Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мүмкіндігі шексіз : есту қабілеті нашар биші халықаралық сахнада Қазақстанды танытып жүр

Мүмкіндігі шексіз : есту қабілеті нашар биші халықаралық сахнада Қазақстанды танытып жүр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. Бүгінде халықаралық би байқауларында атыраулық биші қыз Қаракөз Мұрат Қазақстанның туын желбіретіп жүр. Талай шетелдікке таңдай қақтырған қазақ қызы мен оны өнерге бес жасынан баулыған хореограф Исатай Елеусінов Sputnik Қазақстанға сұхбат берді. Жерлестіріміздің жетістігі қандай, ал әттеген-айы не?

24 жастағы Қаракөз Мұрат есту қабылеті нашар болса да халықаралық сахнада ұлттық биді нақышына келтіре билеп, талайға таңдай қақтырған. Атыраулық ерекше қыздарға кәсіби деңгейде би үйретіп, шетелге апарып жүрген - хореограф Исатай Елеусінов. Ол бұл салада 17 жылдан бері еңбек етіп келеді.

"Мен 17 жыл бұрын осы салаға еңбек етуге келгенімде бір айдың ішінде ым-ишарамен сөйлесу тілін үйреніп алдым. Сөйтіп құлағы естімейтін балаларды биге үйрете бастадым. Соңғы жеті жылда есту қабілеті нашар жандар қауымдастығында би үйретіп жүрмін. Өйткені орталықтан шыққан балалар ары қарай да даму керек, сол себепті ересектерді үйретуге көштім", - дейді Исатай Елеусінов.

Олардың мүмкіндігі шексіз

Қазіргі күні Атырауда "Шаттық" би ансамблі жұмыс істейді. Мұнда 15 биші қыз бар.

"Бұл жандардың құлағы естімесе де, көру қабілеті өте жоғары, тамаша жандар. Алғаш орталықта би үйретіп жүрдім. Кейіннен орталық бітірген соң қайда барады десем, кейбірі оқуға түседі немесе үйлеріне қайтады деді. Мен бұл сөзбен келісе алмадым. Қайтсем де халықаралық деңгейге шығарып, кәсіби биші етемін деп алдыма мақсат қойдым. Менің ұстанымым - балаға тәлім үйреттім бе, демек ол үшін мен жауаптымын", - дейді педагог-хореограф.

© PhotoБиші қыз Қаракөз Мұрат халықаралық байқауларда Қазақстанның намысын қорғап жүр

Биші қыз Қаракөз Мұрат халықаралық байқауларда Қазақстанның намысын қорғап жүр

© Photo

"Олардың мүмкіндігі шексіз екенін көрсеткім келді" деген биші-ұстаз қыздарды бидің кәсіби деңгейіне жеткізген.

Байқауға қатыспас бұрын құлағы естімейтіндерін айтпаймын

"Қаншама байқауға қатыстық, бірақ ешқашан алдын ала "қыздардың есту қабілеті нашар" дегенді айтпаймын. Кейіннен жүлделі орындарды алып жатқанда ғана қыздардың ерекше қасиеті туралы айтамын. Өйткені қоғамда "олар мүмкіндігі шектеулі болған соң жүлделі орын алды" деген пікір қалыптаспасын деймін", - дейді Исатай Елеусінов.

Қалалық, облыстық, республикалық, ақыры халықаралық деңгейде атыраулық биші қыздар талайды шаң қаптырып, Қазақстанның атын шығарған.

"Кәсіби бишілер деңгейіне іліну үшін хореограф дипломы болу керек немесе сондай оқу орнында оқу керек екен. Қаракөздің бірінші мамандығы тігінші, қазір хореография бойынша колледжде білім алып жатыр", - дейді ұстазы.

Министрлік елеусіз қалдырды

Биші қыздардың ешбір демеушісі немесе мемлекеттен қаржы алған жері жоқ. Халықаралық байқауға да өздері қолдан киім тігіп қатысып жүр, ал жолақысы туралы сөз бөлек.

"Ешкімнен ақшалай қолдау алып көрген емеспіз. Е-өтініш арқылы талай жерге көмек сұрап жазғаным бар, бірақ бәрі сол күйі қалды. Қыздардың киімдері, жолақылары, тұратын орны, бәрін өз қалтамыздан шығарамыз. Әрине біз ешкімге міндетсінбейміз, өйткені ұлттық өнерді дәріптегенімізге ризамыз. Бірақ халықаралық деңгейде Қазақстанның атын шығарып, жүлделі орын алып жатқанда елеусіз қалғанымыз қынжылтады", - дейді педагог-хореограф.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеп, шетел сахнасын дүр сілкіндіріп жүрген хореограф Исатай Елеусіновтың де бір де бір атағы жоқ. Халықаралық сахнада аты аталса, жай ғана "Шаттық" ансамблінің көркемдік жетекшісі деп танылады. Қысқасы Түркия мен Өзбекстанның министрлігі қолын қысып, қолдау білдірген өнер иелері Қазақстанның министрлігінде елеусіз қалып отыр.

"Лязгиді" билеп таңдай қақтырған қыз

"Мәселе біздің өз елімізде атақ алмағанымыз емес, бірақ халықаралық деңгейде көрініп жүрген кәсіби ерекше қыздарымызды қолдана дейміз. Өзбекстанда өткен халықаралық би байқауында "Лязги" биін билеген Қаракөзді көруге шетелдіктер ағылып келді. Құлағы естімейтін қыздың "Лязгиді" билеуі таңдай қақтырарлық деп жатты. Бұл би ЮНЕСКО-мен қорғалған, бидің ережесі бар. Біз бір жыл Өзбекстанға арнайы барып, осы биді үйрендік", - дейді Исатай Елеусінов.

Билесем өзімді бақытты сезінемін

Sputnik Қазақстан тілшісі Қаракөздің өзімен де тілдесті.

"Музыканы вибрация арқылы және санау арқылы сезінемін. Әуеннің ырғағын денеммен қабылдап, биді санау арқылы дәл орындаймын. Билегенде өзімді еркін, әрі бақытты сезінемін. Сол сәтте барлық ойымды ұмытып, тек өнермен өмір сүремін", - дейді биші қыз Қаркакөз Мұрат.

© PhotoБиші қыз Қаракөз Мұрат халықаралық байқауларда Қазақстанның намысын қорғап жүр

Биші қыз Қаракөз Мұрат халықаралық байқауларда Қазақстанның намысын қорғап жүр

© Photo

Арманым қазақ биін әлемге танытып, үлкен халықаралық сахналарда өнер көрсету деген биші қыз ұлттық өнерге қолдау көрсетілсе дейді.

"Ең қиналған сәтім - ұзақ дайындықтар мен шаршаған кездерім. Ал ең қуанған сәтім - еңбегімнің бағаланып, марапаттар алып, көрерменнің қошеметіне бөленген кездерім. Менің өтінішім - өнер саласына, әсіресе, ұлттық биге көбірек қолдау көрсетілсе деймін. Жас өнерпаздардың дамуына мүмкіндік көбейсе жақсы болар еді", - дейді Қаракөз Мұрат.

Шешенстанның Грозный қаласында өткен Махмут Эсамбаевтың атындағы байқауда да атыраулық биші қыз жүлделі орын алған. Тіпті іріктеу кезеңіне өтудің өзі арман бұл байқауда Қаракөз дипломант болған.

Қазақстандық би байқауларындағы жүлделі орындарды тізіп жатудың өзі артық. Ал биыл сәуір айында өткен Өзбекстандағы байқауда Қаракөз Қазақстанның атын тағы бір шығарды. Бұл тікелей Өзбекстан президентінің қолдауымен өтетін, ешбір баламасы жоқ байқау. Мұнда Қаракөз Түрксойдың үздік бишісі кубогын жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 22:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары