Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Наршаның сөзі баршаның сөзі

Наршаның сөзі баршаның сөзі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өткен жылы курстастар Алматыда бас қосып, университет бітіргеніміздің елу жылдығын дүркіретіп атадық. Қаланың сыртында, тау өзенінің жағасындағы кең коттеджде түннің бір уағына дейін дуылдасып, жылдар бойы көкіректе қордаланған сағынышты ақтардық, естеліктің тиегін ағыттық. Сол түнде ауызға алынған есімнің бірі – Нарша.

Жоқ менің бір өзіңнен басқа арманым,

Жолым болмай, жанарға жас қармадым.

Осымен төртінші рет басып тұрмын,

Қасиетті төріңнің баспалдағын.

Болса да нұрлы арман толған ішім,

Осымен төртінші рет толғанысым.

Ер кезегі деуші еді үшке дейін,

Мен үшін төртке дейін болғаны шын.

Жақсылықты алдынан кім күтпеген,

Мен де солай бұл жолмен жүріп келем.

Осымен төртінші рет тар кеудемде,

Таласып тұр көп күдік үмітпенен.

Жатады сенде жанып бағы көптің,

Көп үміт жұлдыздай боп ағып өттің.

Шын бақыт көп күттіріп келер, бәлкім,

Сенімімді арқалап тағы жеттім.

Осы жолда таныдым өзім көпті,

Осы жолда көп жайға көзім жетті.

Абитуриент болып мен аз жүргем жоқ,

Енді студент болатын кезім жетті.

Соңында «1970 жыл, тамыз» деп көрсе­тілген бұл өлең – университеттің жур­на­листика факультетінің  абитуриенті На­рша Қашағановтың әдебиет пәні­нен жазған шығарма жұмысының кіріспесі...

Өзі сонша жыл армандаған, сонша жыл тынбай ұмтылған университеті­не осылай қол жеткізген еді. Арман еткен Алматыны, қазақтың сол кездегі жалғыз университетін Наршаның қадірлегені, қастерлегені сондай, факультетте өте-мөте ұзақ оқыды... Өзін түкке тұрмайтын қателік үшін қайта-қайта оқудан шығарып жіберетін, бір-екі жыл сенделтіп барып, әрең дегенде  сырттайға қабылдайтын, оның өзін ауық-ауық үздіртіп тастайтын  тым талапшыл  ұстазына да бәрібір өкпе сақтамайды ақынның кең жүрегі. Қайта сол жылдары жастық шағын ұзартуға септескендей сөйлейді.  

Мыңдар сыйған құшағыңа сыя алмай,

«Әлі оқып жүрмін» деуге ұялмай.

Сенен кетсем, жастық шақтан кетердей,

Жүрдім сені жылдар бойы қия алмай.

Арманшылдау болсам керек туасы,

Азаматтың сол ма бірақ кінәсі.

Жастығымды создым қолдан келгенше,

Сыралғы ұям, сенсің соның куәсі.

Наршаның ең жақсы көретін, жүре­­гіне ең жақын тұтатын ақыны Тұманбай еді. Оның ақындық өрнегі ең алдымен Тұманбайдың әсер-ықпалымен қалыптасқаны екі өлеңінің бірінен сезіліп тұрады. Тұманбай мен Нарша жырларына ортақ басты қасиет – асыл адамгершілік, жүрек жомарттығы, жан дарқандығы, көңіл тазалығы өріліп жатады  өлеңдерінде. 

Қайтерсің, сөйткен Нарша, о бас­тан сері болып жаратылған, мерекеге, берекеге жаралған қайран Нарша қиындықты да көрудей-ақ көрді. Ерман Әбдиевтің «Нәкең біраз жыл жұмыссыз жүрді» дейтін бір сөйлемінің салмағы қандай ауыр десеңізші. Біраз жыл тұрмақ, біраз ай жұмыссыз қалудың өзі  талайдың сағын сындырып, жігерін жүнжітіп жібермей ме? Аудан мен аудан бірігіп, шаруашылық пен шаруашы­лық қосылып, шат-шәлекейі шығып жат­қан сол бір жылдардағы жұмыс тапқан тұсында да күн сайын Ақкөлден Қара­тауға қатынап істеу жанып жеп-ақ таста­ғаны талассыз ғой. Сондай-сондай сергелдеңде ашынып, ашылып жазған өлеңдеріне де түсіністікпен қараған жөн.

Өмір, маған жылытпадың жүзіңді,

Көбейттің тек көкіректе қыжылды.

Сайрай-сайрай қызыл тілім қырқылды,

Қайрай-қайрай маржан тісім мүжілді.

Дәл мендей-ақ болсын саған құштар жан,

Жерде жүріп қосушы едім құстарға ән.

Күннен күнге келем енді кетіліп,

Темекідей тарта-тарта қысқарған.

Жүз арманның біріне де жеткем жоқ,

Қаза болды қанша күндер тектен-тек.

Бір адамдай сүйіп едім мен сені,

Білмедің ғой, өмір, саған өкпем көп.

Нарша жайында жазғанда оның өзін сөйлете бергің келеді.

Ақын жырының шынайылығы айта қаларлықтай. Ол өлеңнен ештеңені жасырған емес. «Алматының вокзалы» деген өлеңінің кей жолдарын келтіріп көрейік.  

Жылжығанда көк вагондар тізіліп,

Жылай жаздап, жылы өңі бұзылып,

Қалушы еді мен кеткен сайын қалқаның

Жүйкесінің жүз талшығы үзіліп.

Менің дағы ішім морып сол шақта,

Ерік бере жаздап мөлдір моншаққа,

Сезім, ойым сенде қалып, құр сүлдем

Кете барар еді аттанып алшаққа.

Кейін қанша атып таңым, батты күн,

Сағындым сол сезім толы сәтті мың.

Сапарым саған тірелген сайын жанымды

Әлі күнге тербетеді тәтті мұң!

Ол ешқашан өлеңді газетке жариялануын ойлап, кітапқа басылуын жоспарлап жазбаған. Тіпті талайға дейін кітап шығаруға ұмтылған да емес.  Нарша жыр­ларының авторлығына әдеттегі әдебиеттің «лирикалық кейіпкер» дейтін көзімен қараудың ыңғайы келе бермейді. Адам Нарша мен ақын Наршаның арасынан айырма табу қиын. Өлеңдеріндегі көңіл күйдің бәрі оның өзінің өзегінен өткен, жүрегіне жеткен. Ол өлеңге кәсіп күйінде қарай алмай-ақ кетті ақыры.

Ақынның «Екеуміздің Алматы еді...», «Менен гөрі артық көрдің басқаны», «Кездесудің керегі жоқ», «Жан екенсің», «Сені ойлаймын», «Ұмыта алмайсың мені» сияқты өлеңдері жан-жүректің небір нәзік талшықтарын қозғап жіберетін, сезіміңді сілкінтіп, ойыңды оятатын, соншалықты табиғи, қарапайым жырлар.  Қарапайымдылық – Нарша жырының кемшілігі емес, ерекшелігі, тіпті артықшылығы. Оның қарапайымдылығы ешқашан қарабайырлықпен қоңсы қонбайды. Жалпы, Нарша өлеңдеріне сәл басқашалау көзбен қарау керек. Ақын жырларындағы ауық-ауық бой көрсетіп қалатын дидактикалық сарын, ара-тұра табылып тұратын публицизм белгілері зерделей қараған адамға бір қызғылықты құбылыс. Бұл Нарша Қашағанұлының өзі өскен, қызмет еткен өңірдегі бөлекше миссиясына да тиесілі жай. Иә, ол өзі өскен өлкенің өлең мінбері болған деудің де еш артығы жоқ. Көсемәлі Сәттібайұлының Нарша ағасы туралы мақаласының «Таластың таңдайы» деп аталатыны содан.

Наршаның алқалы топта қалың елдің атынан сөз бастайтынын, ауыз ашқаннан-ақ жұртты ұйытып тастайтынын өзім де көрдім. 2001 жылдың жазында  Әбіш Кекілбаев (ол кезде Мемлекеттік хатшы) Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын аралады, өңірлердегі істің жайымен танысты. Мені жанына ерте кетті. «Егемен Қазақстанға» барғаныма жарты жылдан жаңа асқан еді. Жамбыл жеріндегі жолымыз түскен аз ауданның бірі – Таластағы кездесуді Нарша ашты. Салған беттен көркем сөзбен кестелеп, Әбіштей асылды аспандатып алып кетіп еді сонда. Елге келгенде Шерхан Мұртазаға, Фариза Оңғарсыноваға, Мырзатай Жолдасбековке, Тоқтар Әубәкіровке құтты қадам тілеген жырлары, сондай-ақ Жамбыл жерінде, Талас елінде қалдырған ізгі ізі, ойып алған орны бар Ізбасар Балтағұлов, Сейілбек Әбдіұлы, Ералы Дадабаев, Айтбай Назарбеков, Берден Байқошқаров, Әкім Садықбеков, Болат Бекжанов сияқты азаматтарға  арнаған өлеңдері жақсының жақсылығын жеріне жеткізе, өзгеше өрелілігін өзектен өткізе айтудың  айшықты үлгілері. Ақын ұстаздарын да, тұстастарын да қатты қадірлей білетін. Оның елге тарап кеткен суырыпсалма сөздерінен, қағытпа қалжыңдарынан құрастырылған «Нарша деген...» атты жинақтан бір үзік келтірейік: «Нарша кейде дос-ағасы Жанғара Дәдебаев туралы әзілдеп бір әңгіме айта бастаса, інілері сәл келіспеушілік танытып қалатын көрінеді. Мұндай кезде Нарша: «Жанғара көкелеріңді мінезі жібектей адамдардың қатарына қоса салуға болмайды. Ол Арыстан ғой! Оның орны ірі адамдардың алдыңғы тізімінде...» деп қояды екен». Жанғараның кітаптарын оқығандар бұл бағамен келіседі.

Наршаның қаламгерлігі осындай болғанда қайраткерлігі қандай деңіз? Бізде қайраткерлікті негізінен лауазымды қызмет атқарумен байланыстыра беретін ұғым да бар. Ал Наршаның бұл жағынан шырқап шыққан жері – аудандық музейдің директорлығы, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы. Оның өзі де Берден Байқошқаров, Ералы Дадабаев, Батырбек Құлекеев сияқты кең көңілді, қазақы мінезді, даладай дарқан басшылардың азамат ақынның еркін жанын түсінуінің, өрлігін, серілігін бағалауының арқасы болса керек.

Талас ауданының құрметті азаматы атанған Нарша Қашағанұлының қайраткерлігі өңір өміріне белсене араласуынан, елдік істерге дәйім қатысуынан, жұртшылықты бірлікке шақырып, тірлікке үндеуінен де танылады.  Ол дәйім елдік мұраттарды алға тарта сөйледі, жақсыны жақсы деді, тапшыны тапшы деді, сонысымен біреуге жақты, біреуге жақпады, әйтсе де ел-жұрты сөзіне құлақ түрді, әр тауып айтқанын ауыздан-ауызға таратып әкетіп жатты. «Наршаның сөзі – баршаның сөзі» дегенді бүкіл Талас жұрты білетін.

Ақынның «Өлеңге менің дағы бар таласым», «Елде тұрам», «Жақсылық жаса адамға» деген жыр жинақтарындағы өлеңдеріне жазылған «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама», «Хат жазып тұр», «Жақсылық жаса» әндері теледидардан да, радиодан да талай орындалды, сахнадан да шырқалды. Ал  «Қасиеттім, киелім, Сүйенерім, сүйерім. Алаламай бәріңді, Алдыңда бас иемін, Рақмет саған, туған ел!» деп толғайтын ән атақты «МузАрт» тобының репертуарынан түспей келеді.

Арамызда жүрсе дәл осы күндері жетпістің бесеуіне келетін досымыз Наршаның өмірі – бақытты өмір. Жазарын жазды. Айтарын айтты. Елде жүрді. Еркін жүрді. Еркелеп жүрді. Ол кезде ердің еркелігін көтеретін елдік мінез, қазақы кеңдік кетіле қоймаған-ды. Бұл да ақынның бір бағы. Оған да шүкір.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ 

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары