Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Мүмкіндігі шексіз өнер тартуы

Мүмкіндігі шексіз өнер тартуы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«OVO» немесе жұмыртқадан басталған әлем

Иә, мұнда адам денесі жердің тартылыс күшіне бағынбайтын секілді. Бірі аспан астында қалықтаса, енді бірі бос кеңістікте тепе-теңдік сақтап тұрады. Көрермен көз алдында мүмкін емес дүниелер жүзеге асып жатқандай қиялыңды көкке өрлетеді. Алайда сол ғажайыптың артында кездейсоқтық жоқ. Мыңдаған сағаттық жаттығу бар. Жылдар бойы қалыптасқан кәсіби тәртіп бар. Жарақатпен күрес, қорқынышты жеңу бар. Ең бастысы, өнерге деген шексіз адалдық жатыр.

Әлемдік цирк өнерінің феноменіне айналған канадалық «Cirque du Soleil» араға тоғыз жыл салып Астанаға қайта оралды. «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде елордалық көрерменді тәнті еткен ұжым бұл жолы өзінің ең жарқын әрі көркемдік тұрғыдан біртұтас жобаларының бірі – «OVO» шоуын алып келді. Португал тілінен аударғанда «OVO» сөзі «жұмыртқа» деген мағынаны білдіреді. Қойылымның рәмізі де, негізгі драматургиялық өзегі де осы – тіршіліктің бастауы саналатын жұмыртқа. Спектакльдің бүкіл құрылымы айтулы образдың айналасында өрбиді. Сол жұмбақ әлемге кездейсоқ тап болған саяхатшы шыбынның тағдыры арқылы көрермен махаббат, достық, қауымдастық һәм өмірдің үздіксіз жаңаруы туралы хикаяны тамашалайды.

Қойылымның режиссері әрі хореографы – әлемге әйгілі бразилиялық маман Дебора Колкер. Ал «OVO» – «Cirque du Soleil»-дің толықтай жәндіктер әлеміне арналған жалғыз туындысы. Мұнда әр қозғалыс – тек акробатика емес, кейіпкердің ішкі күйі. Қоңыз – салмақ пен тұрақтылық, шыбын – ізденіс пен мазасыздық, түнгі көбелек – сезім мен нәзіктік, өрмекші – қауіп пен бақылау, яғни дене мұнда биологиялық форма емес, психологиялық кодқа айналады. Оның дәстүрлі цирктерден басты айырмашылығы да осында: қойылымда клоундар нөмір арасындағы үзілісті толтырушылар емес, оқиғаның негізгі кейіпкерлері. Бала түгіл, тіпті ересек көрерменнің өзі қиялшыл Зәуза (Божья коровка), мазасыз Саяхатшы мен естен кетпес Флипо шебердің бастан кешкендерін аса зор қызығушылықпен тамашалап, жәндіктер туралы таңғажайып хикаяның ішіне қалай еніп кеткенін өзі де байқамай қалады. 

Ажалмен арбасқан өнер

Әлқисса, шоу басталмай тұрып-ақ алып аренаның ішінде өзгеше бір тыныс сезіледі. Мұнда бәрі қозғалыста: техникалық мамандар соңғы тексерісін жүргізіп жатыр, әртістер қызу дайындық үстінде. Бір қарағанда сахна сыртындағы қарапайым қарбалас сияқты көрінгенімен, дәл осы жерде көрерменді таңғалдыратын ғажайып дүниенің іргесі қаланады. Ал қобалжу мен жіті дайындықтың астарында үлкен тәуекел жатыр. Себебі «OVO»-дағы ең күрделі акробатикалық нөмірлердің көбі ешқандай сақтандыру арқандарынсыз орындалады. Бір сәттік қателік ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Соған қарамастан, әртістер күн сайын көрермен алдына шығып, адамның мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеуге тырысады. Мәселен, қойылымда Шегірткенің бейнесін сомдайтын Дмитрий Федоровский үшін сахна алдындағы толқу – кәсіби серігі.

– Әр қойылым алдында аздап қобалжу болуы керек. Дәл сол сезім адамды жинақы ұстайды. Ал артық сенімділік қауіпті. Біздің жұмысымызда тәртіп пен жауапкершілік бәрінен жоғары, – дейді ол.

Бұл сөздердің астарында цирк өнерінің жазылмаған заңы жатыр. Мұнда батылдық пен сақтық қатар жүреді. Әр трюк тәуекелге негізделгенімен, оның артында айлар бойғы дайындық пен дәлдікке құрылған есеп бар.

Қойылымда бірегей акробатикалық жанрлар ұсынылған. Соның ішінде ең күрделісі – теңселіп тұрған алып жапырақ үстінде, бос тартылған сым арқанмен жүру нөмірі. Сондай-ақ ультракүлгін сәулелердің көмегімен тас қараңғыда орындалатын «diabolo» көлденең жонглерлік техникасы көрерменді таңғалдырды. Бразилиялық әртіс Веллингтон Лима («Қабырғамен жүгіру» нөмірінің орындаушысы) өз құпиясын бөлісті: – «Cirque du Soleil»-де өткізген 28 жылымның ішінде мен бес түрлі шоуға қатыстым. Көпшілік мұндай күрделі трюктерді жасаудан қорықпайсыз ба деп сұрайды. Шыны керек, қорқыныш туралы ойламаймын. Мен өз техникама сенемін, өйткені күн са­йын жаттығып, бұл дағдыларды жылдар бойы шыңдап келемін. Мамандыққа бүкіл өміріңді арнағанда сенімділік тәжірибемен бірге келеді, – дейді акробат.

Бүгінде шоу құрамында әлемнің жиыр­ма бес елінен келген жүзден астам маман еңбек етеді. Олардың арасында бұрынғы олимпиадашылар, халықаралық деңгейдегі спортшылар, инженерлер, музыканттар мен дизайнерлер бар. Бір қарағанда әрқайсысы әртүрлі сала өкілдері болғанымен, бәрін біріктіретін ортақ мақсат – көрерменге ұмытылмас әсер сыйлау. Мүмкіндігі шексіз сондай әртістердің қатарында украиналық әуе гимнастары Артур Дудов пен Эсмира Кулиева да бар. Өмірде ерлі-зайыпты бұл жұп сахнада түн көбелектерінің нәзік бейнесін жасайды. Көрермен олардың ауада қалықтаған биін романтикалық көрініс ретінде қабылдайды. Бірақ сол бірнеше минуттың артында үлкен физикалық күш пен бір-біріне деген шексіз сенім жатыр.

– Ең күрделі сәттердің бірінде Эсмира менің мойныма сүйеніп тұрып трюк орындайды. Мұндай кезде техника ғана емес, серіктесіңе деген толық сенім қажет. Біз бір-бірімізді көзқарасымыздан-ақ түсінеміз, – дейді Артур.

Ал Эсмира Кулиева қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің біріне тоқталды: – Әлеуметтік желілер мен жасанды интеллект дәуірінде көрерменді таңғалдыру қиындап кетті, дейді ол.

Шынында да, бүгінгі адам күн сайын мыңдаған бейне көреді. Секунд сайын жаңа ақпарат алады. Бірақ дәл осы жағдайда тірі өнердің құндылығы артып келеді. Өйткені экран эмоцияның көшірмесін көрсетсе, сахна оның өзін береді. «OVO» шоуының басты жеңісі де осында. Ол көрерменге технологияны емес, адамды көрсетеді. Мүмкіндікті емес, оны жүзеге асыратын ерік-жігерді ұғындырады.

Адам мүмкіндігінің шексіздігіне сендірген шоудың көркемдігі тек акробатикамен шектелмейді. Қойылым үшін арнайы тігілген жүздеген костюм, жәндіктер әлемін еске салатын алып декорациялар, жанды музыка мен жарықтың күрделі жүйесі көрерменді басқа кеңістікке жетелейді. Барлық костюм Канаданың Монреаль қаласындағы шеберханаларда қолмен дайындалған. Әр бөлшек нақты әртістің дене ерекшелігіне қарай жасалыпты. Сондықтан сахнадағы әр кейіпкер тұтас бейнеге айналған. 

Жаңа цирк: трюктен театрға дейін

Биылғы бағдарламаға қараңғыдағы жонглерлік, аяқпен орындалатын күрделі жонглерлік нөмірлер мен бос тартылған сым үстіндегі жаңа акробатикалық элементтер енгізілген. Мұның бәрі көрерменге бұрынғыдан да әсерлі көрініс ұсынуға бағытталған. Екі сағатқа созылатын «OVO»-ны тек цирк десеңіз қателесесіз. Мұнда театр, музыка, би, акробатика мен заманауи технологиялардың тоғысынан туған көркем әлем бар. Сахнада жәндіктер туралы ертегі айтылады, бірақ оның астарында адам рухының қуаты, қорқынышты жеңу һәм армандарға адалдық туралы үлкен әңгіме жатыр.

Сондықтан да «Cirque du Soleil» феноменін тек коммерциялық табыспен немесе техникалық шеберлікпен түсіндіру жеткіліксіз. Бұл құбылыстың тамыры ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік теа­тр өнерінде жүрген үлкен өзгерістермен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 60–70 жылдарынан бастап Еуропа мен Солтүстік Америка театрларында драмалық мәтінге негізделген классикалық театрдан гөрі дене пластикасына, визуалды бейне мен сахналық әрекеттің поэтикасына басымдық беретін жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Атап айтсақ, Польшадағы режиссер Ежи Гротовскийдің «кедей театры», француз мим өнерінің реформаторы Марсель Марсо мектебі, неміс режиссері Пина Бауш қалыптастырған танц-театр эстетикасы, кейінгі физикалық театр бағыттары сахнадағы басты құрал ретінде сөзді емес, адам денесін алдыңғы қатарға шығарды. Дәл осы үдерістің заңды жалғасы ретінде жаңа цирк (nouveau cirque) дүниеге келді. Егер дәстүрлі циркте басты назар жеке трюк пен техникалық жетістікке аударылса, жаңа циркте көркем образ бен драматургиялық тұтастық бірінші орынға шықты. Цирк нөмірлері бір-бірінен тәуелсіз көрсетілетін аттракцион емес, ортақ идеяға қызмет ететін спектакльдің бөлшегіне айналды. «Cirque du Soleil» осы бағытты әлемдік деңгейге көтерген ең ықпалды ұжым саналады. «OVO» қойылымын тамашалап отырып көрермен дәл осы ерекшелікті анық байқайды. Мұнда әртіс қауіпті трюк орындау арқылы өзін көрсетуге емес, белгілі бір кейіпкердің тағдырын ашуға ұмтылады. Осылайша, акробатикалық қозғалыс көркем бейненің қызметшісіне айналады. Бұл тұрғыдан алғанда «OVO» цирк пен театрдың, би мен музыканың синтезінен туған күрделі сахналық туынды ретінде қабылданады.

«Cirque du Soleil»-дің ресми өкілі Жани Малле шоудың басты миссиясы мен Қазақстаннан алған әсері туралы былай деп бөлісті: – «Cirque du Soleil»-дің басты мақсаты – адамның қиялын ояту, сезімдеріне әсер ету һәм бүкіл әлемдегі көрерменге ерекше эмоция сыйлау. Сон­дық­тан біз үнемі жаңа аудитория мен жаңа ел­дерді іздеу үстіндеміз. «OVO» шоуының әлем­ді шарлап жүргеніне 17 жыл болды, ал Қазақстан бұл қойылым тарихындағы 47-ел атанды. Өз мансабымда 80-ге жуық мемлекетте болсам да, Қазақстанға бірінші рет келуім. Біз Астана мен Алматы сияқты таң­ға­жайып қалаларды көріп үлгердік. Деген­мен маған ең қатты әсер еткені – қазақ хал­қының ақжарқын көңілі мен дархан пейі­лі, айрықша қонақжайлығы. Дәл осындай кез­десулер сапарымызды ерекше мәнді етеді», деді ол.

...Қойылым аяқталды. Аренадағы шамдар қайта жанды. Бірақ көрермен залдан күнделікті өміріне сол күйі орала алмайды. Өйткені ол жәндіктер әлемін емес, адам рухының шексіз мүмкіндігіне куә болды. Иә, «Cirque du Soleil» көрерменге жәндіктер әлемін көрсеткендей әсер қал­­ды­рады. Бірақ шын мәнінде ол адам туралы айтады. Өмірден өзіне орын ізде­ген, қорықса да алға қадам басқан, құлаған сайын қайта тұрған адам туралы. Сон­дық­тан «OVO» аяқталған кезде залдан көрер­мен­­мен бірге арман, тәуекел және өнердің адам­ды бұрынғыдан биіктете түсетін рухы қатар шығады. Шын өнердің шексіз құдіреті де осында, біздіңше!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары