Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау маңызды

Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау маңызды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 743 мыңнан астам адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1992 жылы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп белгіледі. Әлемде инклю­зивті қоғам құрудың маңыз­ды екені әрдайым көтеріледі. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау таныту – елдік іс. Айналасына ізгіліктің, мейірімділіктің шуағын шашып жүретін жандар мемлекет­тің іргесін нығайтуға өз үлесін қосуды азаматтық парызы санайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі­гінің мәліметінше 743,9 мың мүгедектігі бар азаматтың  414 мыңы (55,7%) – еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам (28,6%) – зейнеткер. Сонымен қатар  117 мың адам (15,7%) – кәмелет жасына толмаған бала. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында мемлекет тарапынан кешенді шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Әлеуметтік кодекс аясында жүзеге асырылады. 

«Елімізде мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар­дың мәселелерін шешу жолға қойылған. Тиісті министрлік жанында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтық қоғам арасында диалогтік алаң құрып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу. Бұдан сырт орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс, қала, аудан әкімдерінің жанында мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөнін­дегі кеңесшілер институты бар. Институтта 140-тан астам кеңесші жергілікті деңгейде ерекше қажет­тіліктері бар азаматтардың мәсе­лелерін шешіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға арнал­ған ұсыныстары жүзеге асуына септеседі», дейді еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нистрі­нің кеңесшісі Захира Бегалиева.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті саясат тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат медициналық-әлеу­меттік үлгіден әлеуметтік-құқық­тық үлгіге көшуді көздейді. Тұ­жырымдаманың басты мақсаты – еліміздегі мүгедектігі бар адам­дардың өмір сүру сапасын жақсарту. Жобаны жүзеге асыру әрбір азамат өзінің даму ерек­шеліктеріне қарамастан, лайық­ты өмір сүріп, өз әлеуетін толық іске асыра алатын қоғам қалыптастыруға жол ашады.

Бүгінде мүгедектік есе­бінен мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақы алушылардың саны – 542,8 мың адам. Жыл басынан бері аталған жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 424 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса, жыл басынан бері 114,5 мың адам мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы алды. 53,3 мың адамға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтімге алғаны үшін жәрдемақы төленді. Биылғы 10 айда 99 мыңнан астам адамға еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем аударылды. Бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 72 003 теңге. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдем­десу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Биылғы қаңтар-қазан айлары ара­лығында мүгедектігі бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек­ке қабілетті жастағы мүге­дектігі бар азаматтардың 30%-ы деген сөз. Әлеуметтік кодекс­ке сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар­дың жұмыс орындарына 2–4%-ға дейінгі квота белгілейді. Осы жылдың үшінші тоқсанында квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,1 мың адам жұмысқа орналас­ты. Сондай-ақ мүмкіндігі бар азаматтар жұмыспен қамтуға жәр­демдесудің шараларына қатысуда да белсенділік танытып келеді. Жыл басынан бері 4,8 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар 538 адам – Жастар практикасы аясында, 538 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 5,7 мың адам – қоғамдық жұмыстарға, 758 адам – «Күміс жас» жобасымен, 120 адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында, 9 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы жұмысқа орналасты. Мүгедектігі бар азаматтар жеке кәсібін ашуға ынта танытса, мемлекет 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1,6 млн теңге) грант береді. Биыл 1,4 мыңнан астам азамат осы гранттың игілігін көрді.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында өңірлерде әлеумет­тік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. 2023–2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізіл­ген 43 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта елімізде 25 мыңнан астам нысан толық бейімделген.

2023 жылдан бері әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар институты жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар адам­дарды әлеуметтік қорғау саласын­дағы заңнаманың сақта­луын мемлекеттік бақылау ар­қылы қадағалайды. Биыл жыл басы­нан бері әлеуметтік инспекторлар 1 356 тексеру жүргізген. Олардың 461-і – жоспардан тыс, 558-і – профилактикалық бақылау аясында, 337-сі прокуратураның талап етуімен жүзеге асты. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға 701 нұсқама берілді.

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық істерге белсенді араласып, мүмкіндігін арттырып, туындаған мәселені еңсеру мақсатында арнайы әлеуметтік қызмет түрлері де ұсынылады. Қызмет түрлері стационарлық, жартылай стационарлық жағ­дайда әрі үйде күтімге алу форматында көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік қызмет азаматтардың жеке қажеттіліктеріне байланыс­ты бірнеше бағытта ұсыны­лады. Негізінен әлеуметтік-тұрмыс­тық, әлеуметтік-медици­налық, әлеуметтік-психоло­гиялық, әлеу­меттік-педагоги­калық, әлеу­мет­тік-еңбек, әлеумет­тік-мәдени, әлеу­меттік-экономи­калық, әлеу­меттік-құқықтық бағытты қамтиды.

Биылғы қаңтар айынан арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформация­лау күшейтіліп, орталықтарға лицензия беру арқылы жан басына қаржыландыру іске қосылды. Лицензиялаудың басты мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапа­сын арттырып, қызмет алушы­лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазірде 94 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін ұйым­дарға 582 лицензия берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2027 жылдың соңына дейін 12 өңірде мүгедектігі бар адам­дарға арналған заманауи оңал­ту орталықтары салынады. Нақ­тылап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент, Астана қалаларында бой көтереді. Бүгінге дейін Семей, Тараз, Кентау, Орал қалаларында 4 оңалту орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Атырау облысында тағы 1 орталық пайдалануға беріледі. Қалған 7 орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Қамқорлық» бастамасы­ның үшінші кезеңін іске асыру шеңберінде аутизм спектрінің бұзылуы мен басқа да психика­лық ауытқулары бар балаларға арнал­ған күндізгі ауысымдық орта­лықтар ашу қолға алынды. Бүгінде мұндай орталықтар Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында азамат­тардың игі­лігіне айналды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, мүгедектігі бар балаларды үй жағдайын­да оңалту жұмысына серпін береді. Инновация­лық оңалту­дың техникалық құралдарымен қамта­масыз ету жобасы іске асып келеді. Бүгінге дейін жобаға 489 бала қатысқан, нәтижесі де көңіл қуантарлық. Ілкімді істің шарапаты тиіп, 353 баланың қимыл-қозғалыс дағдылары едәуір жақсар­ған, оның ішінде басты тік ұс­тау, отыру, еңбектеу, тұру қабілет­тері жақсарып, 21 бала өздігінен жүре бастады.

Қоғамның дамуына мүгедектігі бар азаматтардың да қосар үлесі зор. Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Қаскелең оқу-өндірістік» кәсіпорнының басшысы, І топ мүгедегі Бауыржан Пірімжанов мүгедектігі бар аза­маттарға мемлекет әрдайым қол­дау танытып, қамқорлық көрсе­тетінін айтады.

«Қазақ соқырлар қоғамына» қарасты біздің кәсіпорында мүгедектігі бар азаматтар еңбек етеді. Олар мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыға арқа сүйеп отырмайды. Отбасын асырау жолында талмай еңбек етіп, қосымша қаражат жинайды. Біз де осылай мемлекеттік дамуына өзіндік үлесімізді қосып келеміз», дейді Бауыржан Ақанұлы.

Он екі мүшесі сау, тепсе темір үзер зіңгіттей кей азаматтар­дың сылтауға сүйенуі ешқандай ақ­тауға келмейді. Мүгедектігіне мойымай, керісінше, елдің дамуы­на ерекше үлес қосып жүрген қайсар жандардан үлгі алса еді дейміз біз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары