Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Молдияр Ергебеков, өнертанушы, медиа зерттеуші: Қазақ киносына әлеуметтанулық көзқарас жетіспейді

Молдияр Ергебеков, өнертанушы, медиа зерттеуші: Қазақ киносына әлеуметтанулық көзқарас жетіспейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұрын комедиялар басымдық танытқан отандық кино нарығында қазір драма мен хоррор бағытындағы туындылар да көптің ықыласына ие. Дегенмен қазақ киносының бүгінгі беталысы тек кассалық табыспен өлшенбесе керек. Экранда қоғамның шынайы келбеті қаншалықты көрініс тауып жүр? Кинодағы әйел мен бала бейнесі қалай өзгерді? Неліктен балаларға арналған төл туындылар әлі де тапшы? Отандық киноға әлеуметтанулық көзқарас қаншалықты қажет? Таяуда біз осы және өзге де мәселелер төңірегінде өнертанушы, медиа зерттеуші Молдияр Ергебековпен әңгіме өрбіткен едік.

– Бір кездері қазақ киносына қатысты негізгі сын «комедия тым көп» дегенге тірелетін. Бірақ 2025 жылы касса жинаған он отандық фильмнің ішінде бес комедиямен қатар төрт драма мен бір хоррор қатар тұр. Бұл нарықтың үйреншікті жанрдан біртіндеп алыстап келе жатқанын білдірмей ме?

– Иә, кейінгі жылдары драмалар, тіпті хоррор жанрындағы фильмдер де ең көп көрілетін туындылардың қатарына қосыла бастады. Меніңше, бұл – нарықтың емес, ең алдымен, көрерменнің кино сауаты жақсарып келе жатқанының көрсеткіші. Қазір елімізде кино сыны да жақсы дамып келеді. Соның әсері киногерлерге де тиіп, нәтижесінде әлдеқайда сапалы фильм­дер түсіріле бастады. Сәйкесінше, сапалы туын­дыларға деген сұраныс та артып келеді деп ойлай­мын. Дегенмен бұл фильмдерге айтылатын сын да аз емес. Әсіресе киногерлеріміздің ең үлкен кемшілігінің бірі – әлеуметтанулық көзқарастың жетіспеуі. Біз айтып отырған ең көп көрілген драма және хоррор жанрындағы фильмдерден де осы олқылық анық байқалады, яғни қоғамға әлеуметтанулық тұрғыдан қарау, әлеуметтік құбылыстарды тереңірек түсіну жетіспейді. Соған қарамастан, мұны да отандық киноның даму жолындағы бір баспалдақ, ілгерілеудің көрсеткіші деп бағалаймын.

– Осыған дейінгі фильмдерге мән беріп қарасақ, 80-90 жылдарға тән таптаурын кеңестік көзқарастардың кейбір элементтерін көруге болады. Ал қазір ше? Ауыл адамы, қала жастары, әйелдер мен балалар бейнесі экранда стереотипсіз көрсетіліп жүр ме?

  – Ең алдымен, балалар бейнесіне тоқталайын. Балалар біздің фильмдерімізде жоқтың қасы. Бар болған күннің өзінде көбіне стереотиптік көзқарас тұрғысынан бейнеленеді. Дәлірек айтсақ, олар тәрбиеленуі, қадағалануы, үнемі бақылауда ұсталуы тиіс тіршілік иелері ретінде ғана көрсетіледі. Ал әйелдер образына келсек, олардың кинодағы бейнесі біршама өзгеріп, жақсарып келе жатқан сыңайлы көрінеді. Мұны әйел режиссерлердің кино әлеміне белсенді араласа бастауымен байланыстырамын. Әсіресе әйел режиссерлер таспалаған фильмдердегі әйел бейнесі әлдеқайда жақсы ашылып, жеке тұлға ретінде қалыптаса бастаған сияқты. Мәселен, көпшілікке танымал фильмдер тұрғысынан қарастырсақ, «Ыстық ұя» туындысын айтуға болады. Қателеспесем, фильм Дариға Бадықованың сценарийі негізінде түсірілді, продюсерлік шаруаны да өзі атқарды. Кинода продюсерлер де – режиссерлермен қатар өте маңызды тұлғалар. Осы фильмнің өзінен әйел бейнесінің жай ғана бейне емес, өзіндік мінезі, болмысы бар кейіпкерге, жеке тұлғаға айналғанын көреміз. Сондықтан бұл тұрғыда біршама ілгерілеу бар деп білемін. Тағы бір атап өтерлік жағдай, әйелдер болуы тиіс фильмдерде олардың бейнесін көрмейміз, өкінішке қарай. Мысалы, таяуда үлкен экранға жол тартып, көпшіліктің мақтауына ие болып жатқан «Қара алтын» фильмін алайық. Онда бас кейіпкердің әйелін мүлде көрмейміз деуге болады. Жағымсыз кейіпкер оның кішкентай итіне қатысты әрекет жасап, өзін бала-шағасымен қорқытқан тұста ғана әйелінің жылағанын көреміз. Фильмде әйел бейнесі қайғыны, драманы жеткізудің бір құралы ретінде ғана алынған. Оның жеке тұлғалық болмысы мүлдем ашылмаған. Әйелі күйеуіне қалай ықпал етті, қиын сәтте оған қандай қолдау көрсетті, бас кейіпкер үлкен қысымға тап болған кезде жанынан табылып, қалай демеу болды? Фильмде мұның ешқайсысы көрсетілмейді. Бар назар Қасымның өзіне аударылған. Ол қандай керемет әке, қандай керемет бизнесмен, атадан қалған мұраны іздеуші, жоқтаушы ретінде бейнеленген. Осылайша, өзі болып, өзі толған бір адамды идеалдандырып жіберген. Өкінішке қарай, бұл да біздің фильмдерімізде әлі күнге дейін әлеуметтанулық көзқарастың жетіспейтінін аңғартады.

– Қазақ киносында әлі де экранизацияланбаған қандай әлеуметтік тақырыптар бар? Дәл осы мәселелердің экранда сирек көрсетілуіне не себеп? Режиссерлердің батылы жетпей ме, әлде көрерменнің өзі мұндай киноны көргісі келмей ме?

– Қазақ киносында көрсетілмей жүрген тақырып көп. Солардың ең бастысы балалар тақырыбы деп ойлаймын. Біз қазақ тілі туралы айтамыз, болашақ жайында сөз қозғаймыз. Бірақ сол болашағымызды, қазақ тілінің келешегін қалыптастыратын – бүгінгі балалар. Ал біз сол балаларға арналған контентті өте аз жасап жүрміз. Көбіне экономикалық, коммерциялық пайда әкелетін дүниелерге басымдық береміз. Соның нәтижесінде балаларымыз өзге тілдердегі медиаконтентті тұтынып жүр. Соның бірі – кино. Бізде балаларға арналған туындылар жоқтың қасы. Мәселен, кейінгі жылдары жасөспірімдер бейнесі арқылы көзге түскен фильмнің бірі – «ДШ ағай». Бірақ бұл – балаларға арналған фильм емес, балалар жайындағы фильм. Нақтырақ айтқанда, жасөспірімдер туралы түсірілгенімен, фильм жасөспірімдердің өзіне арналмаған. Меніңше, қазір қазақ киносында жетіспей жүрген ең негізгі дүниенің бірі – осы балаларға арналған фильмдер. Өкінішке қарай, біз мұндай туындыларды әлі де қазақ киносынан көре алмай отырмыз. Қазақ киносы да, қазақ медиасы да балаларды ұмытты.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын бір сұхбатыңызда «Қазіргі фильмдерде қоғамдық шындық бар, бірақ актерлік шеберлікте шынайылық жоқ» деп айтқан едіңіз. Қазір де осы пікірдесіз бе?

– Қазір кино әлемінде актерлік шеберлік шыңдалып келе жатқан тәрізді. Театрға тән ойнау мәнерінен біртіндеп алыстай бастадық деп ойлаймын. Мысалы, «Қара алтын» фильмін алсақ, басты кейіпкер расында да рөлін өте сәтті сомдаған. Қазір театрдан киноға ауысып, фильмдерге түсіп жүрген актерлер көп. Олар да кино мен театрдың арасындағы айырмашылықты түсіне бастаған сияқты. Соның нәтижесінде әлдеқайда табиғи ойнайтын актерлеріміз пайда болып жатыр. Дей тұрғанмен, әлі де болса театрға, театрдың ережелеріне сүйенетін, содан пана іздейтін актерлеріміз де, фильмдеріміз де жоқ емес. Жақында «Ана» деген фильмді көрдім. Бастан-аяқ құдды бір театр спектаклін фильмге айналдырып түсіргендей әсер қалдырды. Әрине, мұндай фильмдер қазақ киносының тарихында болған. Мәселен, Шәкен Аймановтың бәріміз білетін, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббат хикаясына негізделген «Махаббат туралы аңыз» фильмі. Бұл – Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы бойынша түсірілген фильм-спектакль. Ол кездері қазақ киносының ахуалы енді ғана аяққа тұрып келе жатқан заман болатын. Тіпті аяққа да тұрмаған, әлі еңбектеп жатқан кезеңі еді. Фильм соғыстан кейінгі жылдары түсірілді. Сондықтан оның эстетикасының театрға тән болуы заңды. Ал қазіргі уақытта мұндай фильмдердің түсірілуін, өкінішке қарай, түсіне алмаймын. Театрдан келген өнер майталмандары бар. Мен ол кісілерді өз ісінің хас шеберлері деп бағалаймын. Бірақ театр сахнасында шеберлік танытқан актердің кинода да сол деңгейде өнер көрсетуі үшін әлі де көп тер төгуі қажет деп санаймын.

– Жаңа буын режиссерлерінің алғашқы жұмыстарын көрсетіп, жаңа есімдерді танытатын алаңдардың бірі – Baiqonyr Film Festival. Осы фестивальден шыққан таланттар қазақ киносына тың тақырыптар әкеле алды ма? 

– «Байқоңыр» кинофестивалі – еліміздегі қысқаметражды фильмдер үшін өте маңызды платформа. Әрине, толықметражды фильмдер үшін де маңызы зор. Дегенмен фестиваль қаншалықты киноның өзіндік базары болғанымен, оның басты міндеті мұнымен шектелмейді. Фестиваль – көрерменді кино индустриясына қатысуға шақыратын, киноға баулитын, оның эстетикалық талғамын арттыруға ықпал ететін маңызды іс-шара. Сондықтан мен «Байқоңыр» болсын, кез келген кинофестиваль болсын, ең алдымен, нарық ретінде емес, көрерменнің эстетикалық талғамын қалыптастыратын, оның деңгейін көтеретін мәдени алаң ретінде бағалаймын. Кинофестивальдердің қоғамға, халыққа тигізетін ең үлкен пайдасы да осы. Ал «Байқоңыр» кинофестивалінен кейін танылып, кәсіби жолын жалғастырып жүрген біршама режиссерлер бар. Сонымен бірге питчингтерге қатысып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға талпынып жүрген киногерлерді де білемін. Бұл тұрғыдан фестивальдің жас режиссерлер үшін маңызы айрықша.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 06:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары