Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қазақ тілін дамыту бағыты айқындалды

Қазақ тілін дамыту бағыты айқындалды

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қарағандыда Мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтады. Өңірде Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар іс-шара  қолға алынды.

Мәселен, облыс әкімдігі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті бірлесіп үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздеген құжат  бірлескен жобаларға жол ашты. Қарағандыда алғаш рет облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өткізілетін болды. 

Әлібек Әлденей, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы өздеріңіз білетіндей биыл тілдер күніне жарияланып, бүгінгі күні 13 өңірімізден 4 мыңға жуық бала қатысып отыр. Бұл жоба аясында біз қатысып отырған балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін жалпы тілдік корпустағы тіл байлығын кеңейтуге бағытталса, екінші жағынан бұл жас ұрпақтың арасында патриоттық сезімді оятуға Қазақстанның тарихын білуге арналған жоба.

Бәсекелі байқауда 6-10 сынып оқушылары бақ сынайды. Әрі Тастыбай Жағыпарұлы жыраудың «Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқиды. Оған облыстың 324 мектебінен 4138 оқушы қатысып отыр.

Рауан Кенжеханұлы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті

- Біздің ойымызша, мектеп қабырғасында, балабақшадағы, басқа оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту дәстүрі, әдістемесі жетілмей біз мемлекеттік тілді тиісті тұғырына шығару мәселесінде көп ілгері жылжи алмаймыз. Сондықтан да осы «Тұлпар мініп, ту алған» деген әдемі атпен басталған бастаманың аясында мектеп оқушыларын соған баулып, тәрбиелеп, жаттықтырып жатқан мұғалімдерді, ұстаздарды қолдау біз үшін маңызды.

Меморандум аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті байқау жеңімпазына оқу грантын ұсынады. Ал оның ұстазына - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы атынан автокөлік сыйлауды көздеп отыр.

Алмас Орынбеков,  Қазтұтыну одағы Қарағанды университетінің проректоры:

- Мемлекеттік тіл саясатын дамытуда, оны жүзеге асыруда бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Университетімізде 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы бар. Жаңағы аталған байқау «Тұлпар мініп, ту алған» ректор қолдады, жеңімпаздарға міндетті түрде грант беретін боламыз. Болашақта да осындай іс –шараларды қолдайтын боламыз. Енді осы қойылайын деп отырған меморандум әрі қарай да осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіреді деген сенімдеміз.

Жиында  қазақ тілін дамытумен қатар жастарды рухани құндылықтарға баулу мәселесі де сөз болды.  Облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік тілдің беделін арттыру үшін алдағы уақытта да үзбей жұмыс жүргізетінін айтты. Демек меморандум бойынша бірлескен жобалар жалғасын табады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:249
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 21:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары