Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Лондондағы Мисс Кәусар

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар?

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні (МБА) атап өтіледі. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда тұратын 743,9 мың МБА-ның ішінде 414 мың адам немесе 55,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам немесе 28,6%-ы зейнеткерлік жаста, ал 117 мың адам немесе 15,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, оларды қоғамға әлеуметтік тұрғыдан кіріктіру мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі және бірізді шаралар қабылдануда. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан және ол үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жүйе Әлеуметтік кодекс аясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі көмек; әлеуметтік оңалту шеңберінде қажет деп танылған ағза функцияларын қалпына келтіру; арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету; жұмыспен қамту шаралары; кедергісіз орта құру.

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелерін шешу мақсатында ЕХӘҚМ жанында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтық қоғам арасында диалогтық алаң құрып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстанда орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс, қала, аудан әкімдерінің жанында мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілер институты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 140-тан астам кеңесші жергілікті деңгейде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған ұсыныстар әзірлеуге атсалысуда.

Өткен жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру бойынша алғашқы ұлттық баяндамасын қорғады. БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, бірқатар маңызды ұсынымдар берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, БҰҰ ұсынымдарын, халықаралық тәжірибені және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, ЕХӘҚМ 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті. Бұл құжат медициналық-әлеуметтік үлгіден әлеуметтік-құқықтық үлгіге көшуді көздейді. Тұжырымдаманың басты мақсаты – Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Тұжырымдаманы іске асыру – әрбір азамат өзінің даму ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүріп, өз әлеуетін толық іске асыра алатын қоғам қалыптастыруға жол ашады.

Мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер

Мемлекет мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. Жыл сайын республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылардың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүргізілетін төлемдердің мөлшері индекстеліп отырады.

2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 544 мың адамды құрады. Жыл басынан бері аталған жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 382 млрд теңге бөлінді. МӘЖ мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін күнкөріс минимумының көлеміне байланысты белгіленеді. 1 қазанға қарай мүгедектік бойынша МӘЖ-нің орташа мөлшері 78 267 теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері: 110,3 мың адам – мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 59,9 млрд теңге) және 51,6 мың адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 29,8 млрд теңге).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылардан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлемдердің мөлшері әрбір адам үшін жеке есептеледі және әлеуметтік аударым жасалған орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентіне, сондай-ақ жүйеге қатысу өтіліне байланысты есептелінеді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 98 мыңнан астам адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды, төлемдердің жалпы сомасы 38,9 млрд теңгені құрады. 1 қазанға қарай бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 72 087 теңге болды.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру

30 нозология бойынша мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеу белсенді түрде іске асырылып жатыр. Бұл формат аясында азаматқа тек медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті – қалған барлық процесс ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы оның қатысуынсыз жүзеге асырылады. 2025 жылдың 9 айында еліміздің барлық өңірінен осы форматта 79 мыңға жуық өтінім қаралды, оның ішінде 40 мың іс – денсаулық сақтау ұйымдарынан тартылған тәуелсіз сарапшылар арқылы бағаланды.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап, ағзада қайтымсыз өзгерістер туындайтын жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті белгілеудің арнайы механизмі енгізілген пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл тізімге аяқ-қол ампутациясы, Даун синдромы, балалардағы мукополисахаридоз сияқты аурулар кіреді. Аталған жағдайда рәсімдер барынша оңтайландырылып, шешім қабылдау мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін таңдау

Мүгедектігі бар адамдар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің, сондай-ақ ым-ишара тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және қызметтермен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталдың негізгі мақсаты – процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, бәсекелестік арқылы сапаны арттыру және азаматқа еркін таңдау құқығын беру.

Бүгінгі таңда Порталда 629 арнайы әлеуметтік қызметтер жеткізуші, 1045 ОТҚ жеткізуші, 32 мыңнан астам жеке көмекші қызметін ұсынушы, 751 ым-ишара тілі маманы, 134 санаторлық-курорттық ұйым тіркелген.

Жыл басынан бері Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар тарапынан 467 мыңнан астам тапсырыс орындалды.

Қазіргі уақытта инватакси қызметін де Портал арқылы ұсынуға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және оңалтуды дамыту

Мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) қоғам өміріне араласу мүмкіндігін қалыптастыру және туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру мақсатында арнайы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) ұсынылады. Қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда және үйде күтім көрсету форматында көрсетіледі. АӘҚ азаматтардың жеке қажеттіліктеріне байланысты келесі 8 бағыт бойынша ұсынылады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау аясында АӘҚ көрсететін орталықтардың қызметі лицензиялау арқылы реттеліп, жан басына қаржыландыру жүйесіне көшу жүзеге асырылуда, бизнес-процестер цифрландырылуда. Лицензиялаудың басты мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 93 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін ұйымдарға 578 лицензия берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2027 жылдың соңына дейін еліміздің 12 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтарын салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары, Алматы, Шымкент және Астана қалалары. Бүгінде Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында 4 оңалту орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Атырау облысында тағы 1 орталық пайдалануға беріледі. Қалған 7 орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр.

 «Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңін іске асыру шеңберінде аутизм спектрінің бұзылуы және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі ауысымдық орталықтарын ашу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар келесі 7 қалада жұмыс істейді: Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент.

Сонымен қатар, ЕХӘҚМ «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға арналған инновациялық оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске асыруда. Жоба төрт өңірде жүзеге асырылып жатыр, оған 230 бала қатысуда. Бірнеше ай ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: 83 бала өздігінен басын ұстай алады, 51 бала сүйенішсіз өздігінен отыра алады, 20 бала сүйенбей тұра алады, 16 бала өздігінен жүре бастады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Мүгедектігі бар адамдарды (МБА) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. 2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша, мүгедектігі бар 111,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбекке қабілетті жастағы МБА-ның 30%-ын құрайды.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2-ден 4%-ға дейінгі квота белгілейді. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында квота шеңберінде 6,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, МБА жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Жыл басынан бері: 3,7 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 463 адам – жастар практикасы аясында, 524 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 5,6 мың адам – қоғамдық жұмыстарға, 715 адам – «Күміс жас» жобасы бойынша, 112 адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында, 9 адам – «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, 1,4 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттен 400 АЕК-ке дейін (1,6 млн теңгеге дейін) грант алды.

Кедергісіз орта құру және мемлекеттік бақылау

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. 2023–2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 43 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта республика бойынша 24 мыңнан астам нысан толық бейімделген.

2023 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар институты жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы қадағалайды. 2025 жылдың басынан бері инспекторлар елдің барлық өңірінде 1083 тексеріс жүргізді, оның ішінде: 433-і – профилактикалық бақылау шеңберінде, 420-сы – жоспардан тыс тексерулер, 230-ы – прокуратураның тапсырмасы бойынша өткізілді.

Қазақстанның әр өңірінен мүгедектігі бар азаматтар оң өзгерістерді және өмір сапасының артқанын атап өтуде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 20:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

29 Мамыр 2026 11:54see114

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

29 Мамыр 2026 11:50see114

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

29 Мамыр 2026 11:29see112

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

29 Мамыр 2026 11:51see110

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see105

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

29 Мамыр 2026 11:31see102

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары