Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Оксфордта қазақ тілін оқыта бастады

Оксфордта қазақ тілін оқыта бастады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Дүниежүзіне танымал Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастады. Ана тілімізді үйренушілер қатарында шетелдік тіл мамандары, Орталық Азияны зерттеуші болашақ ғалымдар және ұлтымыздың бай мәдениеті мен дәстүріне қызығушылығы жоғары студенттер бар. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Оксфорд — әлемде беделі биік университеттердің бірі. Ол ғасырлар бойы ғылыми жаңалықтар ашып, жер-жаһанды өзгерткен түлектерді тәрбиелеп келеді. Енді білім ордасы оқу кестесіне қазақ тілін де қосып отыр. Бұл – еліміз бен ана тіліміздің ең жоғары академиялық деңгейде мойындалғандығын тағы бір дәлелдейді.

Қанатқақты жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Оксфорд университетіне қарасты «Бір сөз» бастамасы ұйытқы болды. Қазақ тілі қосымша сабақ әрі зерттеу жобасы ретінде жүргізіле бастады.

Дидар Садық, Оксфорд университетінің қазақ тілі пәні мұғалімі:

- Біздің негізгі жоспарымыз, А1, яғни ең базалық деңгейден бастап, Б1 деңгейіне дейін жеткізу. Академиялық жылдың соңында Б1 деңгейіне жеткен студенттердің тілді меңгеру деңгейін байқап, қорытынды шығаруымызға болады.

«Сабақтардың басталғанына бір ай ғана өтті. Сондықтан студенттердің нәтижесі туралы айту әлі ерте. Бір жылдан кейін ғана қорытынды жасауға болады», - дейді мамандар. Алайда қазірдің өзінде шетелдіктердің аяқ алысы жаман емес.

Шербан, Оксфорд университетінің студенті:

- Менің атым Шербан. Мен Англияда тұрамын және мен Оксфорд университетінде студентпін. Қазір мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Себебі менің ойымша өте әдемі тіл.

Джейкоб, Оксфорд университетінің студенті:

- Мен тілді қазақ жазушыларының шығармаларын түсіну үшін үйреніп жүрмін. Оларды түпнұсқада оқығанға ештеңе жетпейді деп ойлаймын.

Жобаға Ұлыбритания, АҚШ, Румыния және басқа да елдерден оншақты шетелдік студент қатысып жатыр. Барлығы да ғылыми ізденісте жүрген жастар. Дәрістер Азия және Таяу Шығыс факультетінде жүреді. Жоба барысында Оксфордтың тілді үйретуге арналған классикалық методикасы қолданылады. Шетелдіктер сенбі сайын сөйлеу клубына қатысады. Олар бұл жерде сөйлеу дағдысын жетілдіріп қана қоймай, ұлттық тағамдар жасап, салт-дәстүрлерімізді меңгереді.

Ләйлә Сұлтанқызы, Қазақ мәдени орталығының мүшесі:

- Қазақ тілін дәм арқылы, мәдениет арқылы, музыкасы арқылы есту, білу түсіну деген сияқты, яғни жалпы қазақтың болмысын түсіну үшін осындай спикинг клабтарды, Тіл-тайм деп атаймыз, Қазақ қауымдастығымен бірге өткіземіз.

Игі бастама келесі академиялық оқу жылында да жалғасын табады деген жоспар бар. Оқу материалдары жетілдіріліп, қателіктермен жұмыс жүргізіледі. Екінші жыл сөйлеуге, тыңдауға, оқылым дағдырларын жетілдіруге басымдық берілмек. 

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 00:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары