Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мұхтар Әуезов театрында ғасыр тойы тойланды

Мұхтар Әуезов театрында ғасыр тойы тойланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мерейтойға орай «Ғасырға басқан қадам» атты салтанатты театрландырылған қойылым қойылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Театр ұжымын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Министрдің құттықтау сөзін ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқыды.

«Театр – халықтың рухани қазынасы, мәдениетіміздің өзегі. Бүгінде елімізде театр өнеріне деген қызығыушылық артып, көрермен талғамы күн санап биіктей түсуде. Бұл ең алдымен сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен өлшеусіз шығармашылық ізденістеріңіздің жемісі деп білемін. Ұлы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген театрдың ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Қазақтың ұлттық театр өнерін жоғары деңгейге көтеріп, оны гүлдендіру жолында атқарған қызметтеріңіз берекелі, табысты болсын. Өресі биік көрерменді толғандыратын, жан-дүниесіне рухани байлық сыйлайтын жаңа туындыларыңыз көп болсын»,– делінген құттықтау хатта.

Кеш барысында көрермен назарына театр репертуарындағы таңдаулы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Кеште ұлттық театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актерлердің өнері арқылы өткен мен бүгіннің көркем сабақтастығы көрініс тапты.

Сонымен қатар театр музейі келушілер назарына «Ғасыр жасаған ұлт театры» атты интерактивті көрме ұсынды. Онда экспонаттар мен архив материалдары заманауи форматта көрсетілді.

​Айта кетейік, қазақ өнерінің қара шаңырағы, кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда, Қызылорда қаласында ашылды. Бастапқы қойылымдары Қ. Кемеңгерұлының «Алтын сақина» және М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесаларынан үзінділер болды. Театрдың алғашқы құрамында И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина т. б. еңбек етті.

1928 жылы театр Алматыға көшті. 1937 жылы 27 ақпанда «академиялық» театр мәртебесін алды. 1961 жылы театр жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін иеленді. Ал 2020 жылдың 20 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен театрға «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Әуезов театрының бір ғасырлық тарихы – халықтың үні, заманның тынысы, ұлттың рухы. Қазіргі таңда театр өзінің мәдени-рухани миссиясын нақты айқындаған шығармашылық ұжым ретінде ұлттық өнерді дәріптеу, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жаңа тұрпатты мәдениет жасау және әлемдік мәдени кеңістікке ұлттық өнерімізді таныту жолында табанды еңбек етуде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары