Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Зат есімнен әліпбиге дейін: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін қалай жүйеледі?

Зат есімнен әліпбиге дейін: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін қалай жүйеледі?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салған ғалым, ұлттық жазуды реформалаған ағартушы, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, публицист әрі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Алайда оның өмірбаянындағы ең алғашқы деректің өзі – туған күні ұзақ уақыт бойы әртүрлі көрсетіліп келді.

Ахаң нақты қай күні туған?

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні туралы әдебиеттерде бір кездері бірнеше дата қатар қолданылды. 1873 жылдың 28 қаңтары, 15 немесе 18 қаңтары деген нұсқалар да кездеседі. Алайда кейінгі зерттеулерде 1872 жылғы 5 қыркүйек деген датаға басымдық берілді.

Бұған Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен толтырған құжаттары негіз болды. Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивіндегі құжаттар арасында оның әр жылдары мемлекеттік мекемелерге тапсырған сауалнамалары сақталған. Солардың бірнешеуінде қайраткер өзінің туған күнін 1872 жылғы 5 қыркүйек деп көрсеткен.

Мәселен, Ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты қызметкерінің сауалнамасындағы «қашан, қайда туған?» деген сұраққа «5 қыркүйек, 1872 жыл» деген жауап жазылған. 1925 жылғы 17 қарашада рәсімделген Халыққа білім беру институтының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған сауалнамада да дәл осы дата көрсетіледі. Ал 1929 жылы Ахмет Байтұрсынұлы өз қолымен жазған өмірбаянында туған жылын 1872 жыл деп көрсеткен.

Сондықтан бүгінде ресми деректерде Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылғы 5 қыркүйекте Торғай өңірінің Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген деп көрсетіледі.

Қазақ жазуын қазақ тіліне икемдеді

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мәдениетіне әкелген ең үлкен өзгерістерінің бірі – жазу реформасы.

ХХ ғасырдың басында қазақтар пайдаланған араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере бермейтін. Ахмет Байтұрсынұлы 1910-1912 жылдары араб графикасын қазақ тілінің табиғатына бейімдеп, артық таңбаларды алып тастап, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес жаңа әліпби жүйесін жасады.

Зерттеулерде бұл әліпби 24 таңбадан тұрғаны көрсетіледі. Ол 1913 жылдан 1929 жылға дейін қазақ даласындағы мұсылман және кеңестік мектептерде қолданылды.

1912 жылы жарық көрген «Оқу құралы» осы жазу жүйесі негізіндегі сауат ашу кітабы болды. Оқулық бірнеше рет қайта басылып, қазақ балаларының сауатын ашуға пайдаланылды.

Бүгін қолданатын терминдердің бірқатарын Ахаң қалыптастырды

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін тек зерттеп қойған жоқ. Ол қазақ тіл білімінің ғылыми ұғымдары мен атауларын жүйеледі.

Оның «Тіл – құрал» еңбегі қазақ тілінің құрылымын ғылыми тұрғыдан жүйелеген алғашқы іргелі оқулықтардың бірі саналады.

Бүгінде мектептен бастап қолданылатын «зат есім», «сын есім», «етістік», «есімдік», «үстеу», «шылау», «одағай», «бастауыш», «баяндауыш», «жай сөйлем», «құрмалас сөйлем», «қаратпа сөз» тәрізді көптеген тілдік термин Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған ғылыми жүйенің құрамына кіреді.

Яғни Ахаңның мұрасы кітапхана сөресінде қалған тарихи дүние ғана емес. Қазақ тілінде сөйлеп, оның грамматикасын үйренген әр адам күні бүгінге дейін Байтұрсынұлы қалыптастырған ғылыми тілмен жұмыс істеп келеді.

«Қазақ» газеті не үшін маңызды болды?

Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір үлкен қызметі журналистикамен байланысты.

1913 жылы Орынборда Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы және басқа қазақ зиялыларының қатысуымен «Қазақ» газеті шыға бастады. Ахмет Байтұрсынұлы басылымның негізгі ұйымдастырушыларының әрі редакторларының бірі болды.

1918 жылға дейін шыққан газет сол кезеңдегі қазақ қоғамының ең маңызды мәселелерін көтерген жалпыұлттық мінберге айналды. Оның беттерінде жер, оқу-ағарту, шаруашылық, тіл, ел басқару және қазақ қоғамының саяси болашағы талқыланды.

Осылайша Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі мектеп пен оқулық шеңберінде қалған жоқ. Ол баспасөзді қоғаммен сөйлесудің және ұлттық сананы қалыптастырудың құралына айналдырды.

Бакудегі тарихи құрылтай

Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми беделі қазақ даласымен ғана шектелмегенін 1926 жылғы Баку жиыны да көрсетеді.

1926 жылғы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Бакуде І Бүкілодақтық түркологиялық съезд өтті. Оған Кеңес Одағындағы түркі халықтарының өкілдерімен бірге Түркия, Иран, Германия, Австрия, Венгрия және басқа елдерден ғалымдар қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлы съезд төралқасына сайланды. Ол жиында орфографияның негізгі принциптері мен түркі тілдеріндегі ғылыми терминология мәселелеріне қатысты баяндамалар жасады.

Бұл кезеңде түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қызу талқыланып жатқан еді. Байтұрсынұлы жазу мәселесіне саяси науқан ретінде емес, тілдің табиғаты мен халықтың сауаттылығы тұрғысынан қарады.

Қуғын-сүргін және ақталу

1929 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы саяси қуғынға ұшырады. Ол қамауға алынып, жер аударылды. 1934 жылы бостандыққа шыққанымен, сталиндік қуғын-сүргіннің жаңа толқыны кезінде қайта тұтқындалды.

1937 жылғы 8 желтоқсанда Ахмет Байтұрсынұлы атылды.

Оның аты мен еңбектеріне ұзақ уақыт бойы тыйым салынды. Тек 1988 жылы ғалым ақталып, мұрасы халқына қайта орала бастады.

Бүгінде Ахмет Байтұрсынұлының туған күні жеке тұлғаны еске алу шеңберінен әлдеқашан шыққан. 2017 жылдан бері 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтеді.

Бұл датаның Ахмет Байтұрсынұлымен байланыстырылуының өзіндік мәні бар. Ол қазақ тіліне жаңа әріптер ғана ұсынған жоқ. Тілді оқытудың жүйесін жасап, оның ғылыми терминдерін қалыптастырды, қазақша оқулық жазды, баспасөз арқылы қоғамдық ойдың дамуына ықпал етті.

Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығында оның мұрасын өткеннің ескерткіші ретінде ғана емес, бүгінгі қазақ тілінің күнделікті қолданысында өмір сүріп жатқан жүйе ретінде бағалауға негіз бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары