Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алексей Лодочников: Абайдың сөзі ұраныма айналды

Алексей Лодочников: Абайдың сөзі ұраныма айналды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алексей Ертіс бойындағы қалың қазақтың арасында, Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы балалар үйінде өскен жігіт. Жүрегі «қазағым» деп соғады. Халқымыздың ән-күйін домбырамен ойнауы да бір бөлек. 

Ол 6 жасқа толғанда ұстаздарының кеңесімен дарынды балаларға арналған музыкалық мектепке оқуға түсіп, «Дәстүрлі ән және домбырада ойнау» мамандығын игеріп шықты. Бүгінде Алексей Instagram мен TikTok желілерінде танымал блогерге айналған.

— Қазақ руханиятына, менталитетіне жақын болуымның себебі балалар үйінде қазақ тобында тәрбиелендім. Ортамның барлығы қазақша сөйлемесе де, қазақ апайларымның пайдасы тиген болар деп ойлаймын. Қазақы тәрбиенің нәтижесі болар, есейе келе араласатын жолдастарымның барлығы қазақ болды. Домбыра үйреткен алғашқы ұстазым Асхат Еркебұланов, одан кейін жол көрсеткен Медғат Манапов, Амангелді Қожанов, Жанболат Байсолтан сияқты ағаларыма алғысым шексіз. Мені шетсіз-шексіз қазақ ән-күй өнеріне жетеледі. Маған домбырамен ән айту бала кезімнен ерекше ұнайтын, бұл өнерімді әлі күнге жетілдірумен келемін, — дейді блогер. 

Ол бүгінде уақытының көп бөлігін еліміздегі балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің шығармашылығын дамытуға арнап келеді. Былтыр «Жұлдыз болғым келеді» атты республикалық жобаны қолға алды. Бұл балалар үйлеріндегі жас таланттарға арналған.

Өткен жылы алғаш рет вокал өнері бойынша байқау өтіп, Астанада болған финалдық кезеңге еліміздің әр түпкірінен 40 бала жиналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Дубай қаласына жолдама, қымбат ұялы телефондар мен макбуктер сыйға тартылды. Жеткіншектердің қандай әсерлі сезімде болғанын айтып жеткізуге келмес.

Алғашқы сайыс нәтижелі өткенін байқаған Алексей биыл хореография бағытындағы жас өрендерді сынап көрмекке бел буды. Оның финалында елордаға 100-ден астам бала жиналады деп күтіліп отыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОНКУРСНЫЙ ПРОЕКТ (@zhuldyzbolgymkeledi_konkurs)

— Қазақ тілін жетік меңгергенім өзім үшін, бірақ оны желеу етіп қызмет сұрап көрген емеспін. Отанымызға пайдамыз тисін десек, оны іспен дәлелдеуіміз керек. Сөздің шыны керек, кейде кейбір қазақ азаматтарының өз ана тілін білмейтінін көргенде, жаным ашиды. Бұл кемшілік емес, өскен ортасы сондай. Бірақ ынта болса, барлығын лезде үйренуге болады деп ойлаймын. Ал өзің өсіп-өніп отырған мемлекеттің ана тіліне құрмет көрсету — ортақ міндетіміз! Шеттен келіп, еліміздің керегесін кеңейтіп жатқандарға қатысты да солай айтар едім. Мемлекеттік тілді білу — әрбір азаматтың парызы, — деп жалғады сөзін.

Қазіргі уақытта Алексей әлеуметтік желідегі блогын күнделікті жүргізеді. Бір ғана Instagram парақшасында 370 мыңнан астам оқырманы бар. Күнделікті түсіретін роликтерінің дені әзіл-оспаққа арналғанымен, қоғамдағы кейбір өткір мәселелерді көрсетуге тырысады.

— Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деген дана сөзі бар. Бұл менің өмірдегі басты ұраныма айналды. Күнделікті өмірде де, желіде де қарапайым болуға тырысамын. Кейбір адамдар менің роликтерімді ата-әжелер жиі көретінін айтады. Мен үшін бұл — мақтаныш. Себебі олар арқылы немерелері де тамашалайды деген сөз. Ал үлкендерді сыйлау, құрмет көрсетудің не екенін жақсы білемін. Бұл — мен үшін өмірлік мектеп, — деп тәмамдады сөзін.

Осылайша Ертіс бойында жетілген сары бала бүгінде Астана қаласында жемісті еңбек етіп жүр. Алексейдің ойға алған бастамалары сәтімен өріле берсін деп тілейміз. 

Бұған дейін Instagram-дағы бір видео павлодарлық жетім қыздың тағдырын қалай өзгерткені туралы жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:251
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 14:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары