Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Индонезияда су тасқынынан 502 адам көз жұмды

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет дүкеннің курьері ұсталды

Жамбыл облысы химия өндірісінде алда тұр

Семейде дәретхана қағазы атауынан шу шықты

Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

Қазақстаннан барған ерлі зайыптылар Сидней казиносында жасырын камера арқылы 1,18 млн доллар ұтып алған

Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді

Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айып тағылған взвод командирі жазадан босатылды

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

Астана, Алматы және Шымкент: 1 желтоқсандағы валюта бағамы

Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы Менің Қазақстаным халықаралық ән фестивалі өтеді

АИ 92 бағасының өсуі туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

1 желтоқсан. Жылнама

Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады

ЕҚЫҰ Минск тобы мен онымен байланысты құрылымдардың жұмысын аяқтады

Сарыарқа хоккей клубына жаңа директор тағайындалды

Бұрқасын, тұман және көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы хабарлады

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

Қытай азаматтары жаңа туған сәбилерді әкетпек болған

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға арналған қандай шаралар бар?

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға арналған қандай шаралар бар?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық мүгедектер күні әлемнің барлық елінде 3 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) басты міндеттерінің бірі болып табылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанда тұратын 743,9 мың МБА-ның ішінде 414 мың адам немесе 55,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам немесе 28,6%-ы зейнеткерлік жаста, ал 117 мың адам немесе 15,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, оларды қоғамға әлеуметтік тұрғыдан кіріктіру мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі және бірізді шаралар қабылдануда. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан және ол үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жүйе Әлеуметтік кодекс аясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі көмек; әлеуметтік оңалту шеңберінде қажет деп танылған ағза функцияларын қалпына келтіру; арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету; жұмыспен қамту шаралары; кедергісіз орта құру.

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелерін шешу мақсатында ЕХӘҚМ жанында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтық қоғам арасында диалогтық алаң құрып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстанда орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс, қала, аудан әкімдерінің жанында мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілер институты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 140-тан астам кеңесші жергілікті деңгейде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған ұсыныстар әзірлеуге атсалысуда.

Өткен жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру бойынша алғашқы ұлттық баяндамасын қорғады. БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, бірқатар маңызды ұсынымдар берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, БҰҰ ұсынымдарын, халықаралық тәжірибені және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, ЕХӘҚМ 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті. Бұл құжат медициналық-әлеуметтік үлгіден әлеуметтік-құқықтық үлгіге көшуді көздейді. Тұжырымдаманың басты мақсаты – Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Тұжырымдаманы іске асыру – әрбір азамат өзінің даму ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүріп, өз әлеуетін толық іске асыра алатын қоғам қалыптастыруға жол ашады.

 Мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер

Мемлекет мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. Жыл сайын республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылардың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүргізілетін төлемдердің мөлшері индекстеліп отырады.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 542,8 мың адамды құрады. Жыл басынан бері аталған жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 424 млрд теңге бөлінді. МӘЖ мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін күнкөріс минимумының көлеміне байланысты белгіленеді. 1 қарашаға қарай мүгедектік бойынша МӘЖ-нің орташа мөлшері 78 283 теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері: 114,5 мың адам – мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 86 млрд теңге) және 53,3 мың адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 39,2 млрд теңге).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылардан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлемдердің мөлшері әрбір адам үшін жеке есептеледі және әлеуметтік аударым жасалған орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентіне, сондай-ақ жүйеге қатысу өтіліне байланысты есептелінеді. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 99 мыңнан астам адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды, төлемдердің жалпы сомасы 43,2 млрд теңгені құрады. 1 қарашаға қарай бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 72 003 теңге болды.

 Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру

50-ден астам нозология бойынша мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеу белсенді түрде іске асырылып жатыр. Бұл формат аясында азаматқа тек медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті – қалған барлық процесс ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы оның қатысуынсыз жүзеге асырылады. 2025 жылдың 11 айында еліміздің барлық өңірінен осы форматта 99,6 мыңға жуық өтінім қаралды, оның ішінде 66,2 мың іс – денсаулық сақтау ұйымдарынан тартылған тәуелсіз сарапшылар арқылы бағаланды.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап, ағзада қайтымсыз өзгерістер туындайтын жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті белгілеудің арнайы механизмі енгізілген пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл тізімге аяқ-қол ампутациясы, Даун синдромы, балалардағы мукополисахаридоз сияқты аурулар кіреді. Аталған жағдайда рәсімдер барынша оңтайландырылып, шешім қабылдау мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

 Оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін таңдау

Мүгедектігі бар адамдар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің, сондай-ақ ым-ишара тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және қызметтермен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталдың негізгі мақсаты – процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, бәсекелестік арқылы сапаны арттыру және азаматқа еркін таңдау құқығын беру.

Бүгінгі таңда Порталда 589 арнайы әлеуметтік қызметтер жеткізуші, 1085 ОТҚ жеткізуші, 32 мыңнан астам жеке көмекші қызметін ұсынушы, 764 ым-ишара тілі маманы, 139 санаторлық-курорттық ұйым тіркелген.

Жыл басынан бері Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар тарапынан 562,9 мыңнан астам тапсырыс орындалды.

Қазіргі уақытта инватакси қызметін де Портал арқылы ұсынуға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

 Арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және оңалтуды дамыту

Мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) қоғам өміріне араласу мүмкіндігін қалыптастыру және туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру мақсатында арнайы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) ұсынылады. Қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда және үйде күтім көрсету форматында көрсетіледі. АӘҚ азаматтардың жеке қажеттіліктеріне байланысты келесі 8 бағыт бойынша ұсынылады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау аясында АӘҚ көрсететін орталықтардың қызметі лицензиялау арқылы реттеліп, жан басына қаржыландыру жүйесіне көшу жүзеге асырылуда, бизнес-процестер цифрландырылуда. Лицензиялаудың басты мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 94 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін ұйымдарға 582 лицензия берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2027 жылдың соңына дейін еліміздің 12 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтарын салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары, Алматы, Шымкент және Астана қалалары. Бүгінде Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында 4 оңалту орталығы ашылды. Жыл соңына дейін Атырау облысында тағы 1 орталық пайдалануға беріледі. Қалған 7 орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр.

 «Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңін іске асыру шеңберінде аутизм спектрінің бұзылуы және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі ауысымдық орталықтарын ашу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар келесі 7 қалада жұмыс істейді: Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент.

Сонымен қатар, ЕХӘҚМ «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалтуға арналған инновациялық оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске асыруда. Бүгінгі таңда жобаға 489 бала қатысып жатыр және алғашқы оң нәтижелерге қол жеткізілді – 353 баланың қимыл-қозғалыс дағдылары едәуір жақсарды, оның ішінде басты тік ұстау, отыру, еңбектеу, тұру қабілеттері жақсарып, ал 21 бала өздігінен жүре бастады.

 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Мүгедектігі бар адамдарды (МБА) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. 2025 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша, мүгедектігі бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбекке қабілетті жастағы МБА-ның 30%-ын құрайды.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2-ден 4%-ға дейінгі квота белгілейді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, МБА жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Жыл басынан бері: 4,8 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 538 адам – жастар практикасы аясында, 538 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 5,7 мың адам – қоғамдық жұмыстарға, 758 адам – «Күміс жас» жобасы бойынша, 120 адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында, 9 адам – «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, 1,4 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттен 400 АЕК-ке дейін (1,6 млн теңгеге дейін) грант алды.

 Кедергісіз орта құру және мемлекеттік бақылау

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. 2023–2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 43 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарланған. Қазіргі уақытта республика бойынша 25 мыңнан астам нысан толық бейімделген.

2023 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар институты жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы қадағалайды.

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1356 тексеру: олардың 461-і – жоспардан тыс, 558-і – профилактикалық бақылау аясында, ал 337-сі – прокуратураның талап етуі бойынша жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 701 нұсқама берілді.

Қазақстанның әр өңірінен мүгедектігі бар азаматтар оң өзгерістерді және өмір сапасының артқанын атап өтуде.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Индонезияда су тасқынынан 502 адам көз жұмды

01 Желтоқсан 2025 22:40see110

Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет дүкеннің курьері ұсталды

01 Желтоқсан 2025 18:59see109

Жамбыл облысы химия өндірісінде алда тұр

01 Желтоқсан 2025 18:58see108

Семейде дәретхана қағазы атауынан шу шықты

01 Желтоқсан 2025 23:13see108

Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

01 Желтоқсан 2025 13:09see108

Қазақстаннан барған ерлі зайыптылар Сидней казиносында жасырын камера арқылы 1,18 млн доллар ұтып алған

01 Желтоқсан 2025 20:40see107

Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді

02 Желтоқсан 2025 09:36see105

Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айып тағылған взвод командирі жазадан босатылды

01 Желтоқсан 2025 19:02see105

Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді

01 Желтоқсан 2025 18:43see105

Астана, Алматы және Шымкент: 1 желтоқсандағы валюта бағамы

01 Желтоқсан 2025 13:09see105

Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы Менің Қазақстаным халықаралық ән фестивалі өтеді

02 Желтоқсан 2025 12:46see105

АИ 92 бағасының өсуі туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

02 Желтоқсан 2025 11:25see104

1 желтоқсан. Жылнама

01 Желтоқсан 2025 18:56see104

Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады

02 Желтоқсан 2025 10:11see104

ЕҚЫҰ Минск тобы мен онымен байланысты құрылымдардың жұмысын аяқтады

01 Желтоқсан 2025 22:27see104

Сарыарқа хоккей клубына жаңа директор тағайындалды

01 Желтоқсан 2025 14:09see104

Бұрқасын, тұман және көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

02 Желтоқсан 2025 10:36see104

Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы хабарлады

01 Желтоқсан 2025 12:01see103

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

02 Желтоқсан 2025 03:11see103

Қытай азаматтары жаңа туған сәбилерді әкетпек болған

01 Желтоқсан 2025 14:50see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары