Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Мұнайдың әлемдік нарығы: бағаның құлдырауы, өндіру көлемінің артуы және 2026 жылға болжам

Мұнайдың әлемдік нарығы: бағаның құлдырауы, өндіру көлемінің артуы және 2026 жылға болжам

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мұнай бағасы неліктен құлдырады?

Баға құлдырауына негізгі себептердің бірі әлемдік нарықтағы ұсыныстың көптігі болғаны анық. Ал ол бірнеше фактордың ықпалымен қалыптасты.

Біріншіден, 2025 жылы әлемде мұнай өндіру ең алдымен ОПЕК+ құрамына кірмейтін елдер есебінен айтарлықтай артты. АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) деректеріне қарағанда, елдегі мұнай өндіру рекордтық деңгейге жетіп, тәулігіне 13,6 млн баррельге дейін артты. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш күніне 13,2 млн баррельді құраған еді. Негізгі өсімді Техас және Нью-Мексико штаттарының аумағында орналасқан Перми бассейні қамтамасыз етті. EIA болжамы бойынша, 2026 жылы АҚШ-та шикі мұнай өндіру көлемі тәулігіне шамамен 13,4 миллион баррельді құрамақ.

Инфографика: blogs.worldbank.org

Маусымда Бразилия мұнай өндіруде рекорд орнатып, тәулігіне 4,9 млн баррельден астам деңгейге жетті. Ал бұған дейін жылдық орташа деңгейі 4,4 млн баррельді (2024 жылғы бұл көрсеткіш — 3,3 млн баррель) құраған болатын. Болжам бойынша 2026 жылы мұнай өндіру көлемі жаңа өндірістік платформалар енгізу және жұмыс істеп тұрған, оның ішінде Бузиос, Меро, Тупи және басқа да кен орындарында өндірісті ұлғайту арқылы тәулігіне 4,5 млн баррельге дейін өседі.

Тамызда Гайана Yellowtail кен орнын игеруді бастады. Бұл елдің жалпы мұнай өндіру көлемін 2024 жылғы 616-624 мың баррельден тәулігіне 810 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сарапшылардың бағалауынша, ел ОПЕК құрамына кірмейтін негізгі мұнай өндірушілердің біріне айналуы мүмкін. Ал 2027 жылға қарай өндіріс көлемі тәулігіне 1,3 млн баррельге дейін өсуі ықтимал.

Аргентинада мұнай өндіруде тарихи максимум тіркелді — тәулігіне шамамен 830-860 мың баррель. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 717 мың баррель болған. Өсімнің негізгі драйвері елдегі ең ірі мұнай-газ кен орны — Вака Муэрта (Vaca Muerta) тақтатас ресурстарын белсенді игеру болды. Болжамға сәйкес, 2026 жылға қарай мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1 млн баррельге дейін артуы мүмкін.

Екіншіден, биыл жыл бойы ОПЕК+ жетекші елдері бірнеше рет мұнай өндіру көлемін ұлғайтты.

Өндірісті ұлғайту жөніндегі алғашқы қадам сәуір айында жасалды. Ол кезде мұнай өндіру тәулігіне 138 мың баррельге артты. Мамыр мен маусым айларында өндіріс көлемі тағы да күніне 411 мың баррельге ұлғайды. Осылайша, сәуір-маусым айлары аралығында жалпы өндіріс көлемі тәулігіне 960 мың баррельге өсті.

Шілдеде өндіріс өсімі жалғасты және тәулігіне тағы 411 мың баррель қосылды. Ал тамызда бұл көрсеткіш 548 мың баррельге жетті. Қыркүйекте рекордтық өсім тіркеліп, тәулігіне 630 мың баррельге артты. Бұл ретте қосымша өсімнің тәулігіне 524 мың баррелін ОПЕК елдері, ал 106 мың баррелін ОПЕК+ елдері қамтамасыз етті.

Қазан және қараша айларында ОПЕК+ елдері өндіріс көлемін тәулігіне 137 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Өсімнің негізгі себептерінің бірі мұнайдың әлемдік қорының жоғары тығыздығы мен бағаның күрт төмендеуін болдырмау болды.

Фото: deriv.com

Мұнай өндіру көлемінің артуына әсер еткен факторлар:

2025 жылдың сәуір айынан бастап ОПЕК+ елдері өндіріс көлемін арттыра бастады. Бұл АҚШ, Бразилия, Гайана және Аргентинада мұнай өндірудің белсенді ұлғаюы аясында өздерінің нарықтық үлестерін сақтап қалу мақсатында жасалды; сәуірден қазанға дейінгі кезеңде мұнай бағасы жалпы алғанда ОПЕК үшін қолайлы деңгейде қалды. Алайда жылдың соңына қарай әлемдік мұнай қоры біртіндеп арта бастады. Бұл бағаның төмендеуі үшін қысым жасап, ОПЕК+ және басқа да мұнай өндіруші елдерді сақтықпен әрекет етуге мәжбүр етті; ОПЕК-тің көптеген елі бюджетті, әлеуметтік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қосымша табысқа мұқтаж болды. Бұл әсіресе Ирак, Нигерия, Алжир және Сауд Арабиясына қатысты; Нарық өндіріс көлемін арттыруға дайын еді. Бұл ретте Азия елдерінен, әсіресе Қытай мен Үндістаннан мұнайға деген жоғары сұраныс сақталды.

Үшіншіден, ОПЕК деректеріне сәйкес, 2025 жылы ілеспе сұйық көмірсутектердің (NGLs) — этан, пропан, бутан, изобутан және газ конденсатының жеткізілімі тәулігіне 1 млн баррельге өсіп, орташа есеппен тәулігіне 54,1 млн баррельге жетті.

ОПЕК болжамынша 2026 жылы сұйық көмірсутектер өндірісі тәулігіне орташа есеппен 0,6 млн баррельге ұлғайып, 54,8 млн баррельге жетеді. NGLs жеткізілімі өсімінің негізгі драйверлері Бразилия, Канада, АҚШ және Аргентина болады.

АҚШ әлемдегі ең ірі NGLs өндіруші ел саналады. Елдің үлесіне жаһандық өндіріс көлемінің шамамен жартысы тиесілі. 2025 жылы өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 0,5 млн баррельге артты. Бұл негізінен газ және мұнай кен орындарында бұрғылау нәтижесінде қамтамасыз етілді: Перми бассейнінде (Permian Basin) орташа есеппен тәулігіне 5,6 млн баррель, сондай-ақ басқа ірі тақтатас аймақтарында — Баккен (Солтүстік Дакота) шамамен 1,2 млн баррель және Игл-Форд (Техас) шамамен 1 млн баррель.

Канада да мұнай өндірісінің едәуір өсімі байқалды. Бұл негізінен табиғи газ өндірудің және битумды (мұнай) құмдарды игерудің ұлғаюына байланысты. Өйткені бұл әрекеттер NGL-фракциясының үлкен көлемін береді.

Таяу Шығыс аймағында — Сауд Арабиясы, БАӘ және Қатарда үлкен газ қорлары шоғырланған, ілеспе сұйық көмірсутектер өндірісі ұлғайып келе жатыр.

Латын Америкасында, ең алдымен Аргентина мен Бразилияда газ өндіру көлемінің артуы және қосымша газдары бар мұнай өндірудің кеңеюі есебінен сұйық көмірсутектер өндірісінің жалпы өсуі байқалады.

Норвегияда NGL өндірісінің шамалы өсімі газ платформаларын дамытуымен түсіндіріледі.

2026 жылы мұнай нарығын не күтіп тұр?

Жалпы, Brent маркалы мұнай бағасы төмендеу тренді аясында қалып отыр: нарықта 2026 жылы ұсыныс сұраныстан асып кетеді деп болжанып отыр, бұл бағаларға тұрақты қысым жасайтын болады.

Инфографика: opec.org

ОПЕК-тің желтоқсан айындағы есебінде 2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныстың 2025 жылмен салыстырғанда тәулігіне 1,4 млн баррельге өсімі болжанған. Демек, 2026 жылы 2025 жылғы 105,1 млн баррельге қарағанда сұраныс 106,5 млн баррельге жетеді.

Инфографика: opec.org

Мұнай өндірудің жылдам өсімі мен тұтынудың қалыпты ұлғаюы мұнайдың әлемдік молшылығын қалыптастырады.

ОПЕК болжамынша, 2026 жылы мұнайға деген сұраныстың өсуі жоғары болмайды: АҚШ-та — тәулігіне 0,12 млн баррель, Еуроодақта — 0,04 млн баррель, Қытайда — 0,19 млн баррель, Үндістанда — 0,22 млн баррель.

АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) болжамынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2025 жылдың соңына қарай бір барреліне шамамен 60 доллардан төмендейді. Ал 2026 жылы орташа баға барреліне 51 доллар шамасында болады.

Нью-Йорктегі TPW Advisory инвестициялық консалтинг фирмасының негізін қалаушысы және жаһандық стратегі Джеи Пелоски сарапшылардың пікірі ұқсас екенін, яғни 2026 жылы мұнай бағасы қысымда қала беретіндігін айтады. Себебі ұсыныс сұраныстан әлі де артық болады.

Сарапшы EIA есебіне сілтеме жасайды. Онда былай делінген: «Біз 2026 жылдың басында мұнай бағасының төмен болуы ОПЕК+ елдерінен және ОПЕК-ке кірмейтін бірқатар өндіруші елден жеткізілімдердің қысқаруына әкеліп, 2026 жылдың соңында қорлардың өсімін баяулатады деп күтеміз. Біз келесі жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 51 доллар болады деп болжаймыз».

Фото: azertag.az

Goldman Sachs сарапшылары 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін — 56 доллар, ал WTI бағасы 52 доллар болады деп болжап отыр. Банк бағалауы бойынша 2027–2028 жылдары баға 76–80 доллар аралығында қайта қалпына келуі мүмкін. Себебі 2025–2026 жылдардағы төмен баға өндіруші елдердің мұнай өндіру секторына қысым жасайды.

Goldman Sachs шикізат тауарларын жаһандық зерттеу бөлімінің тең жетекшісі Даан Стрювен 2026–2028 жылдары аралығында мұнай бағасына қатысты болжамын айтты.

— 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы 56 доллар деңгейіне дейін төмендейді деп күтеміз. Өйткені соңғы ірі ұсыныс толқыны нарықты профицитте ұстап тұр. Бірақ біз 2027 жылы мұнай бағасы көтеріледі деп есептейміз. Себебі төмен баға ұсынысқа теріс әсер етеді. Ал 2028 жылдың соңына қарай Brent бағасы 80 доллар болады. Өйткені ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдер 15 жылдық төмен инвестициялардан кейін баяулайды, — деп болжамымен бөлісті Даан Стрювен LinkedIn әлеуметтік желісінде.

Goldman Sachs компаниясы 2026–2027 жылдары Brent маркалы мұнай бағасы егер ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдер тұрақты болса немесе әлем экономикасы рецессияға ұшыраса бір баррель үшін 40 доллар деңгейіне дейін төмендеуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сонымен қатар, егер геосаяси тәуекелдер артса, мысалы, АҚШ санкцияға ұшыраған, оның ішінде Кариб теңізіндегі танкерлерге тосқауыл қойса, ал ірі мұнай өндіруші елдер мұнай экспортын күрт қысқартса, онда баға 70 доллардан жоғары көтерілуі мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 04:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see162

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see160

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see159

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see152

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see151

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see148

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see146

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see142

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see142

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see139

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see137

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see134

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see133

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see132

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see131

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see127

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see127

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see122

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары