Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Мұнай бағасының құбылуы Әзербайжан экономикасына қалай әсер етеді

Мұнай бағасының құбылуы Әзербайжан экономикасына қалай әсер етеді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл үрдістер мұнай бағасына, экспорт көлеміне және ел экономикасына тікелей ықпал етеді. Әзербайжан билігі қазіргі жағдайды ескере отырып, қаржылық жоспарын қайта бейімдеуге мәжбүр. Аталған мәселелер мен олардың әсері Kazinform тілшісінің материалында кеңінен талданады.

Геосаяси фактормен өндіріс өсімі

Биылғы нарықтық ахуалға бір мезгілде бірнеше фактор айтарлықтай әсер етуде. Олардың ішінде Венесуэладағы билік дағдарысы, Ирандағы әлеуметтік-экономикалық шиеленістің күшеюі және ОПЕК+ ұйымына кірмейтін елдерде мұнай өндіру көлемінің артуы ерекше орын алады.

Мәселен, Венесуэлада мұнай өндіру көлемінің тәулігіне небәрі 1,1-1,2 млн баррельге дейін өсуі де әлемдік шикізат нарығына айтарлықтай ықпал ете алады. Бұл көрсеткіш жаһандық өндірістің 1%-ынан да аз болса да оның әсері сезіледі. Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі таңда елде мұнай өндіру тәулігіне шамамен 0,9-1,1 млн баррель аралығында құбылып отыр. Бұл – 2000 жылдардың басындағы тәулігіне 3,5 млн баррельден асқан жоғары деңгейден әлдеқайда төмен. Бірақ соңғы жылдардағы көрсеткіштерден сәл жоғары.

Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg News

Венесуэла – мұнай қоры ең көп ел. Дегенмен, инфрақұрылымның тозуы, көпжылдық санкциялар мен инвестиция тапшылығы елдің өндірістік әлеуетін елеулі түрде шектеп отыр.

Бағаға сезімталдықтың жоғары болуының басты себебі – экспорт ағындарының құрылымы. Елдің мұнайы API стандарты бойынша ауыр және орташа тығыздыққа ие. Бұл оны Азия мен Еуропа нарығында Каспий маркаларына тікелей бәсекелес етеді. Сонымен қатар өндіріс күрделі логистика мен қымбат өңдеу процесіне тәуелді болып қалуда.

Тіпті, тәулігіне 200-300 мың баррельге ғана өндіріс көлемін арттыру нарықты елеулі түрде өзгертеді. Нарық эталондық Brent маркасының бағасын төмендетіп, баға құбылмалылығын күшейтеді. Сарапшылар 2026 жылы Brent мұнайының орташа жылдық бағасы барреліне шамамен 59-66 АҚШ доллары деңгейінде болады деген болжам жасап отыр. Әзербайжан сияқты экспорттаушы елдер үшін бұл жағдай бәсекенің күшеюін білдіреді.

Ирандағы тұрақсыздық нарыққа қысым жасап жатыр

Биыл Иран мұнай нарығындағы геосаяси шиеленістің басты ошақтарының бірі болып қала бермек. Риалдың құнсыздануы мен 40%-дан асатын инфляция әлеуметтік наразылықты күшейтіп, елдің экономикалық тұрақтылығын шектеп отыр.

Бұл Тегеранның мұнай экспортын ұлғайту мүмкіндігін азайтады, алайда ел ауыр сорттағы мұнай нарығындағы ірі ойыншы мәртебесін сақтап келеді. Аталған тәуекелдерге байланысты Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 62-63 АҚШ доллары деңгейінде ұстап тұр. Әзербайжан үшін бағаның жоғары болуы экспортқа қолайлы болса, өңірлік тәуекелдер инвестиция мен логистиканы күрделендіреді.

Жаһандық мұнай ұсынысы өзгеруде

Әлемдік мұнай нарығында ОПЕК+ ұйымына кірмейтін елдердің рөлі артып келеді. Сарапшылардың бағалауынша, 2026 жылы мұнай өндіру көлемінің өсуін негізінен Бразилия, Гайана және Аргентина қамтамасыз етеді. Бұл жаһандық өндірістің шамамен жартысын құрауы мүмкін. Бразилиядағы жаңа жобалар өндірісті тәулігіне 4,5 млн баррельге дейін арттырса, Гайана Stabroek кен орнының кеңеюі арқасында тәулігіне 1 млн баррельге жетеді.

Фото: Canva

Мұндай өсім жаһандық ұсыныстың құрылымын өзгертетіні анық. Бұған қоса ОПЕК+ ұйымының үлесін азайтады және нарыққа ықпалын әлсіретеді, ал сұранысқа сәйкес келетін жеткізілімдер мұнай бағасына қосымша қысым жасауы ықтимал.

Экспорттық әлеует пен өндіріс балансы

Әзербайжан үшін қазіргі нарықтық жағдай ОПЕК+ квоталарын сақтау мен ірі Каспий жобаларын барынша тиімді пайдалану арасында баланс ұстап тұру қажеттігін қиындатып отыр. Өткен жылы елде тәулігіне шамамен 0,64 млн баррель мұнай өндірілді, оның негізгі бөлігін оффшорлық «Әзери-Чыраг-Гүнешли» кешені қамтамасыз етті. Қалған көлем «Шах Дениз» конденсаты мен «Абшерон» блогындағы мұнайдан алынған.

Экспорт әлі де Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы жүзеге асырылуда. 2025 жылдың қаңтар-қазан айы аралығында 22,8 млн тонна тасымалданды, оның 19,4 млн тоннасы – Әзербайжан мұнайы, қалғаны Қазақстан мен Түрікменстаннан транзит ретінде жеткізілген.

2026 жылға арналған болжам өндірістің өспейтінін айқындап отыр. Fitch агенттігінің бағалауынша, өндіріс тәулігіне 571-576 мың баррель деңгейінде болады. Алдағы жылдары кен орындарының сарқылуына байланысты өндіріс біртіндеп төмендеп, 2028 жылы 26,6 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бірақ «Абшерон» жобасының іске қосылуымен 2029 жылы 27,4 млн тоннаға баруы ықтимал.

Өндірістің қысқаруы экспорттық әлеуетті шектеп, мұнай импортына қажеттілікті арттыруда. 2024-2025 жылдары негізгі жеткізуші Ресей болса, Қазақстан, Ирак және Норвегиядан жеткізілім мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр.

2026 жылы мұнай өнімдерін өндіру 5,6 млн тонна деңгейінде болжанып отыр, ал 2027 жылы дизель, бензин және авиаотын қосылып, 6,1 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Негізгі міндет – отын теңгерімін сақтау және экономиканы әртараптандыру арқылы бюджеттің және кірістердің мұнай бағасына тәуелділігін азайту.

Баға, тәуекелдер мен «жасыл» энергетикаға басымдық

Әлемдік мұнай бағасындағы аздаған ауытқулардың өзі Әзербайжанның экспорттық кірісіне бірден әсер етеді. Венесуэлада өндірістің тәулігіне 1,1-1,2 млн баррельге дейін қалпына келуі және Иранға қатысты шектеулердің жұмсаруы базалық баға диапазонын барреліне 60-70 АҚШ доллары деңгейіне ығыстыруы мүмкін. Бұл ел бюджеті үшін аса маңызды фактор саналады. Мұнай бағасының барреліне 5-10 долларға төмендеуі экспорттық түсімдерді және Мемлекеттік мұнай қорынан (SOFAZ) бөлінетін трансферттерді қысқартып, инвестициялық және әлеуметтік бағдарламаларға әсер етеді.

Осындай жағдайда жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беру – логикалық қадам. «Хызы-Абшерон» жел электр станциясы экологиялық жоба ғана емес, экономиканы мұнай бағасының күрт ауытқуларынан қорғау тетігі ретінде де қарастырылады. «Жасыл» энергетиканы дамыту бюджеттің көмірсутектерге тәуелділігін азайтып, инвестициялық ахуалды жақсартып, елдің жаңа экспорттық бейінін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Орта мерзімді перспективада бұл Әзербайжанға бәсекеге қабілетті болуға жағдай жасайды.

Сарапшылар не дейді?

Экономист Натиг Джафарлидің айтуынша, қазіргі мұнай нарығы турбулентті жағдайда. Бағаға бір мезгілде жаһандық экономиканың баяулауы, геосаяси белгісіздік және ірі өндірушілердің өндірісті шектеу жөніндегі шешімдері қысым жасап отыр.

– Бюджетте мұнай бағасы барреліне 65 доллар деңгейінде белгіленген. Бұл – жаман бағдар емес, алайда нарықтағы нақты баға, сірә, төменірек болуы мүмкін. Бұл бюджетке тікелей соққы болып саналмайды, өйткені мұнда шоғырландырылған жүйе мен Мұнай қорынан бөлінетін трансферттер жұмыс істейді. Алайда жанама әсерлер экспорттық кірістер мен сауда балансының төмендеуі арқылы сезіле бастады, – деді сарапшы.

Фото: Натиг Джафарлидің жеке мұрағатынан

Натиг Джафарли мұнай өндіру көлемі біртіндеп азайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, баға қолайлы болған күннің өзінде экспорт көлемін жылдам арттыру мүмкін емес.

– Экономикалық өсім шектеулі әрі сыртқы жағдайға қатты тәуелді. Қазір біз дағдарысты емес, бейімделу кезеңін бастан өткеріп отырмыз. Әлем тез өзгеруде, ал мұнай нарығы барған сайын болжап болмайтын сипатқа ойысып жатыр. Бұл – Әзербайжан үшін мұнайдан тыс салаларды дамытуға берілген белгі, – деп қосты сарапшы.

Тәуелсіз мұнай-газ сарапшысы Лада Евграшина елдің экспорттық динамикасы жаһандық нарыққа тікелей байланысты екенін атап өтті.

– Венесуэла мен Ирандағы оқиғалар аясында нарық құбылмалы кезеңде тұр. Әлемдік баға тұрақсыз күйде, бұл мұнай-газ секторы бюджет кірістерінің кемінде жартысын қамтамасыз ететін Әзербайжан экономикасына бірден әсер етеді, – дейді ол.

Сарапшы атап өткендей, Әзербайжан мұнайы дәстүрлі түрде Brent маркалы мұнайынан барреліне 4-6 доллар үстеме бағамен сатылады. Алайда қазіргі тұрақсыздық жағдайында бюджетке түзетулер енгізілуі мүмкін. Әдетте мұндай шешімдер нарықты талдағаннан кейін, жылдың ортасына қарай қабылданады.

Фото: Turan.az

– Мемлекеттік мұнай қорының активтері 70 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда да экономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Негізгі баға дәлізі барреліне шамамен 60 доллар деңгейінде қалып, қысқа мерзімде 50 долларға дейін төмендеуі ықтимал, – деп түйіндеді Лада Евграшина.

Жалпы алғанда, биыл Әзербайжанның мұнай нарығы тұрақсыз күй кешуі мүмкін. Дегенмен, ел бейімделіп жатыр. Өндіріс біртіндеп тұрақтала түсуде, экспорт басты назарда, ал экономиканы әртараптандыру тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see138

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see138

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see135

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see132

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see128

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see127

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see127

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see127

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see126

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see126

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see126

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see126

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see125

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see124

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see123

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see123

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары