Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Мұнайдың табысты да ұтымды жобалары

Мұнайдың табысты да ұтымды жобалары

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қарашүңгіл» кен орнынан мұнайдың алғашқы бұрқағы атқылағанына 126 жылдан асқанымен, көмірсутекті шикізаттың қоры әлі таусыла қойған жоқ. Қазір Атырау облы­сын­дағы төрт ауданның аумағынан мұнай алынады. «Қара алтынды» отандық мұнай-газ өнеркәсібінің қара­ шаңырағы – «Ембімұ­найгаз» АҚ мұнай­шы­лары үздіксіз өндіріп келеді.

Кәсіпорын басшыларының дерегіне қарағанда, қазір 31 кен орны бар. Биылғы 11 айда аталған кеніштерден 2 млн 601 мың тонна мұнай өндіріліпті. Осылайша, жер­гілікті мұнайшылар жыл ба­сын­да бекітілген жоспардағы көр­сет­кіштен 32 мың тонна артық «қара алтын» алуға қол жеткізіп отыр.

Рас, жеті қат жер астынан мұнай алу оңай емес. Оның өзін­­дік қиындығы бар. Өйткені кен орын­­дарының тереңіндегі мұнай бір­неше қабатта түзіледі. Кәсіп­­­орын геологтерінің түсін­діруін­ше, мұндай қабаттар түрлі коллек­тордың геологиялық-физи­ка­лық және мұнайдың физикалық-хи­мия­лық касиетімен сипатталады. Оның үстіне кеніштердің басым бөлігі игерудің соңғы сатысында тұрғандықтан, көмірсутекті шикізатты өндіру қиындай түседі. Қазір осындай кен орындарының саны артқан.

Бірақ мұнайшыларға бәрібір мұнай өндіру қажет. Сол себеп­тен кейінгі жылдары мұнай өнді­ру көрсеткішін тұрақтан­дыру үшін кешенді іс-шаралар­ды жүзеге асыру қолға алынып­ты. Осы орайда жаңа ұңғыма­лар бұр­ғыланды. Мұнай беріп тұр­ған ұңғымаларға күрделі және жай жөндеу жүргізіледі. Мұнай алу коэффициентін арттыру үшін еліміздегі жетекші  ғылы­ми зерттеу институттарымен бір­ге жаңа технологиялар ен­гізіле бастады. Осындай әдістің нәти­жесінде ұңғымаларды жөндеуаралық кезең ұзартылды.

Отандық компания кейінгі жылдары бірнеше инвестициялық ірі жобаны қолға алды. Соның бірі – 2017 жылы маусымда Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды күкірттен тазартатын қон­дырғы. Бірінші кезеңде іске қо­сылған бұл қондырғы жылына 150 млн текше метр ілеспе газды тазартады. Өңделген газдың 90 млн текше метрі құбырмен жөнелтіледі. Ал 35 млн текше метр газды кен алаңдарындағы өндірістік қажет­тілік үшін пайдаланады. Мұнда ілеспе газден жылына 2700 тонна түйіршіктелген күкірт шығарылады.

Жергілікті мұнайшылар Жылыой ауданында Батыс Қарасор деген жаңа кен орнын іске қосты. Жер астындағы шикізаттың қоры – 2 млн тонна. «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов­тің мәліметінше, бұл кенішті іске қосу байырғы кәсіпорынның 2026 жылы мұнай өндіру көле­мін қосымша 70 мың тоннаға ұлғайтады.

Ал Исатай ауданындағы Оңтүстік-шығыс Новобогат кен орнында газды кешенді дайындау қон­дырғысының құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы іске қосы­латын жоба ішкі нарыққа тауар­лық және сұйытылған көмірсу­тек газының қосымша көлемін қам­та­масыз етеді. Бұл кен орнынан өндірілетін мұнай көлемін жылына 20 мың тоннадан 110 мың тон­наға дейін ұлғайтуға жол ашады.

«Кәсіпорында ресурстық базаны толықтыру, мұнай өндіру дең­гейін сақтау мақсатында қол­да­ныстағы кен орындарда қосымша барлау іс-шаралары жүріп жатыр. Соның нәтижесінде биыл өндірілетін қордың өсімі 2,7 млн тоннаны құрады. Жер қойнауын гео­ло­гиялық зерттеу аясында бо­ла­шақтағы перспективаны бағалау үшін бірқатар учас­ке қарас­­ты­рылды. Рентабельдігі төмен кен орындардың эконо­ми­калық көрсеткіштерін жақ­сар­ту үшін ағымдағы шығындар­ды оңтайландыру, операциялық тиімділікті арттыру жұмысы қолға алынды. Осындай іс-шаралар алдағы 5 жылда мұнай өндіруді 200 мың тоннаға, ал тауар­­лық газды өткізуді жыл сайын 700 млн текше метрге ұлғай­туға мүм­кіндік береді», дейді А.Хасенов.

Кәсіпорынның жыл сайын мол мұнай өндіруіне әр мұнайшы үлес қосып жүр. Солардың қатарында мұнай-газ өндіру операторы Ерлан Тәжіғұлов та бар. Ол еңбек жолын 1996 жылы «Қайнармұнайгаз» басқармасында бастаған.

«Содан бері аталған басқар­ма­дағы бірнеше кен орнында жұмыс істедім. 2001 жылы Б.Жоламанов кен орнында, 2005 жылы Кенбай кен алаңында қабат қысымын сақтау операторы болған едім. Ал 2006 жылдан бері Уәз және Қонды­бай кен алаңдарында мұ­най-газ өндіру операторы мін­детін атқарып келемін. Уәз кен орнына алғаш келгенімде, мұнда төрт ұңғыма ғана мұнай беріп тұрды. Қазір сондай ұңғыманың саны 77-ге жетті. Күн сайын ұңғымалардың, топтық өлшеу құралдарының жұмысын тексеремін», дейді ол.

Оның айтуынша, Қызылқоға ауданындағы Уәз кен орнында 2016 жылы «Интеллектуалды кен орны» жобасы іске қосылған. Мұнайшыларға интеллектуалды кен орнынан басқару пультіне ұңғымалар мен мұнай өндіру жө­нін­дегі ақпаратты жедел жіберу үшін планшет берілген.

«Біріншіден, интеллектуалды кен орнындағы әр ұңғыманың дерегі үздіксіз өңделеді. Екіншіден, жедел бақылау жүргізіледі. Үшін­шіден, шұғыл шешімдер қабылдау үшін ақпараттарға мониторинг жасалады», дейді Е.Тәжіғұлов.

Өндіріс өрісін өркендеткен «Ембімұнайгаз» АҚ геологтері дерек­терді тіркейтін инно­ва­циялық сымсыз жүйені қол­дана бастады. Гео­логия және бар­лау департа­менті­нің директоры Айбын Рамазан­ның дерегіне қара­ған­да, Исатай ауданындағы Гран кен орнында іске асырылып жатқан STRYDE жүйесінде әлем­дегі ең ықшам әрі өте жеңіл автоном­ды қабылдағыштар бар. Құрыл­ғының салмағы – 150 грамм. 

«Бұл қабылдағыштар ауа райының кез келген құбылысына, тіпті экстремалды температураға да шыдайды. Оны 28 тәулік бойы қуаттамай, қолдана беруге болады. Деректерді үздіксіз тіркейді. Жан-жақты талданған, сапалы ақпарат алуға төрт сағат қана керек. Ең бастысы, сейсмикалық барлау дерегін жинау мен өңдеуге енгізудің жеделдігін айтарлық­­тай арттырады. Бір маман өзімен бір­ге 90 қабылдағышты алып жүріп, қондыра алады. Аталған жүйе жоғары тығыздықтағы бақы­лау желісін орналастыруды жеңіл­детеді», дейді А.Рамазан.

Оның мәліметіне сүйенсек, биыл бұл жобаның дала жұ­мыстарын атқаруға 18 адам тартылыпты. Бұл кәбілді жүйе­мен салыстырғанда 4-5 есеге кем. Ал тиімділік 4 есеге артады. Сон­дай-ақ техникаларды қолдану бұрын­ғыдан – 80, дала жұмысын атқару уақыты орта есеппен 30 пайызға қысқарады.

«Кәсіпорын тарапынан аталған жобаны іске асыру үшін қаржы бөлінген жоқ. Бұл – инновациялық технология. Сондықтан жоба «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығынан ғылыми-техникалық жобаларға арналған қаржысы есебінен жүргізіліп жатыр. Оған шамамен 200 млн теңге бөлінген», дейді А.Рамазан.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see115

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see106

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары