Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Миллиард теңгеден астам шығын: Атырауда автосалон басшылары сотталды

Миллиард теңгеден астам шығын: Атырауда автосалон басшылары сотталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атырауда "Абырой Авто" автосалонының екі басшысы бір миллиард теңгеден аса сомада алаяқтық жасады деген іс бойынша 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптау нұсқасы бойынша, олар коммерциялық сатып алу желеуімен иелерінен көліктерін алып, оларды автосалон қызметкерлеріне қайта рәсімдеп, үшінші тұлғаларға сатып жіберген. 103 адам жәбірленуші деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың жазында Атырауда "Абырой Авто" автосалонының 100-ден аса клиенті көліктерін сатуға өткізгеннен кейін дымсыз қалғандарын мәлімдеді. Ол кезде алаяқтық ісі бойынша екі күдікті қамауға алынып, автокөліктерге тыйым салынған болатын.

Сегіз айға созылған талқылау

Іс бойынша сот талқылауы сегіз айға созылды. Қылмыстық іс аясында 103 адам жәбірленуші деп танылды. Сонымен қатар 100-ден аса куәгерден жауап алынды.

Іс материалдарының ауқымдылығына байланысты ондаған сот отырысын өткізу қажет болды.

"Коммерциялық сатып алу" схемасы қалай жұмыс істеді?

Мемлекеттік айыптаушы, Атырау прокуратурасының прокуроры Абылайхан Әбужановтың түсіндіруі бойынша, қылмыстық схема көлік иелерінің сенімі мен ақшаны тез төлеп беру туралы уәделерге негізделген.

"Абырой Авто" автосалонының менеджерлері интернеттен көлік сату туралы хабарландыруларды тауып, олардың иелерімен байланысқа шыққан. Оларға "коммерциялық сатып алу" деп аталатын қызмет түрін ұсынған - автосалон көлікті тез әрі иесіне тиімді бағада сатып алуға уәде берген.

Азаматтар өтініш білдіргеннен кейін олармен келісімшарт жасалған. Құжат шарттарына сәйкес, көлік үшін ақша сатушының шотына 10 жұмыс күні ішінде түсуі тиіс болған.

Алайда, сот мәліметінше, автокөліктер автосалон қызметкерлеріне қайта рәсімделіп, содан кейін үшінші тұлғаларға сатылып кеткен.

"Құжаттарды рәсімдеу кезінде көлік иелерін машинаны есептен шығарып, оны үшінші тұлғаларға - автосалонның өз қызметкерлеріне аударуға көндірген. Уәде етілген он күн ішінде автосалон алынған көлікті басқа сатып алушыларға сатып үлгерген. Нәтижесінде заңды иелері көлікті де, уәде етілген төлемді де алмаған", - деді сотта мемлекеттік айыптаушы.

1,1 миллиард теңгеден аса шығын

Сотталушылар орындығында "Абырой Авто" компаниясының екі басшысы отырды. Оларға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, келтірілген шығынның жалпы көлемі - 1 миллиард 147 миллион 800 мың теңге болады.

Атырау қалалық №2 сотының судьясы Эльмира Ойқұлова үкімді жария етті.

Фото сот залынан: Tengrinews.kz

Сот компания басшыларын кінәлі деп тауып, әрқайсына 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазаны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталғандардың әрқайсы 6 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдар мен өзге де кәсіпорындар құру, оларға басшылық ету, сондай-ақ материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Автокөліктер тағдыры не болмақ?

Қазір жəбірленушілерді мазалап отырған басты сұрақтардың бірі - олар өз автокөліктерін қайтара ала ма деген мәселе.

Прокуратура өкілдері мәліметінше, қайта сатылған көлік құралдарының бұдан былайғы тағдыры үкім заңды күшіне енгеннен кейін азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіледі.

Жәбірленушілер сотқа талап арыз, соның ішінде сатып алу-сату мәмілелерін даулау және мүлікті қайтару туралы мәселені шешу үшін жүгіне алады.

Еске салайық, автосалон төңірегіндегі дау Атырауда 2025 жылғы тамызда басталған болатын. Ол кезде зардап шеккен тұрғындардың бірі көлігін танымал мессенджер арқылы сатылымға шығарғанын айтқан. Содан кейін онымен "Абырой авто" автосалонының өкілдері хабарласып, машинаны сатуға көмектесуге уәде берген. Осы қызметкерлерге сенген иесі көлігін соларға қалдырып кеткен.

"Қыздар телефон соғып, машинаны өзіміз сатып берейік деді. Адамдардың көлігін қалдырып, кейін ақшасын алып жатқанын бұрын естігенмін, сондықтан олар мені тез көндірді, мен келістім. Бірақ көп ұзамай шу шығып, нәтижесінде - не көлік жоқ, не ақша жоқ болып шықты", - деп әңгімелеген еді Атырау тұрғыны бұған дейін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 17:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары