Министр Мұхтар Әуезов театрындағы жөндеу жұмысының барысын тексерді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Арман Қырықбаев Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барып, ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Министрге құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі кезеңі мен театрды техникалық жабдықтау жөнінде мәлімет берілді. Жұмыс сапасына, құрылыс талаптарының сақталуына және қайта жаңғыртуды белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне айрықша назар аударылды.
Биыл театрдың құрылғанына 100 жыл толады. Қайта жаңғырту кезінде ғимараттың тарихи-сәулеттік келбетін сақтап, әртістердің шығармашылық жұмысына және көрерменге қолайлы жағдай жасау көзделген. Бұл ретте сахна өнерінің заманауи талаптары, қауіпсіздік пен техникалық жабдықтау мәселелері ескеріледі.
Жобаның орындалуы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2026 12:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















