала ма, оларға кабинет беріле ме және олар қаншалықты жиі бас қосады?

Әбеновтің айтуынша, кеңестегі жұмыс жалақыны да, шенеунікке берілетін артықшылықтарды да қарастырмайды.

"Халық кеңесі тегін жұмыс істейді, кеңес мүшелері жалақы алмайды. Бұл - жоғары конституциялық консультативтік орган, бірақ мұндағы адамдар мемлекеттік лауазымды иеленбейді. Біз шенеунік болып саналмаймыз, бізде бекітілген кабинеттер мен автокөліктер болмайды. Әркім өзінің негізгі қызметімен айналысады", - деп түсіндірді Мұрат Әбенов.

Ол кеңес мүшелерінің қоғамдық негізде жұмыс істейтінін баса айтты.

"Жұмыс толығымен тегін. Сондықтан барынша шынайы жұмыс істеуге тырысамыз. Жылына кемінде бір отырыс болуы тиіс. Меніңше, тоқсанына бір рет кездесіп тұру қажет", - деп толықтырды ол.

Мұрат Әбенов. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Әбенов Халық кеңесін Франция мен Еуропалық Одақта әрекет ететін консультативтік демократия институттарымен салыстырды. Оның айтуынша, мұндай алаңдарда талқылау ашық және артық бюрократиясыз өтуі тиіс.

Отырыстың басталуына әлі уақыт бар еді. Орталық холл адамға тола бастады. Қара костюм, бейдж, төсбелгілер, қазақстандық саясаттың таныс бейнелері. Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, бір-бірінің қолдарын алып, жылы жымиып, кейбірі құшақтасып жатты.

Тәуелсіздік сарайының холлы. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Адамдардың күбір-сыбыры ыдыс-аяқ сыңғырымен араласып кетті. Жақын маңда фуршет жайылып, кофе мен жаңа піскен бәліштің иісі аңқып тұрды.

Тәуелсіздік сарайының холлы. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Бұрынғы депутаттар, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тағы да бір ғимаратта бас қосты. Тек бұл жолы - жаңа рөлде және жаңа институт құрамында.

Халық кеңесінің бірінші сессиясы алдында. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Журналистерге бұл кездесулерді жоғарыдан бақылауға тура келді. Баспасөз өкілдері бөлек - Тәуелсіздік сарайының екінші қабатындағы пресс-орталықта отырды. Тілшілерді мәжіліс залына жіберген жоқ.

Шектеуді орындықтар қатары көрсетіп тұрды: әрі қарай, қатысушыларға жақындауға тыйым салынды. Есесіне екінші қабаттан орталық холл анық көрінді. Төменнен қарағанда журналистер байқала қоймады, сондықтан фотографқа алыстан түсіретін нысанамен оқиғаны жақындатып - қол алысуларды, күлкі мен қысқа әңгімені түсіріп алу ғана қалды.

Тәуелсіздік сарайының екінші қабатынан орталық холлдың көрінісі. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Тәуелсіздік сарайының пресс-орталығы. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сағат 11:00-де ресми бөлім басталды. Журналистер оны пресс-орталықтан бақылады.

Тәуелсіздік сарайының пресс-орталығы. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Халық кеңесінің құрамына 126 адам кірді: этномәдени бірлестіктерден, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардан, сондай-ақ өңірлердің мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінен 42 өкілден сайланды. Олардың өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.

Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бірақ бірінші сессияға қатысушылардың қатары Халық кеңесінің 126 мүшесімен ғана шектелмеді. Шараға ел басшылығының өкілдері де келді, олар кеңес құрамына кірмейді.

Олардың арасында - вице-президент Ерлан Қарин, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай, премьер-министр Олжас Бектенов бар. Сондай-ақ отырысқа Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Осылайша, жаңа консультативтік органның бірінші сессиясында қоғам, өңірлер мен этномәдени бірлестік өкілдері, Үкімет, Құрылтай және Президент Әкімшілігінің басшылығы бір арнада тоғысты.

Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Кеңес, Құрылтай және Үкімет өздерінің жеке өкілеттіктерін сақтайды, бірақ жалпыұлттық міндеттерді олар бір саяси кеңістікте талқылайтын болады.

Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші сессияда сөйлеген сөзінде елдегі түйткілдерді ашық талқылау, азаматтардың ұсыныстарын сараптау және нақты шешімдер әзірлеу үшін арнайы алаң құруды бұрыннан жоспарлағанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзі. Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент жаңа институттың неге "Қазақстан Халық кеңесі" деп аталғанын бөлек түсіндіріп өтті.

"Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойландым. Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзім ұсындым. "Қазақстан Халық кеңесі" деген атау жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі бұл – халық. Сондықтан жұртшылықтың мүддесін қорғайтын бірегей органның атауында "Халық" сөзінің тұруы – өте қисынды, орынды, себебі, бұл – заңдылық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Қазақстан Халық кеңесі" атауы Конституцияда бекітілгендей бірыңғай ресми нұсқаға айналды. Президенттің айтуынша, бұл жаңа органның мәртебесі биік, жауапкершілігі жоғары екенін айшықтайды.

Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясындағы кеңес мүшелері. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Президент кеңес пайда болғанға дейін жалпыұлттық диалог міндеттерін Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Ұлттық құрылтай атқарып келгенін еске салды.

"Бұл институттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толығымен орындады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанды бейбітшіліктің, өзара сенім мен келісімнің ошағы ретінде жер жүзіне танытуға ықпал етті", - деді Тоқаев.

Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясындағы кеңес мүшелері. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сонымен қатар, жаңа кеңес Құрылтайдың орнын баспауы керек. Президент екі құрылымның аражігін арнайы ажыратып көрсетті.

"Халық кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ", - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев екі институттың комитеттеріне тұрақты диалог орнатып, бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

"Алдымызда тұрған мақсат та – бір, Отанымыз да – бір. Сондықтан бәріміз біртұтас ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Қазақстан халқы үшін табанды қызмет етуіміз керек. Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы осылайша түйінделді. Жаңа орган өз төрағасын сайлап, басқару құрылымдарын жасақтап, алғашқы тапсырмаларын алды. Енді оның мүшелері қоғам ұсыныстарын жинақтап, заң жобаларын әзірлеуге атсалысады, сондай-ақ қоғамдық бақылау жүргізіп, мемлекеттік маңызы бар шешімдерді талқылайды.

Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясындағы кеңес мүшелері. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Халық кеңесі қоғам ұсыныстары мемлекеттік шешімге айналғанға дейін талқыланатын алаңға айналуы тиіс.

Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясындағы кеңес мүшелері. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бұрынғы институттардың өкілдері қайта қауышу үшін тарасты. Енді олар Халық кеңесінің реформалар тізіміндегі жай ғана жаңа атау емес екенін іс жүзінде дәлелдеуі тиіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see123

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see122

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see120

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see118

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see117

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see116

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see116

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see116

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see116

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see114

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see113

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see112

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see112

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see109

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары